Лавров: Санкциялар Ресейдің Украина бойынша ұстанымын өзгерте алмайды

Лавров: Санкциялар Ресейдің Украина бойынша ұстанымын өзгерте алмайды

Сергей Лавров. ©Tengrinews.kz
Батыстың санкцияларының әсерінен Ресей өзінің Украинаға қатысты ұстанымын өзгертпейді. Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды "Газета.Ru". "Біз көзқарасымызды өзгерткелі жатқан жоқпыз. Ұстанымымыз әділ деп есептейміз. Біз бәрінен бұрын украин халқы туралы ойлаймыз", - деді Лавров. Ол санкциялар жөнінде мүлдем алаңдамайтынын айтты. "Біз, әрине, оны бастан өткереміз. Сонымен бірге, берілмейміз де, бұған сізді сендіргім келеді", - деді Сыртқы істер министрі. Бұған дейін Сергей Лавров Ресейдің АҚШ-пен тек спортта ғана бәсекелесетінін мәлімдеген болатын.  tengrinews.kz