Мұхтар Әбіләзовтің ісі бойынша шешім 6 қазанда шығарылады

Француздың Лион қаласының соты бейсенбі күні, 25 қыркүйекте БТА-банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовті экстрадациялау мәселесі бойынша тыңдау өткізді.

Мұхтар Әбіләзовтің ісі бойынша шешім 6 қазанда шығарылады Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлайды. Қудалау шарасын өзгерту мәселесі бойынша сот шешімі 6 қазанда шығарылмақ. Франс-Пресстің атап өтуінше, Мұхтар Әбіләзов электронды браслет тағып жүруді көздейтін ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге келісіп, 100 мың еуро көлемінде кепіл төлеуді ұсынған. Бұдан бұрын Экс-ан-Прованс қаласының соты Әбіләзовті эстрадациялау мәселесін алғашқы қараған кезде оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатудан бас тартқан болатын. Еске сала кетейік, 9 сәуірде Францияның жоғарғы инстанцияда тұрған кассациялық соты экс-банкир Мұхтар Әбіләзовті экстрадациялаудан бас тартып, істі қайта қарау үшін Лионға берген болатын. Оның өзі де Лион қаласының түрмесіне ауыстырылған еді. Мұхтар Әбіләзов 2013 жылғы 31 шілдеде Францияның оңтүстігінде тұтқындалған болатын.
Источник: NUR.KZ