Тоқаев орта кәсіби білімді екінші сортқа жатқызбауға шақырды

Орта кәсіби білімге екінші сортты деп қарайтын қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Бүгін Сенатта ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті.

Тоқаев орта кәсіби білімді екінші сортқа жатқызбауға шақырды

"Біздің алдымызда орта кәсіби білім беруге екінші сортты білім деп қарайтын қоғамның қатып қалған көзқарасын өзгерту міндеті тұр. Біздің кәсіби білім беру жүйеміз қазақстандық жастарды өмірдің прагматикалық қадамдарына бағдарлауы керек, оларды міндетті түрде білім мен дағдыға ынталандыруы тиіс", - деді Сенаттөрағасы конференцияны ашу барысында.

Оның айтуынша, дамыған кәсіби білім жұмыссыздықпен күрестегі аса маңызды тиімді шара болып табылады. "Сондықтан да, филолог, дипломат пен заңгер дипломымен жұмыссыз отырғаннан гөрі техникалық мамандық алып, еңбек нарығында сұранысқа ие болу, қаражат табу маңызды екенін жастар түсінулері керек", - деді Тоқаев. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықты 30 пайызының ғана кәсіптік білімі бар. "Ал 32 пайызы жоғары оқу орнын бітірген болса, 38 пайыздан астамы мектептен кейін білімдерін мүлдем жетілдірмеген", - деді спикер Тоқаев

Источник: ИА "Казинформ"