Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Жазушылардың жалаң мақтауы жеке басқа табынушылықты күшейтеді…

4
5190

ДРАМАТУРГИЯ – ТӨБЕСІНЕН ТОҚПАҚ КЕТПЕГЕН ЖАНР

 

Аға, драматургиядағы дара дүл­дүл­дердің бірісіз. Жалпы дра­матургия бү­гінгі қоғам талабын қан­шалықты орындап келеді… 

Драматургия – өте керек жанр. Бүгінде режиссерлер бұқара­лық ақпарат құралдарынан сөйлей қалса болғаны, қазақта драматургия жоқ дегенді айтады. Шын мәнінде сол сын айтқыштардың өздері ешнәр­се оқымайды. Барды жарқыратып көрсете алмайды. Мұнымен қоймай, айдаладағы біреуді құлағынан жетектеп Алматыға әкеледі.

Драматургия деген төбесінен тоқпақ кетпеген жанр. Жалғыз бізде емес, өзге елдерде де осындай. Мәселен, орыстар Гоголь, Островский, Чеховтардың кезінде де драматургия жоқ деді. Қазір де қаптаған драмтургтері бола тұра осындай пікірде. Сын айтатындай жөні де бар. Өйткені Әлжаппар Әбішев, Қалтай Мұхамеджанов, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов сынды дарынды драматургтер бүгінде жоқ. Қазір драматургтердің өзі саусақпен санарлықтай. Олар Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Сұлтанәлі Балғабаев Шахимардан Құсайынов, Тынымбай Нұрмағамбетов, Исраил Сапарбай, Иранғайып т.б. Басыбайлы драматургиямен айналысып жүргендер аз.

Өздерің көріп жүргендей, соңғы кезде драматургияға көп көңіл бөліп жүргенім бар. Бірақ бұл драматургияның үңірейіп тұрған тесігін бекітейін деген ой емес. Прозаға қалам тартуды да армандаймын. Дегенмен, драматургия жауынгер жанр болғандықтан тиімді. Бұл салада қандай да бір пьеса жазсаң, уақыт оздырмай, көрерменмен қауышуға қол жеткізесің. Ал, роман жазсаң, ол оқырманға жетемін дегенше арада біраз уақыт өтеді. Оның үстіне қазір кітаптың таралымын көбейту де қиын. Драматургия бүгінгі қоғам талабын жүз пайызға орындамаса да, шама-шарқынша қоғам үшін қызмет етіп келе жатқан жайы бар.

Драматургияға дендеп бет бұрдыңыз. Шығармашылығыңыздағы соңғы жаңалықтармен бөліссеңіз…

Жақында «Жаужүрек» атты пьесам Солтүстік Қазақстан мемлекеттік театрында қойылды. Бұл пьеса былтырғы жылы республикалық конкурстан бірінші орын алған еді. Жалпы өзім драматургия саласында бар-жоғы бес конкурсқа қатыссам, бесеуінде де бірінші орынды иемденіппін.

Алдағы уақытта «Жаужүрек» пьесасы еліміздің басқа да театрларында қойылатын болады.

 Аға, осы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұсынысымен жазған пьесаңыздан кейін, сізді «Ассамблеяның мұңын мұңдап кетті» дегендер де табылды. Ұсыныс қалай болып еді? Оқырмандарымызға тарқатып айтып берсеңіз…

Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде Ұлттар театры ашылғаны белгілі. Аталған театрдан маған Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың бірлігі, достығы турасында пьеса жазу туралы ұсыныс болды. Бірден қабылдай қойған жоқпын, әрине. «Сіздің шығармаңызбен тұңғыш рет сахна шымылдығын түрейік» деп қайта-қайта қолқа салғасын, ойлана келе, келістім.

Сөйтіп, елімізде ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тағдырына тереңірек үңілуді жөн санадым. «Осылар шын мәнінде Қазақстанды Отаным дей ме, жоқ әлде тықыр таянса тайып тұра ма? Бұлар Отаны үшін не істеп жатыр?» деген сауалдарға жауап іздеуге тырыстым. Шығарманың кілті табылып, «Бақыт құсы» атты пьесаны жазып шықтым. Жақында ғана Астанадағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Ұлттар театры қазақ, орыс және кәріс актерлары осы пьесаның қойылымын өткізді. Қойылымға Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, бірқатар депутаттар қатысты. Осыдан кейін, «Дулат Исабеков Ассамблеяның жырын жырлап кетті» деген қаңқу сөзді де құлағым шалды. Кім не айтса да, өзі білсін. Маған театр керек. Кімнің театры болады – ол маңызды емес.

Осы тұста бір нәрсені айтқым келеді. Бұл ұранға құрылған пьеса емес. Мен ондай шығарманы жазбас та едім.

Шығарманың мазмұнына үңілер болсақ, онда Карл деген шал айтады: «Мен кеше ордендерімді тағып, скверде демалып отырсам 3-4 жігіт келді. Сәл ішіңкіреп алған. Ордендермді шұқылап көре бастады. «Мынаны сен қандай еңбектерің үшін алдың?» – деп мысқылдады. Бір орденімді қолына алып: «Мына орденді капитализмді жойып, социализмді орнатқаның үшін алдың ғой. Ал мынау ше? Бұны социализмді жойып, қайтадан каптиализмді орнатқаның үшін алған шығарсың. Барлық тірлікті бастап-бастап аяғына дейін жеткізбеген біздің қара нар ардгерлеріміз-ай, – деп келеке қылды. Осыларда отан деген ұғым бар ма? Біз ғой, отан үшін от кештік, қара нан, қара сумен жүрсек те отанымызға пайдамызды тигізуге тырыстық. Ал бұларда отан деген ұғым жоқ сияқты» – дегенде, Григорий тұрып: «Сендер ескіше ойлайсыңдар, ол жастардікі де дұрыс шығар. Олар қазір пікірін жасырмай ашық айтады. Қазір оларда отан бар ма? Сонда біреуі айтыпты дейді: «Отан сендерде жоқ дегенде, сіз қай отанды айтып отырсыз? Баяғыда Отан болатын. Ал қазір біз қандай Отанды қорғауымыз керек? Жердің бәрін латифундистер бөліп алды. Қазір завод, фабрика бәрі де шетелдіктердің қолында. Енді оларда шаруамыз жоқ, олар бізді маңына да жолатпайды. Сонда біз қай отанды қорғауымыз керек? Елді қырып салса да, жұрт осы Сталинді неге жақсы көрді? Ұлы Отан соғысында неге танкінің астына түсті? Мұның бәрін сендер білесіңдер ме? Білмесеңдер мен айтайын. Сталиннің баласы қан майданда қатардағы солдат болып соғысқа қатысты. Ал қазір қатардағы солдаттар арасынан аудан әкімінің болмаса, бір министрдің баласын таба алмайсың. Сонда Отанды сүю тек кедейлердің үлесіндегі нәрсе ме? – деген сөздер бар еді. Ассамблея өкілдері осындай қатты кеткен тұстарын күзегісі келгенде, мен билік өкілдерінің әскерде орын алатын осындай әділетсіздікті білгені дұрыс дедім. Меніңше көркем шығарманы жазғанда қоғамда орын алған осындай келеңсіздіктерді көрсетуіміз керек. Көбіне пьесаға көп бүйрегім бұратыны да осыдан.

 Маған тіпті Үлкен кісі туралы да пьеса жазу жайында ұсыныс болған. Бірақ ұсыныс жасады екен деп, кез-келгенін қабылдай беруге болмайды ғой.

Соңғы ұсынысты неге қабыл алмадыңыз?

Бұл жоғары жақтан жасалған үлкен тапсырыс еді. Мұндай тақырыпқа ойланбастан бара салуға болмайды. Бұған қорықпай баратын адамдар бар шығар. Бірақ оған менің жүрегім шыдамайды. Менің талантым премьер-министрдікіне дейін жетеді екен…

Кезінде Пушкин Петр І туралы, Михаил Булгаков Сталин, Максим Горький Ленин туралы шығармалар жазды. Бірақ көпшілігі өмірден өкініңкіреп өтті. Бірақ олар ешуақытта көркемдік дегенді ұмытқан емес. Ал, біздің ақын-жазушылар болса, жалаң мақтауға кетіп қалады. Сөйтіп, олардың жазған дүниелері бір күндік, бір сәттік болып шығады.

Осының бәрі жеке басқа табынуды қалыптастыратын, қала берді күшейтетін дүниелер. Қазір газетті ашып қалсаңыз тек бір адамға арналған туындыны оқисыз. 

Бір адамның аяғын жерге тигізбей мақтау бұл поэзия емес, поэзияны қорлау. Осы тақырыпта жазатындардың көпшілігінде үлкен дәме болары анық. Құдды бір отқа ұмтылған көбелектер сияқты. Бірақ олар өзінің ертең опынатынын білмейді. Бұл «тырнақтап жиған мал еді, етектеліп төгілдінің» кері. Бір ғана кісіні мақтау арқылы ешкім ұшпаққа шықпайды. Бұл дегеніңіз – өмір бойы тер төгіп жинаған шығармашылық қазынаңды лақ еткізіп төге салғанмен тең. Әдебиет – ардың ісі. Біз әдебиетті әуелі осылай әспеттеп аламыз да, сосын жылт еткен жылтырауыққа айырбастай саламыз. Бұл шығармашылық сатқындық. Осы бір жаман қасиеттен қолына қалам ұстаған ағайын аулақ болса екен.

 

ҚАЗІР ЖАЗУШЫНЫҢ ОЙЫ ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТ БОЛМАЙ ҚАЛДЫ

 

Дулат аға, бір сөзіңізде «Бүгінгі таңда қазақ жазушыларының ұлттық категория ретінде үнінің өшіп бара жатқанын халық та, биліктегілер де жақсы біледі», – деген едіңіз. Елдің жазушылар қауымының айтқанына құлақ аспайтындай күйге түсуіне не себеп?

Мұның бірнеше себебі бар. Совет өкіметінің кезінде жазушылар жасырын болса да, көп нәрсені айтты. Ол кезде жұрт қаламгерлердің сөзіне кәдімгідей құлақ асатын. Шама-шарқым келгенше мен де қоғамдағы өзекті деген мәселелерге үн қостым. Бүгінде жазған мақалаларым екі-үш том кітап болып қалды.

Ал қазір қазақ жазушыларының ұлттық категория ретінде үнінің өшіп бара жатқаны анық. Олардың өмірі есіктің алдындағы қабаған итке қатты ұқсайды. Ит үйге қонақ келсе, шынжырды үзіп кете жаздап арпылдап үреді. Кейін келетін адамдардың таусылмайтындығын білген соң, шаршап, жата салады. «Ит үреді, керуен көшеді» деген мақал осындайда айтылса керек. Жазушылар да өзінің дауысы естілмегесін, айтқандары елдің құлағына жетпегесін жазуды да қойды. Содан жазушының ойы қоғамға қажет болмай қалды. Яғни, біздің қоғам ақылды қажет етпейтін болды. Одан әрі не болатыны бір Аллаға аян.

Қазақта «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген жаман қарғыс бар. Сол айтпақшы халық өздері білмегенімен қоймай, білгеннің де тілін алмайтын болды. Демек, жұртың бәрі өзімбілермендікпен өмір сүреді. Бәріне өзінікі дұрыс болып көрінеді. Біздің қоғам «өзімдікі дұрыс» деп алға тартып бара жатыр. Бұл алға тарту ма, әлде кері кету ме, шаруасы жоқ.

Күні кеше арыстай азаматтарымыз атылып кетті. БАҚ арқылы мұны қолына қалам ұстаған ағайын жазудай-ақ жазды. Бірақ айтылды екен деп ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Сосын жұрт айтып жеккөрінішті болғанша, айтпай қоюды жөн санады. Сонымен қатар, жазушылардың басқа адамдар сияқты балалары, немерелері бар. Олар да ЖОО-да білім алып, қызметке араласуы керек. Өйткені біздің елде атасы қоғамның кемшін тұсын көрсетіп жатса, немересіне қырын қарайды. Сондықтан да, жазушылар ертеңгі күні немересінің алдында өзін кінәлі сезінгісі келмейді. Арпылдап айтуын айттық қой, енді тынышталайықшы деп қаламгерлер үнсіз қалды. Мен де қазір мақала жазуды қойдым. Жазыла-жазыла сөздің қадірі кетіп бара жатқан сияқты. Сосын өзімнің де қадірімді кетірмейін деген тоқтамға келдім. Дегенмен, әлі де айтып келеміз. Мүлдем айтпай қалуға тағы да болмайды.

 

Секталардың сайран салуына кінәлі – көңілшек билік…

 

 

«Шындығын айтайын, ең алдымен маған қазағым керек, ұлтым керек. Ұлтымды, дәстүрімді мойындамаған дін керек емес. Егер ұлтымды жоятын болса, дін маған неге керек? Қазағым қымбат, қалғаны содан кейін», – деген едіңіз, осы турасындағы пікіріңізді тарқата түссеңіз жөн болар еді. Өйткені қазір діннен адасқан бауырларымыз көбейіп кетті ғой…

Иә менің пікірім осы. Дін мемлекеттен бөлек. Бұл заң әлі өз күшінде. Бірақ қоғамның жағдайына, өміріне, дамуына түрлі саяси оқиғаларға байланысты дін мемлекетке қажет болды. Дін өкілдерінің халыққа ықпалы көп. Сондықтан саяси құрылымдарға, сайлауларға, науқандарға байланысты, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға мемлекет дін өкілдерінің ықпалын пайдаланды. Яғни біздің қоғамға діннен гөрі діни өкілдер қажет болды. Қазақстан дін мемлекеттен бөлек деген үрдісті қабылдағанымен, қазір дін мен мемлекет егіз болып кетті.

Кезінде Ататүрік Түркия Европаның қақ ортасында тұрғандықтан дінді мемлекеттен бөліп тастады. Сөйтіп кәдімгі өркениетті зайырлы мемлекет болды. Осыдан кейін олар қуатты мемлекетке айналды. Ататүріктің түрік халқы үшін жасаған ең бір елеулі ісі осы болғандығын түркі халқы әлі күнге дейін айтып жүр.

Саясат дінге қажеті жоқ болуы мүмкін. Бірақ саясатты дін қажет етеді. Оның үстіне Қазақстан, әртүрлі секталардың алаңына айналып кетті. Қазір оларға әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Өйткені елімізде жат діни құрылымдар, ұйымдар секталар жұмысын өте белсенді жүргізіп келеді. Ал біздегі, дін өкілдерінің жат ағымдарға қарсы күресуе қауқары жетпейді. Әлі күнге дейін олар дәрменсіз. Молда, имамдарымыз құрғақ, дәмсіз уағыз айтудан әріге бармайды. Жалпы бізде дін саласында қордаланған мәселе жетерлік. Олардың бәрін тізбектей берсең құдды бір дін өкілдерін кінәлап жатқандай көрінесің. Бірақ айтпасаң тағы да болмайды. Бізде діни кітаптар жеткіліксіз. Тіпті жоқ десе де болады. Құран Кәрімнен өзге балаларға арналып, ұғынықты тілмен жазылған кітаптар шығаруды дін өкілдері неге қолға алмайды? Құран Кәрімді үлкендер оқығанмен, жасөспірімдер түсіне бермейді. Ал өзге діннің өкілдері болса, насихат жұмыстарын жақсы жүргізеді. Керек десеңіз апта сайын есігімізді қағып кітаптарын беріп кетеді. Исус Христостың, (Иса Масіхтың) өмірі жазылған ондай кітаптардың тілі өте жатық. «Жаңа өсиет» пен «Көне өсиет» те қазақ тіліне тамаша аударылды. Ашып қарағаннан кейін, аяғына дейін қалай оқып шыққаныңды да байқамай қаласың. Мұны, әрине, өзге дінге берілгендіктен емес, білу үшін оқисың.

Неге бізге қазақ тілінде Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өмірі туралы қарапайым тілмен кітап жазбасқа? Араб тілін араластырып шығарған кітапты көбісінің оқығысы келмейді….

Бұрын Қалмахан Әбдіқадіров «Мың бір түнді» қазақшалап, жатық тілмен жеткізе білген еді. Осындай кітаптар шығаруды қолға алу керек.

Мұндай ұсыныс жасай қалсаң, дін өкілдері қаржы жоқ дегенді алға тартады. Мешіттің өзінен ең құрығанда шағын кітапшалар шығаратын қаржы табылады ғой.

Елімізде діни секталардың сайран салуына кінәлі – өзіміздің көңілшектігіміз.

Кришнайдтарға құнарлы же­рімізді беріп қоямыз да, өзіміз жер үшін көтеріліп жатамыз. Ал, оларға тиер болсаң, бүкіл дүниежүзіне жар салады. Тіпті БҰҰ-ға дейін барады.

Бүгінгі күні жастарымыз үл­кендерге қарағанда мешітке көбірек баратынына қуанам. Имандылыққа жастайынан бет бұрғанына сүй­сінем. Таза жүретін шығар, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстайтын шығар деп. Дегенмен осындай жастардың көпшілігінде формализм бар сияқты. Мешітке барып намаз оқып шықтық, Құдай істеген күнәміздің бәрін кешірді деген тоқмейілсу бар сияқты. Сөйтіп одан әрі қарай әркім өз тіршілігін жалғастырып кететін сияқты. Өсекшілер өсегін айтып, алаяқтар арамы ісімен айналысуды.

Мен бұған дейін қазағым қымбат десем әлі де сол пікірдемін. Өзіміздің қаракөз қандастарымыз өзінің мұсылман екендігін ескеріп, ислам дінінің қағидасымен жүріп-тұратын болса, мен,әрине, қуанамын. Бірақ олар мұсылмандық жолмен жүрдім деп, қазақтың салт-дәстүрін, өлең-жырынан мақұрым болатын болса, мен оларды құрметтеймін деп айта алмаймын. Мұндай жағдайда олардың кез-келген мұсылман дінін қабылдаған адамнан айырмашылығы болмайтыны анық. Мысалы, шетелдік Майк Тайсон, Мұхаммед Әлилер мұсылман дінін қабылдағанмен, араб мәдениетін қабылдаған жоқ қой. Егер де күнделікті күйбең тіршілікпен мұсылманның парызын толығымен орындай алмай бір қазақ жүр делік. Бірақ ол башпайынан бастап, құйқа тамырына дейін қазақ болса, әрине мен үшін сол қазағым қымбат. Маған Арабияда оқып келдім деп, бойына араб мәдениетін сіңірген қазақтан гөрі, Абайды, Бұхарды, Алпамысты білетін, ән-күйім мен жыр-дастанымды тыңдайтын, әрі сыйлайтын қазағым қымбат.

Ислам дінін ұстандым екен деп, салт-дәстүрімді мойындамайтын қазақтарға бас ұра алмаймын. Елдің бәрі ислам дінін ұстанып, бірақ бір түйір қазақша білмейтін болса, жер бетінен ұлтымды жоятын болса, маған ол діннің қажеті қанша?! Маған өз дінім өзімді, ұлтымды қорғайтындай дін болуы керек. Ұлттың басын біріктіру керек. Әу баста ислам діні мемлекеттің басын құрайтын, ұлттың басын біріктіретін үлкен философиялық категория ретінде қабылданған. Сондықтан да, ислам діні ұлтты қорғау үшін қызмет етуі тиіс.

– Аға, бүгінде бет-аузын бүркеніп жүретін аруларымыз көбейіп кетті. Қалай ойлайсыз, бұл қазақ қызына тән қасиет пе?

– Мен қазақ қыздарының араб әйелдері секілді киінгенін құптамаймын. Қазақ әйелі ешқашан бетін бүркеп жүрген емес. Керек болса, ел басына күн туғанда, ерлермен бірдей жауға қарсы тұрған. Негізі біз дінді ұстанғанда ортасын ұстап тұра алмаймыз. Ары өтіп кетеміз, я болмаса бер жағында қалып қоямыз.

Бетті бүркеу деген түсініксіз нәрсе. Бетіңді мың жерден тұмшалағанмен, ішкі жан-дүниең таза болмаса, еткен құлшылығың бес тиын.

Кезінде Шыңғыс хан ислам дінін қабылдамаса да, өздерінің билеген жерінің дінін ұстануды балаларына өсиет етті.

«Ислам дінінде Аллаға қай жерде отырып сыйынсаң да қабыл етеді, делінеді де, Мекке-Мәдинеге барып құлшылық етуді тағы да парыз етеді», – деп Шыңғысхан мұны діндегі қайшылық ретінде топшылайды.

Бізде қазір дін жолына бет бұрған жастар араб тілін үйреніп, сол тілдегі сүре, дұғаларды жаттап алуға тырысып жүр. Мұны дұрыс делік. Бірақ кейбірі шын мәнінде оның мән-мағынасын түсінбейді.

Бүгінде кейбіріміз ислам дінін ұстануды араб мәдениетін бойға сіңіру деп түсініп жүрміз. Тіліміз де араб тіліне қарай ойысып бара жатқан жайы бар. Мәселен біз ғасырлар бойы Алла деп келіп, қазір Аллаһ дейтінді шығардық. Осы уақытқа дейін біз орыстарға неге Алла деп айтпайсыңдар деп сын айтып келдік. Енді келіп өзіміз Аллаһ деп жүрміз. Аллаһ деген түптеп келгенде арабтың сөзі. Осылай кете беретін болсақ, бір күні кітапті китабун дейтін шығармыз.

Бір ескеретін нәрсе – араб мәдениеті мен қазақ мәдениеті салыстыруға келмейді. Қазақ мә­дениеті әлдеқайда күрделі, әлде­қайда бай. Ислам дінін ұстану – араб мәдениетін қабылдау емес. Біз осыны ұғынуымыз керек. Әр мемлекет, әр ұлт, ислам дінін қабылдағанда өзінің ыңғайына қарай қабылдауы тиіс. Мәселен өлік шыққан үйден дәм татуға болмайды, өлікті сақтауға болмайды деген ұғымдардың барлығы біздің салт-дәстүрімізге жат нәрсе. Сонда қайтыс болған адамның үйіне келетіндер бірнеше күн жол жүріп келіп, ол үйден қалайша дәм татпайды. Мұның бәрі түсініксіз. Әр дін ұлтқа қызмет етуі тиіс. Дінді әр ұлт өзінің сат-дәстүріне сәйкес ұстай білгенде ғана дін мен сенім жарасым табады.

 

Айтыс – дұрыс.

Бірақ жаппай айтысып,   білімді жинап қоюға    болмайды…

 

– Сіздіңше халыққа рухани нәр бе­ріп келген, төл өнеріміз – айтыс­тың жабылып қалуына нендей себеп болды?

– Білетін болсаңыз, спортта кросс деген жарыс бар. Бұл жарысқа бала-шаға, кемпір-шал демей барлығы қатыса береді. Біз айтысты дәл осы кросқа айналдырып жібердік. Яғни, айтыстың қадірін қашырып жібердік. Айтыс өзінің энциклопедиялық ұғымын жоғалтып алды. Неге десеңіз, айтыс десе, жаттанды ақындардың делебесі қозатын болды. Олар тек басшыларды мақтаудан аса алмайды. Одан қалса, айтыс бала-шағаның ермегіне айналып кетті. Тіпті ауыл мен ауыл, мектеп пен мектеп, аудан мен аудан айтысатынды шығарды. Бүгінгідей нанотехнологияның заманында жастарды ғылымға тәрбиелеудің орнына, талас-тартысқа баулуға мен түбегейлі қарсымын. Бұрындары қазақтың баласы мал бағып, трактор айдап, қара жұмыстың жетегінде келді. Қазірдің өзінде тұрмыстық сфераның бар саласын еврейлер билеп отыр. Меніңше қазақтың балалары ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде азаннан-кешке дейін әләуләйліммен отыратын болса, ешқандай жетістікке жете алмайды. Бірде мектепке бас сұқсам, оқушылардың біразы сабақты жиып қойып, айтысқа дайындалып жүр. Оқушыларды айтысқа емес, оқу-білімге баулып, көштен кейін қалмауын ойлауымыз керек. Айтыс – төл өнеріміз. Оған дауым жоқ. Айтысқан да дұрыс. Бірақ жаппай айтысып кетуге болмайды ғой. Бұдан біз айтыстың бағасын түсіріп, арзандатып алатынымыз анық. Оның үстіне ұзын-сонар айтыс елді жалықтырып та жіберді.

– Сонда сіз айтысқа тұсау са­лын­ғаны дұрыс деп санайсыз ба?

– Жоқ, өтсін, бірақ, майдаланып кетпесе болды ғой…

– Аға, айтыстың жоғары дәрежеде өткізілмей қоюына жазу­шы­лардың бірі ықпал етті дейді ғой…

– Мен жаңа айтып өттім ғой, жазушылардың хал-ахуалын. Оларға құлақ асып жатқан адам кемде-кем. Осы уақытқа дейін жазушыларды тыңдамай келген билік, енді осылар айтты екен деп айтысты жауып тастапты дегенге мен сенбеймін. Ондай ешкімді де көрген жоқпын. Жеке біреуді мақтауға арналған айтыстардың көп өтетініне қынжылыс білдіріп жүргенімізде, айтыс бір адамның меншігіне айналып кетті емес пе? Мен мұны Жүрсін Ерманның өзіне де айтқанмын. Бір жолы Жүрсін екеуміз 31 телеарна арқылы жарыссөзге шыққанымызда «Жүрсіннің жүйріктері» келді деді. Сонда мен: «Жүрсін басқа жақтан жылқылар әкелген бе, десем, бұл ақындар екен ғой», – дедім. Ақындар қалай Жүрсіннің жүйріктері болады? Олардың әрқайсысы өздерінің табиғи талантымен танылып жүрген жандар емес пе? Пәленшенің жүйріктері, түгеншенің жүйріктері деп ақындарды жекешелендіріп ала берсек не болады?

Шынын айту керек, ақындар айтысы саудаға салынып кетті. Ақша бермеген ақындар аламан айтыстан тыс қалады екен. Жүлделі орындарға белгілі бір топ адамдарының ғана қолы жететін көрінеді. Шын таланттар құр қол қайтып, жаттандылыққа жол бергендері қанжығасы майланып қайтатын болды. Мұның бәрін мен көз көргеннен соң айтамын. Айтыста алауыздыққа жол берілгеннен кейін мен қарсы шығуыма тура келді.

Сондай-ақ айтыста өлеңнің ережесі сақтала бермейді. Бұған мен «Жазушы» баспасының директоры кезімде көз жеткіздім. 1992 жыл болуы керек, ақындар айтысының жинағын шығарғанды жөн санадым. Сонда 30 баспа табақ өлең жиналды. Бәрі де редакциялауды қажет етеді. Сонда ғана айтысты тыңдағанда жақсы екендігін білдім. Айтыста айтылған өлең жолдарының көбісі кітап етіп шығаруға жарамайды екен. Ұйқастары қарабайыр болғандықтан, өлеңнің ережесіне жауап бере алмайды. Әр нәрсенің өзінің шарықтау шегі болады ғой. Меніңше айтыс шектеу қойылды екен деп жойылып кетпейді. Аракідік болса да өтіп жүр ғой. Бір жағынан бұл да дұрыс шешім болған шығар.

– Басылымдар арасында өтетін Мемлекеттік сатып алу конкурсында, көбінесе, асарын асап, жасарын жасап, зейнетке шыққан ағаларымыз бүгінде бір-бір басылым ашып алып отырғандықтан, сол кісілерге басымдық берілетіндігі айтылып қалады. Сіздіңше қалай? Мұнымен келісесіз бе?

– Мені айтып жатқан шығар…

– Мүмкін сізді, мүмкін бас­қаны…Айтыңызшы, жалпы тендер әділ өтіп келе ме?

– Әділ өтті, әділ өтпеді деудің қажеті жоқ шығар. Бар басылым сарапқа салынып, жыл сайын өткізіледі ғой. Тек талабы қатаң. Меніңше осы тендерді жазға қалдырмай, ақпан немесе наурыз айларында өткізгеніміз дұрыс. Ақыры мемлекеттен қаржы бөлінді. Енді жұртты жылдың соңына дейін телміртіп қою кімге қажет?

  Өзіңіз басқарып отырған «Мәдениет журналының» бүгінгі тыныс-тіршілігі…

– «Мәдениет» журналы қазақ мәдениеті тарихының мәселесін көтеретін қазақ тіліндегі жалғыз журнал. Бұрын өзім Мәдениет және өнертану институтының директоры болып тұрғанымда, бұл журнал сол институттың хабаршысы ретінде шығып тұратын. Кейіннен жеке журнал жасау қажет болды. Сөйтіп, өзім осы журналды қолға алған едім. Жақында бір жиында журналды орыс тілінде шығару туралы ұсыныс болды. Ол үшін тағы да штат керек. Қазақ мәдениетінің жай-жапсарын міндетті түрде орыс тілі арқылы жеткізуіміз керек пе? Меніңше қазақ тілді бір журналдың өзінен көп мағлұмат алуға болады. Оқығысы келгендер қазақшасынан-ақ оқи беретіні анық.

Мәдениетіміздің мәртебесін асқақтататын қазақтілді бір журнал қажет қой, қазаққа. Әйтпесе Қалибек Қуанышбаевты, Бибігүл Төлегенованы білмейтін, әртіс пен актерді ажырата алмайтын жастар көбейіп кетті. Есесіне олар, шетелдік жұлдыздар Майкл Джексон, Алла Пугачевалардың иттерінің аттарына дейін жатқа біледі. Сондықтан әрбір қазаққа қазақ мәдеиетінің тарихы, оның болашағы ауадай қажет. Оларды білуге «Мәдениет» журналы жәрдемші болады деп ойлаймын.

– Дулат аға, биыл «Жас қазақ үні» газетіне 10 жыл толып отыр. Сөз соңында газетімізге деген тілегіңізді білсек…

– «Жас қазақ үнінің» үні зорая берсін! Жігіттің үш кезеңі болады. Біреуі күш-қайратының толысып, білегінің жуандайтын кезі, екіншісі мойнының жуандайтын шағы болса, үшіншісі дауысының жуандайтын уақыты. Яғни, дауысы жуандау үлкен бір биіктік. Осындай биіктікті мен шындықты батыл айтып жүрген «Жас қазақ үніне» тілеймін. Мұндай газеттерді елдің бәрі оқуы керек! Ендеше жер-жердегі қазаққа үндерің жете берсін дегім келеді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

Гүлмира САДЫҚОВА

4 ПІКІРЛЕР

  1. ЖАРҚЫРАЙДЫ ТАБИҒАТ
    СЕЗІМДЕРІ.

    ТАБИҒАТ СЕЗІМ .
    Нұрлы шуақ табиғат – сана сезім ,
    Барлығы да есімде бала кезім .
    Айналайын жерімнен , туған елім
    Аялайын өлеңмен – тола сөзім .

    Қандай ыстық туған жер топырағың ,
    Қуанышқа кеудемді толтырасың .
    Жастық шағым бал – шырын табиғатым
    Еркелетіп суыңмен қандырасың .

    Өзгеріспен заманым қандай жарқын ,
    Табиғаттан талай рет алған нарқын .
    Бір Алладан жаралған барлық пендем
    Керек етпес өмірге жалған ақын .

    Шындық жолын бастадым ақиқаттан ,
    Ақын болып уағыздап шариғаттан .
    Сырға толды сезімім шаттықпенен
    Нәр аламын мәңгілік табиғаттан .

    ТАҢҒЫ САМАЛ .
    Шолпан жұлдыз жарқырайды жымыңдап ,
    Тұнық күйге шарықтайды шымырлап .
    Тарап жатыр қараңғылық біртіндеп
    Қызғылттанып таң келеді зымырап .

    Түн қойнауы ақ пердесін жамылып ,
    Жұлдыздар тұр бағытымен таңылып .
    Темірқазық көрінбейді төбеден
    Жел самалы уілдейді жаңылып .

    Көрінеді аппақ жиек алыстан .
    Жарық сәуле Күн көзімен алысқан .
    Диқан дала тіршілігін қабылдап
    Еңбекпенен ел бірлігі табысқан .

    Нағыз қазақ сезімдерін толтыра ,
    Күйін шертіп бұл өмірге домбыра .
    Күмбірлейді сұлулықпен ақ қайың
    Табиғаттың бояуларын қондыра .

    Ұйқысынан оянады жаңа ел ,
    Таң шапағын шайқағанда самал жел .
    Жердің бетін тазалайды ақ жаңбыр
    Нөсер болып арайланып көктен сел .

    ЖҮРЕК .
    Денеңдегі бір жапырақ ет деген ,
    Сау тұрғанда мақсатыңа жет деген .
    Қан тамырың соққыласа асқынып
    Кете көрме жарылып бір өт деген .

    Қан жүрегің арың менен намысың,
    Керек етпес арамзаның алғысын .
    Шуақ күндей жадыратар денеңді
    Өміріңнің күте білсең жалғасын .

    Өмірің жоқ дүниеде жүрексіз ,
    Сол себепті таза ұста кіршіксіз .
    Қара дақпен меңдеп алса өзіңді
    Қалай ғана көппен бірге жүрмексіз ?

    Дүрсіліңді естіп қана күлемін ,
    Беймаза күн жолықпасын білемін .
    Жабықпағын жан жүрегім шаршамай
    Тыныш болсаң бұл жалғанда жүремін .

    Соққылайсың жайлап қана кеудеге .
    Өн бойымнан жаманшылық көрмеуге .
    Абайсызда мен өзіңді байқамай
    Бұзып алсам қыйын болар емдеуге ?

    Орны толмас кімге керек байлығың ,
    Алла өзі бергенінде жарлығын .
    Жылдар өтер , өлең туар жүрек боп
    Артқа тастап өлмейтұғын қалдығын .

    МАЙ ТОПЫРАҚ .
    Балаң келді өскен жерге ер жетіп , Май топырақ шаң көтердің тездетіп .
    Сағынышым , топырағым туған ел
    Елестейді өңіріңнен жел есіп .

    Жаза алмадым дер кезінде жаңалық . Бұлдыр сағым есімде тұр балалық .
    Жастық шақта тұлым шашты қыздармен
    Талай бірге топыраққа аунадық .

    Есейсемде жасырайын мен неге ,
    Шомыламыз суға түсіп өзенге .
    Күн шыққанда іздеп жүріп көлеңке
    Жүгіреміз қыр гүліне – беленге .

    Өтті дәурен оралмайтын енді бір ,
    Міне бүгін сол күндерде өмір жүр .
    Сырғып өткен қыздар қайда маралдай
    Іздеймін кеп топырақтан өлең жыр .

    Сүгіреттер тұр қыздың көркін жамылып , Елеңдеймін өзгеріске табынып .
    Шілдедегі майдай ыстық топырақ
    Шақырасың қыз бантикті сағынып .

    Қасиетің тұмар болып тағылмақ , Арманымсың кеудемдегі бір жұмбақ . Табанымның ізі қайда іздеймін
    Ұстап тұрмын алақанға уыстап .

    КҮЗ БЕЛГІСІ .
    Күз белгісі , тал жапырақ сарғайған ,
    Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
    Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
    Ән естіледі шырылдаған торғайдан .

    Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
    Аласұрып жаздың тағын сиқырлап .
    Сан алуан шимайлаған бояуын
    Құйып жатыр қыйын келіп ұрғылап .

    Кең даланың көзін тауып аптығып ,
    Сілкінеді бар ашуын лақтырып .
    Зуылдайды алға қарай ілгерлеп
    Күздің жолын табиғатқа таңдырып .

    Шаң көтеріп будақтайды қыр сызып ,
    Асықтырып күн сәулесін сырғытып .
    Құлап жатыр гүл шоқтары қуарған
    Солып бітіп , аяқ асты булығып .

    Шатқалдардан нар қамыстар шулайды ,
    Жүрегінің ар – намысы тулайды .
    Білеуленіп тамырыңнан соққан қан
    Бір ұраға жастық шақты турайды .

    Өткен күндер көрінбейді ойлаймын ,
    Болашақты арманым деп жырлаймын .
    Түн ішінде күз ауласын қызықтап
    Өлеңменен уақытымды ұрлаймын !

    БҮЛДІРГЕН ҚЫЗ .
    Арыстың жағалауы қыз бүлдірген , Көңілдің сырын сірә кім тербеген .
    Жемісін көрген кезде қызыл іңір
    Көгінен күн көрінді күлімдеген .

    Түлетіп шалғын шөпке торанғылды , Туған жер еркелеттің қыз бен ұлды .
    Сағыныш саздарына тиек етіп
    Іздедім әнге салған дауысыңды .

    Жалғасып махаббатым туар күнмен , Жарысып толқын ақты арнасымен ..
    Барады ән өрмелеп жар басында
    Ағынның сусып аққан шөлдерімен .

    Бойыма шуақ төгіп жанарыммен , Арманым жалғасады жылдарыммен .
    Жастық шақ әнім болған ерке Арыс
    Кеудемді түртіп өттің самалыңмен .

    Шегіндім артта қалған ойларыма ,
    Жарастық таппай сезім тойларыма .
    Қайранмын бүлдірген қыз сені көріп
    Жолықтым өлең деген қайнарыма .

    ҚАЙТАДАН ТУЫЛАДЫ .
    Шашу қып , шашып тастап жапырақты ,
    Сұрша күз тұла бойды қалтыратты .
    Жел тұрып әуедегі бұлтты қуып
    Тағынан мимырт жазды жалтыратты .

    Сарғайған жапырақтар түсіпатыр ,
    Тапталып жер бетінде шіріп жатыр .
    Құйын кеп сай – саланың төңірегін
    Аралап піспегімен пісіп жатыр .

    Уақытпен өз керегін санап алды ,
    Таңбасын сұлулықтың таңдап алды .
    Көйлегін шешіндіріп тал біткеннің
    Табиғат көріктерін тонап алды .

    Бүлкілдеп бал – бұлақтар сыңғырлайды ,
    Жағадан қыз әуенін күз таңдайды .
    Сәлемін естігендей сағыныштың
    Мұңайып гүл қурайды , сылдырлайды .

    Жаңбыр боп шаң – топырақ суырады ,
    Бар аймақ көк суына жуынады .
    Үзілген жапырақтар келер жылға
    Қайтадан бүршік жарып туылады .

    ҚАРСЫЗ ҚЫС .
    Ағартып талдың басын қүрау шалды ,
    Зәрлі қыс көңіл – күйге сұрау салды .
    Бүкшиген нар қамыстар белін жазбай
    Майысып күн көзінен манаурады .

    Бұл қалай көктем жетіп үлгерген бе ,
    Көгеріп тал шыбықтар гүлдеген бе ?
    Сусылдап төгіледі ақ құмшекер
    Бір сәтке ызғырық жел гулегенде .

    Көрдің бе , Күн табақ жер дастарқанын ,
    Жайып сап қарсыз өңір басталғанын ?
    Қозғалыс тіршілікке еніп жатыр
    Ойланбай уақытынан бос қалғанын ! .

    Суықтан қарауытып қыр – айнала ,
    Үрей сап , зар жылайды қарсыз дала .
    Қылаулап сұр аспаннан бұлттар айнып
    Тамшылар сіркіреді жансыздана .

    Қарсыз қыc табиғатпен шектеледі ,
    Құлау сап бағыттарын өзгертеді .
    Бей – мезгіл күннің райы ауысқанда
    Жазықсыз жердің беті тегістелді .

    Еңбекпен қатайтқанда бұғанасын ,
    Ер жігіт дәнін сепсе қуанасын .
    Жыл сайын жазық далам аппақ қармен
    Өңірге сәнін беріп тұра қалсын .

    ТЫҢДА ЖҮРЕГІМ .
    Жүр едім мықтыма деп жан жүрегім ,
    Жүдедім ағысыңа қан қорегім .
    Абыржып тұрғаныңды сезінемін
    Айтқызбай дәл өзіңе не керегін ? !

    Кінәм жоқ саған айтар бәрін білген ,
    Махаббат тәттілігін дәмін берген .
    Сыйқырлы тамырларың сым секілді
    Ток жүрер қызыл қанмен дірілдеген .

    Шаршама , абыржыма қайран жүрек ,
    Түнертіп орнатпағын қара түнек .
    Соққылап сұққылайсың , ойнақтайсың
    Жұп – жұмыр бауыр етті қайта түзеп .

    Қанша рет қуандырдың таңғалдырып ,
    Көтердің қайғы – дертті таң атқызып .
    Білемін шешілмеген салмақ барын
    Кеудемді мазалайсың сең тұрғызып .

    Қайтемін жан тәнімді жараласам ,
    Не болам бір өзіңе қарамасам ?
    Жүйкемді тоздырмашы жүн етіп
    Құр бекер неге жүрмін жарамасам .

    Қоқытпа аласұрып қан жүрегім ,
    Күрестім тіршіліктен қалжырадым .
    Ақынға сен керексің , тыңда сөзді
    Өмірге өлең болсын қалдырғаным ? !

    НҰСҚА БЕРЕР .
    Жаным жадау жүрегім мазалайды ,
    Беймезгілде найзағай жарқылдайды .
    Көңілімде қаншама ойлар жатыр
    Зәңгір көкті ақ жауын тазалайды .

    Дүние тұр , жебелеп әзірленген ,
    Қымбатшылық ойнайма тәңірменен ?
    Тобырланып мына жұрт қайда шыққан
    Зәбірленіп көргем жоқ әзірге мен ?

    Жатақтарым мұндай түс кімнен күткен ,
    Қайырымдылық ас болмас ішкеніңмен .
    Қорды жыйнап шектелдік қолға қарап
    Түк шықпайтын шүйкедей түткеніңмен .

    Көше толған адамдар толқындайды ,
    Толғағымен нұрлы күн салқындайды .
    Зейнет ақы дұрыстап көбейер ме ?
    Жылы сөздер қашан бір жарқылдайды .

    Теңгерілдік теңге деп , айлық қайда ,
    Кекеніме қолды боп нарықтарға ? !
    Бір айлығың жетпейді сусындауға
    Күнделікті нанда жоқ тарыққанда ? !

    Сүйреткізіп қылышын қыста жетер ,
    Жан ауырса өмірің қысқа келер .
    Заңың қайда елім деп қарайтұғын
    Ей , басшылар кімдер бар нұсқа берер? !

    САТА КӨРМЕ ?
    Көше тола қыбырлаған өңшең адам ,
    Жол бермейді алға қарай бассаң қадам .
    Қуаныштың құшағында келе жатып
    Ой толқынын ұстап алып өлең жазам .

    Ақшылданып көз тартады күзде азан ,
    Өздігінен көтерілді көкке тозаң .
    Табиғаттың әсем көркін ұрлағандай
    Тал басының жапырағы лезде қазан .

    Адам көркі табиғатпен кескінделген ,
    Көріктерін арсыз надан кескілеген .
    Жақсылардан сәлем жолдап жылы жаққа
    Жаздың құсы ұшып бәрі кетті білем ?

    Ақ айдынды толқып жатқан кең алқапты ,
    Жемістерін ел ішіне аралатты .
    Ары таза азаматтар басшы болып
    Байлықтарын жыйыстырып алып жатты .

    Келешекке талай белес басқарылды ,
    Еңбекпенен күз сарғайып атқарылды .
    Көзің тоймай арамдықпен дүниеге
    Сата көрме адам деген аттарыңды ? !

    ҚАЗАҚСТАН ДАЛАСЫ .
    Қара таудан ағылып көштер өтті ,
    Қойнаулары тарихтың күйлер шертті .
    Елім – айлап егілген қайран жұртым
    Заманыңда тілекке кімдер жетті ?

    Сұр даладан , бозінген дауысынан ,
    Үн естілді зарлап бір ауырсынған .
    Көз жастарын көл етіп , ұрпақ үшін
    Бабаларым ерлікпен жауын қуған .

    Аңыз болдың қазағым ұрпағыңа ,
    Өз тіліңмен сан ғасыр тұрғаныңа .
    Арайланды ән дала – құс қанаты
    Риза болды самғап бір ұшқанына !

    Талай жүйрік шапқылап әр саладан ,
    Бейбіт күнді паш етті кең даладан .
    Батыс , Шығыс арасын жалғастырып
    Бір Құдайым сақтады зор жаладан .

    Домбырамнан күй шертіп тербелейін ,
    Ақын болсам , ән салып еркелейін .
    Солтүстік пен Оңтүстік даласынан
    Бақытыма қуаныш жетелейін .

    Жалғастырып құт – береке жайлауыңнан ,
    Кен байлығын тасытып қойнауыңнан .
    Елім – айға зарлаған қайран қазақ
    Енді бүгін сескенбе жауларыңнан .

    Желбіретіп жалауын биіктерден ,
    Далам менің еңбекке иліктірген .
    Арманымды құшамын тең жаямын
    Өзгеріспен жайнатып тірлікпенен .

    АЛҒЫС .
    Шалғайда алыс жол маған ,
    Елінен алғыс жолдаған .
    Басталды өмір жаңадан
    Бір – бірін адам қолдаған .

    АРУ КӨКТЕМ .
    О, сәулешім көрмегелі көп болды ,
    Айтшы өзің сағындың ба көк белді ?
    Нәзік үнің естіледі ән болып
    Ару көктем жыл құстарым кеп қонды .

    Асау өзен аққанында су толып ,
    Түрлендірді кең даланы жайқалтып .
    Маңырайды өрістерден төрт түлік
    Ауылыма ерекше бір сән қонып .

    Арайланып көз тартады төңірек ,
    Атылғандай найзағайдай зеңбірек .
    Бұлттар көшіп , жауды жаңбыр манаурап
    Гүл оранды , бүрін жарды бәйтерек .

    Қараймын кеп көз тоймайтын шатқалға ,
    Рең кіргендей жасылданған бақтарға .
    Самалыңды тербетші көктем күні
    Нұрың болсын сырласқанда жастарға .

    Ару көктем қанатыңды қаққанда ,
    Шоқ жұлдыздар жымыңдайды ақ таңда .
    Жағасынан қарсы алайын сәулешім
    Бұлақ суы көк майсаға аққанда .

    Ару көктем төсегендей кеудесін ,
    Ояттың ба , өлең – жырдың сәулесін ?
    Көк шалғыннан әтір иісі бұрқырап
    Келтіресің махаббаттың тәубесін !

    Ақ моншақтан қайың сырға таққанда ,
    Құстар қонды – сыршыл сұлу бақтарға .
    Өзің келіп ән салар деп күтемін
    Ару көктем ақ қанатын қаққанда ? !

    АҒЫН .
    Ой туар қалай сезімнен ,
    Ғашық ем бала кезімнен .
    Атқылап өлең ағылды
    Жаңарып талай сөзімнен .

    ОРАЛШЫ КӨЛІҢЕ .
    Тіршіліктер басталғанда көктемнен ,
    Сұрап тұрмын хабарыңды өткеннен .
    Сырлы саздар сағыныштан алаулап
    Аққу – қаздар ұшып өтті көк белден .

    Сезінемін жұпар иісін , көктемді ,
    Сырласуға еске алсам өткенді ?
    Ақ қайың да ырғатылып сол сәтте
    Көрсетіп тұр өмір деген өткелді .

    Нұрлы бейнең кетпей қойды түсімнен ,
    Өзің едің жан сырымды түсінген .
    Армандаған көлде жүзген Аққуым
    Көрінбейсің қайтқан құстың ішінен ?

    Қом сулармен көл жағасы қоғалы ,
    Оралмадың айдыныңа қонғалы ?
    Жалғызсырап бір сыңарың гәккулеп
    Қанат қақты , қайта әнін салғалы !

    Жүрсің қайда самал желді тербетіп ,
    Ақша бұлтпен табыстың ба сенделіп ?
    Бей – жай болып көкірегім толқиды
    Найзағаймен жаңбыр жауып селдетіп !

    Өкінішке қалдырмашы шөлдетіп ,
    Көк жүзінен көрінсейші өрлетіп .
    Өзің жүзген көлің жатыр тұп – тұнық
    Келіп қоншы айналайын тездетіп !

    ӨМІР ӨЗЕН .
    Таулардан сулар ағар тас құлатып ,
    Жолында кездескенін домалатып .
    Көк майса қалың қамыс ну аралап
    Жосиды маңайларын шуылдатып .

    Бастауы бұлақтардан басталады ,
    Жағасы ырғатылған тал болады .
    Ағысын баяулатпай жөңкігенде
    Көрген жан болмысына таңғалады .

    Толқыны жарқаббаққа соғысады ,
    Сыйа алмай арнасынан жосылады .
    Cу жыйнап жылғалардан кең далада
    Құятын сағасына асығады .

    Ілгері жылжығанда ағын сулар ,
    Сылаңдап ұшқындайды сағым булар .
    Көрінсе сусыз қалған аңғарларың
    Еріксіз аянышпен жаным тулар .

    Су ішіп жан – жануар ойнақтайды ,
    Адамдар бір – бірінен хал сұрайды .
    Егер де , ала жаздай нәр тамбаса
    Ылғалың құмға сіңіп қайырлайды .

    Басталар өмір болып талай өзен ,
    Тіршілік сусыз қалса қалай төзем .
    Сайрандап күндіз – түні аға берші
    Сондықтан арнайыншы қандай өлең .

    ДАУЫЛ .
    Айнала қарауытты кешкі арай ,
    Шаң – тозаң көтерілді көкке тарай .
    Долы жел ерік бермей ұрғырайды
    Бұтағын ағаштардың шетке қарай .

    Есіріп тоқтамастан соғады жел ,
    Қызарып қанталады жоталы бел .
    Ап – айқын көл бетінен көз ұшында
    Қиыршық тас бұршақ боп борады сел .

    Табиғат мазаланды тыным таппай ,
    Түнеріп бұлттар көшті шынын айтпай .
    Гүрілдеп көк аспанның нар қабағы
    Күн көзін тасалады жолын ашпай .

    Суырып топырақтар шашылады ,
    Әп – сәтте тынышталып басылады .
    Жол іздеп құйындатып терең сайға
    Су жыйнап долылығын жасырады .

    Таусылмас тіршіліктер дауыл болмай ,
    Өзгеріп жаңармаса ауыл – маңай .
    Долданбай ей , адамдар өміріңде
    Жүгіңді көтере біл ауырламай ? ! .

    КҮЗ КӨРКІ .
    Есімде тұр махаббатым алғашқы ,
    Көп күзетіп жүрдім – ау бір ағашты .
    Куәсі боп , осы күнге сол бір жер
    Сағынышым – өмір жолы жалғасты .

    Шайқатылса тал бұтағы күздегі ,
    Жөңкіп өтер сұрша бұлттың тізбегі .
    Жазық дала сұп – сұр болып көңілге
    Жаздырғандай жыр – шумағын түздегі .

    Жасыл шөптер қурап жатыр біртіндеп ,
    Шашылады жапырақтар бүрсеңдеп .
    Леп келеді көк аспаннан ызғар боп
    От жанады найзағайдан дүрсілдеп .

    Сарғайғанда батар күннің өзегі ,
    Жаңбыр құйып құйын сырғып кезеді .
    Жайлап басып , ойлап келем күз көркін
    Жалғасар деп қатал қыстың кезегі .

    Айнымайды сұр жапырақ жүректен ,
    Ағаш көркін өн бойына түлеткен .
    Саяаңда мен куә еттім айлы түн
    Махаббаттың бал – шырынын күзеткен .

    Қалмақ емес аяқ асты тапталып ,
    Ән болады жүрек тулап жатталып .
    Сөйлесер ем жансыздарға тіл бітсе
    Тұрғанында күздің көркі сақталып .

    КӨКТЕМ ЖЫРЫ .
    Көрмедім ғой қыс болып қырды көптен .
    Сағындырып жеттің бе , нұрлы көктем .
    Кілем жайып жазыққа шыға қалсаң
    Бар төңірек тамылжып сырын шерткен .

    Міне көктем бөктерге келіп жетті ,
    Ұзақ жатқан аппақ қар еріп кетті .
    Жасыл шөпке нұрлы күн нәрін құйып
    Ақша бұлттан тамшысын төгіп өтті .

    Ерте келген көктемнің күндерінде ,
    Ләззәт алдым жан құрбым күлгеніңде .
    Қарайласам елеңдеп көк белеске
    Өзің тұрдың жүректің нақ төрінде .

    Ағын сулар толтырды сай – саласын ,
    Тіршіліктің келтіріп салтанатын .
    Аққу құстар таранып көл бетінде
    Махаббатпен көктемді қарсы алатын .

    Білінбейді өмірдің өткендері ,
    Арманымды аңсадым көптен бергі .
    Бақытымның қайда тұр өткелдері ?
    Тәңірімнен сұранам табынамын .

    КҮЗ САРҒАЙЫП .
    Кеттің бе күзім сарғайып .
    Барамыз біздер қартайып ?
    Жасыма дейсің ой салып
    Жатыр –ау өмір ортайып !

    Жап – жасыл тұрған тал еді ,
    Жарасқан күнім «бал» еді .
    Өзіңмен тұрған сөйлесіп
    Қартайған жігіт шал еді .

    Енді жоқ жаздың ыстығы ,
    Басталар қыстың суығы .
    Әніңе салма жылауық
    Долы жел соққан былтырғы ?

    Көңілсіз неге жасыл бақ ? ,
    Бояуын қайда жасырмақ .
    Шашылды қоқыс күл болып
    Өртеніп жатыр жапырақ !

    Дүркіреп бұлттар өтеді ,
    Жаңбыр мен құйын кезеді .
    Құлазып дала абыржып
    Алыстан сәуле өшеді .

    Табиғат көзі тіршілік .
    Тағдырға еттім шүкірлік .
    Мезгілмен есік ашылды
    Тек қана ұқпас бір шірік .*

    Қартайма көңіл қартайма,
    Өтті деп өмір мұңайма ?
    Сарғайған күзде өлең көп
    Шабытым әсте ортайма ? !

    КҮН СЫРЫ .
    Сыйғыздырып құшағына аспанды ,
    Орап алып , кім жұбатар адамды ?
    Күннің көзі көк жүзінен тік қарап
    Бар әлемді жылытады , бар маңды

    Қара жерге қадағанда кірпігін ,
    Мұңға батып толғанасың Күн бүгін .
    Көк – көгілдір кеңістікке жайғасып
    Адамдардың байқайсың ба тірлігін ?

    Күн айтасың ызғарымды төккенім ,
    Жер – Ананың арызына жетпедің ?!
    Мезгілімен жердің көркін өзгертіп
    Тіршілікке сәуле шашып өткердің !

    Шуағымнан тыныс алса жүрегің ,
    Барлық елге мен боламын тірегің .
    Ардан безіп Алла атын жамылып
    Жүргендердің жек көремін қорегін !

    Деп осылай сілкінгенде Күн көзі ,
    Парыз тұтып , тәуіп етпес кім өзі ?
    Айналайын жарығыңды төге түс
    Арман етіп күтудеміз Күн сені !

    НАУРЫЗ БАТАСЫ .
    Ұлы той наурыз келді сапар шегіп ,
    Бастайық мерекеге бата беріп .
    Жар болсын ақ тілеуің толған айдай
    Тойлайық биге шығып дөңгеленіп .

    Ұлыстың ұлы күні нұрлы болсын ,
    Құт болып жылдың басы елге қонсын .
    Наурызда жаңбыр жауып жер көгеріп
    Өрісте төрт түлікпен қора толсын .

    Қолдасын ақ батамды Алла өзі ,
    Ақ наурыз ел – жұртымның бірлік көзі .
    Оқысын оқушылар жалқауланбай
    Дарысын ұстазының өсиет сөзі .

    Енгенде Наурыз айы Қыдыр болып ,
    Таулардан сулар ақсын сыңғырлатып .
    Өмірге су нәр берер адамзатқа
    Қалмасын өзен арна тақырланып .

    Жалғассын наурыз – думан игілікпен ,
    Санасып ел ішінде тіршілікпен .
    Той жасап шараларың аққа толсын
    Май – құртын шашу етіп ірімшікпен .

    Ырысың шашылғанда Наурыз күні ,
    Қамбадан ортаймасын астық ұны .
    Ағайын өкпелескен басын қоссын
    Қабыл боп ақ батамның айтқан үні .

    Ұйқысы нәрестенің бөлінбесін ,
    Еңбекке адал жандар ерінбесін .
    Әрбір үй бейбіт күннің шамын жағып
    Шаттықпен жас жұбайлар күлімдесін .

    Жайып сап дастарқанын молшылықтың ,
    Жойылсын ызғар табы жоқшылықтың .
    Нарықты алға қарай жылжытпайық
    Ел болып қамын ойлап бар халықтың .

    ҚОЙ ЖЫЛЫНА СИПАТТАМА .
    Тіршіліктің іздегенде оң жолын ,
    Төрт түліктен қой асыра ең момын .
    Өсімтал мал қандай жуас өтімді
    Сатсаң ақша , молайтады ет қорын .

    Байлығы мол ауыл жылы қой жылы ,
    Атқаратын жұмысы көп , біл мұны .
    Отар толып маңыраса өрісте
    Әнін салар сайрағандай бұлбұлы .

    Наурыз енді көктем болып көгінен ,
    Жердің бәрі жекеленіп өзгерген .
    Ауыл қамын кім ойлайды білмеймін
    Мал жаятын жайлым жоқ бөлінген ?

    Қойдың жылы жаман болмас биылғы ,
    Еңбектенсең дайын тұрар сыйлығы .
    Қаржысы жоқ , үлесі жоқ не қылар
    Жалтақтайма қолға қарап қызығы ? !

    Шопан ата қой өсірген қазағым ,
    Барлық елге шарықтады атағың .
    Киген киім қойдың жүні емес пе ?
    Қойды бақсаң еш болмайды шатағым .

    Момын қойдың орны бөлек басқадан ,
    Желінінен саулайды сүт ағарған .
    Ауыл жылы , қойдың қоры биылғы
    Еңбек болсын сұранамын адамнан ? !

    МЕШІН ЖЫЛҒА СИПАТТАМА .
    Кезегімен жыл санап енді мешін ,
    Өзгертілген жаңарған елді көрсін .
    Қойдың жылы атқарды ауыл жылын
    Кереметін айтайық несібесін !

    Бірге жүріп мешіндер топталады ,
    Табиғаттың сыйлығы көп болады .
    Ормандарды кезеді пана іздеп
    Еңбектегі адамнан дос табады .

    Басталғанда былтырғы қойдың жылы ,
    Аталады үш жылға ауыл жылы .
    Келіп жеттің жеріме ие болып
    Жолын салып еңбекке жыл маймылы .

    Маймылдарда өмірді сезінеді ,
    Сөйлей алмай өздері кіжінеді .
    Жалқау болған арсызды көрген кезде
    Мінезінен маймылдар өзгереді .

    Сана сезім маймылда жоқ демегін ,
    Шаққылайды жаңғақтың тас дәнегін .
    Орман кезіп тынымсыз секіреді
    Еңбекпенен тауып жеп ас қорегін .

    Тыныштықпен желпіп тұр таң самалы ,
    Адамзаттың осы ғой аңсағаны .
    Мешін жылы тілектер қабыл болсын
    Өмір сүрген жүректер ән салады .

    КҮЗ СУРЕТІ .
    Өзгертті күннің нұры жаздың тағын ,
    Бақтардың жаңалаштап жапырағын .
    Сұрша күз ен байлықты именденіп
    Еңбектің тасқындатты дариясын .

    Жамылған жасыл – желек кең даланың ,
    Бояуын сырып тастап гүл лаланың .
    Табиғат қабақ шытып сілкінеді
    Суырып қоқымдарын сай – саланың .

    Бергендей күз суретін келістіріп ,
    Құстар ұшты сағынышты ілестіріп .
    Күн көзі тау бөктерін төске алып
    Жер бетін қырау шалды сірестіріп .

    Сыйласа еңбек – ырыс күйін саған ,
    Көрсеттің бейбіт елдің үйін маған .
    Өлең боп алтын күзде ақтарылшы
    Көңілім махаббатқа ұя салған .

    ДҮНИЕ КЕРУЕН .
    Барасың қайда асығып ,
    Төбеден Күнді жасырып ?
    Таң нұры жылжып биіктен
    Сәулесін жатыр асырып !

    Тізгілеп барқыт сай – сала ,
    Өзгерді аймақ айнала .
    Қазанын жуып көк нөсер
    Төгеді қаймақ тап – таза .

    Жап – жасыл желек жамылған ,
    Қырлардан гүлдер тағынған .
    Дүниең жалған керуен
    Жылжиды алтын тағынан .

    Айнала толған шаттық үн ,
    Айналып өтті Күн мен Түн .
    Табиғат сырын түсінгін
    Жадырап тұр ғой ашық күн .

    Бояуға малып маңайды ,
    Тоғайда бұлбұл сайрайды .
    Теңеліп бәрі тамаша
    Заманым гүл – гүл жайнайды .

    ҚАРА БҰЛТ .
    Қара бұлт қаптап шың басын ,
    Түйдектей төкті тұнбасын .
    Тал менен терек мүлгиді
    Күткендей болып сырласын .

    Төгесің моншақ селдетіп ,
    Кетесің кейде желдетіп .
    Сағына күтіп Жер – Ана
    Құшағын жайды тездетіп .

    Тоқтаусыз ешбір көшесің ,
    Тау менен тастан өтесің .
    Аспанды тіліп қамшыңмен
    Шартылдап барып өшесің .

    КҮЗ КЕЛГЕНДЕ .
    О , әсем күз келіп қапсың қыратқа ,
    Өрнегіңмен быраз уақыт тұрақта .
    Шуылдаса шөп майысып , жел есіп
    Қозғалады бақтардағы бұтақ та .

    Ақша бұлтпен қалықтайсың нұрлы күз ,
    Өлкемізге еніп тұрсың қанша жүз .
    Аяқ асты шашылмасын ен байлық
    Кезі жетті сағағынан алма үз .

    Жеміс піссе аралайсың ішінде ,
    Дала тұрар алтын түстес пішінде .
    Ызғырық жел маза бермей суытса
    Қараша ғой соғып тұрған күшінде ?

    Кең даладан жан – жануар таппақ нәр ,
    Маусым сайын өзгереді алқаптар .
    Бояуларын мезгілімен өзгертіп
    Кезегімен келіп қалар аппақ қар !

    О , шіркін күз кім сүймейді үніңді ,
    Көңіл – күйге жарасатын түніңді ?
    Мен де сені нақ Абайдай сүйемін
    Айтып тұрмын жүрек жарған шынымды .

    ӨТЕР УАҚЫТ .
    Сағат санап өтіп жатыр жыр уақыт ,
    Кейбір адам өздерін жүр жұбатып .
    Қатар жүрген досың болса наданнан
    Қысылғанда кетер орға құлатып .

    Абайсызда ажал келсе тайсалмай ,
    Бітті өмір дей көрмегін досым – ай ?
    Енші алмай дүниеге із тастап
    Талай дарын өткен екен байқалмай .

    Кім боларын ұрпақтарын білместен ,
    Шығармапты әуен – жырды елестен ? !
    Табиғаттың өмір заңы болмаса
    Жүрмеспедім дүниеге келместен ! ? .

    ӨЛЕҢ ШАБЫТПЫСЫҢ .
    Қияннан қиял толқып шартарапқа ,
    Өлең боп қонып жатыр ақ параққа .
    Маңырап көгендегі қозылардай
    Арманым жетелейді жыр бұлаққа .

    Шабытым шарпығанда аспаныма ,
    Ұнамас әлде бәлкім дұшпаныма ?
    Сын айтқын жасырмағын шын сөзіңмен
    Сонда мен риза болам достарыма .

    Жазайын қызықтырып алтын өлең ,
    Өмірдің жанып тұрған шамын көрем .
    Лайланып мөлдір суың бозғылданса
    Көңілден пәс түспеін жарқын бейнем .

    Сен үшін жазықтымын жаралғаным ,
    Ақын боп неге тудым армандарым .
    Жеткізіп бере алмасам ойларымды
    Сырлы сөз жазалай бер махаббатым .

    Зымырап өтер уақыт асықтанып ,
    Жыр құрап отырғанда ғашық болып .
    Өрт алды дауыл соқты шабыттардан
    Нәр сұрап жүрегімнен анықталып .

    Көремін сағыныштың уақыт күшін ,
    Өмірдің аялаған бақыт құсын .
    Әуре ғып ұшып жүрген өлең шабыт
    Құшаққа қомақталып дұрыс енгін ?

    ӨЛЕҢ ЕТІП .
    Кеттің бе , мазасыз боп ұлы тәңір ? ,
    Көгіңнен тілеп едім нұрлы жаңбыр .
    Құр бекер ұйытқытып бұлтты қума
    Өтінем нөсер төксең жерді қандыр !

    Қалды ғой жауын жаумай көптен бері ,
    Жер ана сағынады көктен селді .
    Долы жел айтқанынан қайтар емес
    Аямай сорып жатыр беттен сөлді .

    Қалайша жазаламас тәңір өзі ,
    Өзгерсе заманында өмір сөзі .
    Жалқаулар ұйқысынан оянбайды
    Тірлігін керек етпей көңілдегі .

    Сел болып жауар болсаң күркірегін ,
    Менде бар саған қояр бір тілегім ?
    Сезімнің ақ жаңбырын төгіп өтші
    Ұшырсын бұл жүрегім жыр түлегін .

    Көз жасым көңіл шығы тамшылама ,
    Тәңірім сөз асылын қамшылама ?
    Толқыған ойларымды ұстап алып
    Байлайын өлең етіп қанжығама .

    НЕ ОЙЛАЙДЫ ?
    Өтіп жатыр өмірім жалжып қана ,
    Мый айналып толқиды ойдан сана .
    Ойланыңдар адамдар тіршілікті
    Сусып аққан дүние бермен қара .

    Өмір менен өлім бір үзілмейді ,
    Өлеңімді өлгенде кім іздейді ?
    Іздеушілер достарым табыла ма
    Не себепті жан жүрегім дүрсілдейді ?

    Жарық сәуле жанғанда көздің нұры ,
    Қараңғылық тозағы көрдің құлы .
    Өлім кетер өмірден тоқтамастан
    Аталғанда ақынның өлең – жыры ? .

    Жылдар ақса қиырдан бұралаңдап ,
    Тірілер жүр өзіне не армандап ? !
    Жиған мүлкі бір күндік ойын күлкі
    Кетеді ме , байқаусыз қыр аралап ?

    Өмір – өлім тепе – тең жарысады ,
    Жарығы жоқ түнектер жалғасады .
    Шын өмірдің белгісін біліп тұрып
    Бұл адамдар неліктен таласады ? !

    Іштері тар топастың қарны тойған ,
    Жылпостарды надан деп неге қойған ?
    Жатпай – тұрмай тірілер қатарында
    Сұмдықтарын тізер деп кім ойлаған ?

    Сұр жыландай зәр шашып ирелеңдеп ,
    Күштілерге бастарын игенде кеп .
    Жон арқаға сөз қамшы тиген кезде
    Өмір – өлім айқасар кирелеңдеп !

    СЕС КӨРМЕГІН .
    Қасқаямын тік көтеріп басымды ,
    Танып алғын кім екенімді атымды ?
    Дүниеге келген жанмын шырылдап
    Шындық іздеп сөз айтуға татымды .

    Шын атымды білгің келсе шырағым ,
    Еңбек еткен күндерімнен сұрағын ?
    Тау суындай бұлақ болып ашылдым
    Өлеңімнің гүл жайнатып құрағын .

    Бұла қаным толқып ақтың кеудеге ,
    Қолды бұлғап ақын жырын емдеуге .
    Жақсылыққа алаңдайды жамандық
    Қысқа жіптей байланбайды күрмеуге .

    Жасқанбаймын , бас ұрмаймын ешкімге ,
    Тура айтсам өрлігіме кексін бе ?
    Көңіл өткір қайрап қойған пышақтай
    Менің атым Шындық болар білгенге !

    Сес көрмегін , сескенбегін абыржып ,
    Айбарымды алғын өзің жаздырып .
    Күш қайнайды іштен тынып булығып
    Үндемесең милау көрер жазғырып !

    Атым Адам адалдықты қорғайтын ,
    Кейбіреу жүр жемтігін жеп сорлайтын .
    Көтеремін бәрін өзім тең көріп
    Өлкесінде өлеңімнің солмайтын !

    СЕНІМ ЕТТІМ .
    Аттанамын сенсіз алыс сапарға ,
    Іркілмесін бір тамшы жас жанарға .
    Күтіп отыр онда мені келер деп
    Ақын жыры қосылғанда қатарға .

    Қамығарсың әлде бәлкім іздерсің ,
    Шаршап өзің сояу тілмен тілдерсің .
    Ояу жатып жалғызсырап жүргенде
    Мысқылыңмен езу тартып күлерсің ?

    Шаршағанда еске алып тағы бір ,
    Сарғаярсың не жаздым деп бұл тағдыр ?
    Тіршіліктен бездім , көндім мен бүгін
    Өсек ғайбат қалмады ғой қыл шылбыр !

    Ар – намысты отқа құйып май шыжғыр ,
    Табамайсың шындық кеткен бұлыңғыр .
    Заманыңа қанша әділ болсаң да
    Бұрмаланып орындалмас заң тұғыр ? !

    Барам қайда , шағым айтып кімдерге ,
    Кетсем бе екен тойымы жоқ жерлерге ?
    Айып етпе өле кетсем байқаусыз
    Өлеңімді сенім еттім сендерге ? !

    ӨМІР ШІРКІН .
    Бір күн өтті , оралмас өкінемін ,
    Жасымашы жүрегім өтінемін .
    Көңілдегі арманым өлең болса
    Қалайша мен шамымды өшіремін .

    Ойларымды ойласам таусалмаймын ,
    Жыр жолына түсірмей жаталмаймын.
    Даналықпен өтіпті бабаларым
    Дәл солардай болам деп айталмаймын.

    Сәл шыдашы жүрегім сабыр қылғын ,
    Білесің бе , қиялдың ұшқырлығын ?
    Көз алдыңа бір әуен ызыңдаса
    Дүниенің көремін ұтқырлығын ? !

    Бір қызық қой айналаң өмір шіркін ,
    Алтыннан да қымбат қой ойын – күлкің .
    Жазылады ақ парақ , жыртылады
    Уақытпенен жарысып дүркін – дүркін .

    Түні бойы отырып жыр іздеймін ,
    Өтер уақыт шаршауды білгізбеймін .
    Өмір айқас мен оны жеңе білсем
    Өткен күнге орынсыз өкінбеймін ! .

    ҚАРЫЗЫМДЫ ҚАЙТАРАМЫН .
    Менің жаным неге бұлай жылайды ?
    Өткен күндер қайтадан еш тумайды .
    Жарық сәуле таусылама бір күні
    Соны сезіп жан жүрегім тулайды .

    Тулай берсін қоштаспаймын бәріңмен ,
    Қалдырайын , қандырайын әніммен .
    Бұл өмірден күйзелгенде көңілім
    Өкінішпен айырмашы тәнімнен ? !

    Шыбықтар да көктеп жатыр көгеріп ,
    Сұлулығын өн бойына өңгеріп .
    Жауын қайда ?, тынысыма дем берсін
    Ыстық жалын махаббатпен төңкеріп .

    О , дүние ғашықсың ба сен маған ,
    Айтатұғын арызым көп мен саған .
    Ормандар да қайың біткен шулайды
    Іздеп келіп ән салғын деп аңсаған ?

    Желпінейін , серпілейін расында ,
    Кезек күтіп өлім тұр қыр басында .
    Ей , Адамдар қайдасыңдар тыңдағын
    Тірлігіңді атқарып қал жасыңда ? !

    Баста өмір алға қарай қайтадан .
    Тілегімді бәріңе де , айта алам .
    Сенімділік көрсетейін тіршілік
    Өтелмеген қарызымды қайтарам .

    САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ .
    Ызғырықпен ашық аспан манаурап ,
    Құлазиды кімді іздеп сонау бақ ?
    Ақ көрпеге ораныпты қара жер
    Кеудедегі көңіл күйге жалау боп .

    Аппақ айдын аймағында сыр бар ма ,
    Қаңтар айы ақ боранға құмар ма ?
    Жағадағы қалың қамыс сылдырын
    Естігенде көңіл шіркін тынар ма ?

    Көктегі Күн ақ өзекке құлады ,
    Адал жанның ауласы ғой тұрағы .
    Қатып жатыр жылтыр мұздар біртіндеп
    Өлең өмір ақындардың құраны .

    Суық түссе не етейін жалғанға ,
    Көп қараймын қар жамылған талдарға .
    Сәні болған жапырақтар жап – жасыл
    Қоқыстанып өртке түсіп қалған ба ?

    Сус

  2. ӨКІНБЕССІҢ.

    Өреңіз өрге өтсе өкінбессің ,
    Өрімдей өлеңдерім өлтірмессің .
    Өмірлік өнеріңді өрбіткенде
    Өріліп өзгереме өкшелесің ?

    Өкінбе өзгелерге өскендерің ,
    Өркенің өрмелесе өткендерің .
    Өртенсе өрістегі өсімдіктер
    Өмірдің өзгертеді өткелдерін .

    Өшірме өлімдерден өтінішті ,
    Өшігу өскендерге өкінішті .
    Өрілген өңірлерде өнерлерін
    Өкшелеп өрбітемай өшіріпті .

    Өлтіріп өтірікті өткеніңде,
    Өлеңнің өздігінен өскенінде .
    Өзеннің өрлігіндей өрбігенде
    Өзгелер өзгертеді өлеңінде !

    БІР ТУЫСҚА .

    Саған қояр өкпем жоқ туысқанда ,
    Айтар болсаң сөзіңді қуыстан ба ?
    Табылады қимастай достар өзі
    Көңіл шіркін ретімен жуысқанда .

    Жан ашитын туыстай қайдан болсын ,
    Кеткеніңде жыраққа – пайдаң құрысын .
    Бөлектен бе еліңнен , есің болса
    Ойларыңды айта алмай неғіп тұрсың ?!

    КӨРІҢДЕРШІ ОЙЛАНЫП ?
    Ойлардан тәнің тірі – «ар» өлген ,
    Сөздерің Аруақ боп тербелген .
    Шабыттар тар табытқа тап болып
    Қараңғы түн – түнекке кез келген .

    Өлең тұр тас- түйін боп түйіліп ,
    Өзегін таппай зарлап, күйініп .
    Күліп жүр қыстырма сөз құтырып
    Тәңірге жағымпаз боп , сүйініп .

    Қайғыны естігенде ар – мұңың ,
    Қос қабат арланады арманың .
    Дүние кімге күлкі – зар етер
    Кейпін көрген кезде жалғанның .

    Заманың жылжығанда көкте күн ,
    Өмірден өтіп жатыр әлде кім ?
    Тобыр боп «азып-тозып» жетілер
    Алдауы жеткен болар «әркімнің ?

    Билік жоқ , ынта қайда жұмысқа ,
    Ойлансақ айлық бермеу дұрыс па ?
    Қарын аш , суық қарып тонған соң
    Даулаған еңбегіне – ұрыспа !

    Бюжетін жоғарыдан аударып ,
    Жатсада халық отыр алданып.
    Қарызға , айналымға кетті ме
    Бір сәтке көрейікші ойланып .

    Зырылдап, зарыққанда күн батар,
    Қаржыдан болады ма бір хабар.
    Көздерін өндірістің таба алма
    Қалмайық ел соңында ең нашар !

    Әзірге қатарыммен бір жүрмін ,
    Елімде сықақ сөздің «пірімін» .
    «Бас кеспек болсадағы- тіл кеспес»
    Ойымды айтып өтсем несі мін !

    ОДАҚҚА ҚАБЫЛДА .
    (Әбілдаға)
    Сыртыңнан көріп бұрылдым ,
    Шабытты құстай ұшырдым .
    Бекерге ойлар келеме
    Айтатын саған бұл сырым ?
    Жүремін қалай ақын боп ,
    Жазғанда өлең батыл боп.
    Қабылда мені Одаққа
    Ақынның сертін орындап
    Сыйым көп елге арнаған ,
    Сөзімді әнге қандырған.
    Әбілдә енді өзің біл
    Арызбен өлең жазылған .

    САЙЛАНБАЙ- АҚ ДЕПУТАТПЫН .

    Депутат сайланып көр шамаң барда ,
    Өзгерді заман түгіл , адамдарда .
    Деген соң қолды жинап құжат алдым
    Халқыма кандидатқа сайланарда .

    Ойландым атқаруға ел жұмысын ,
    Тілдесіп көзбен көріп ең мұңдысын.
    Тілегін айтқандарға жәрдем беріп
    Жөндедім заң жүзінде бір құндысын .

    Ардақтап орындауға халық үнін ,
    Кірістім сынға түсіп анық бүгін .
    Атақ пен мансаптыққа қызықпаймын
    Арқалап бұл өмірдің ауыр жүгін .

    Өкпем жоқ , жұмысыма істеп жүрген ,
    Елімнен айналайын дауыс берген .
    Кейбіреу звандайды , мысқылдайды
    Қызғанып бақытымды кештеп келген .

    Өмір ғой бағдарлама елім үшін ,
    Несі мін жоғын айтса , сенімдісін.
    Шындықты ақын айтар көзбен көріп
    Депутат болмасақта – «әкім үшін» .

    Көнбебем бәйбішеме тулағанда ,
    Депутат не теңің деп – сұрағанда
    Мәнісін енді білдім жоғарыдан
    Бұрмалап , басқа жолға – қартайғанда ?

    Сайланбай қалғаныма өкінбеймін ,
    Бірақта арыз айтып – өтінбеймін .
    Елімнің мұң – мұқтажын біліп жүрген
    Ақынның «өлең- тілі» өткір деймін .

    Жігер бар тіліп айтар ақынлықта ,
    Мәңгіге депутатпыз – болмасақта ?!
    Бұрмалап сайлау күні – ақша үшін
    Жүргендер «ар» алдында адалдықпа ?

    Бекерге ақын болып жата алмаймын,
    Шындықты өтірікке жаза алмаймын .
    Өлеңмен орындаймын ел тілегін
    Ісімді халқым үшін тоқтатпаймын !
    07 . наурыз 1994 жыл .

    НЕГЕ АТТЫҢ АҚҚУДЫ ?
    Кейбір жерлерде жас азаматтар ,
    Аққуларды үйрек орынына атып
    Олжа етеді, бұл уақиға Қызылорда
    Облыстарында кездескен .
    Газеттерден .
    Сұранамын көкке мылтық көтерме ,
    Айтқан сөзім адамдарға жетерме ?
    Дүниенің жайлап ашып есігін
    Кейбір пенде «надан» болып кеткен бе ?

    Аққу саған олжамеді – қас жауыз ,
    Аттың қалай көзді қиып қос ауыз.
    Аққу деген құс емес пе киелі
    Адамдарға тілек қосқан жоқтаусыз ?

    Айуанда бөлінеді түр- түрге ,
    Ажырамай- олар бірақ жүр бірге.
    Төрт аяқты малғұн бедің сен өзің
    Қамалғаның дұрыс болар түрмеге !

    Әнің емеспе шаршағанда салатын ,
    Сәнің болып айдын көлге қонатын .
    Жыламасын жалғызсырап «гәккулеп»
    Қос Аққулар самғағанда қанатын .

    АУЫЛ МҰҢЫ .

    Ойланамын ауылымның тағдырын ,
    Жырға қосып аққан өзен сылдырын .
    Жасыл желек сырға тұнған тоғайдың
    Сағынамын жайнап тұрған шалғынын .

    Ән салдырған ауылымсың бұрыннан ,
    Жастық шақта гүлдер тердім қырыңнан .
    Топырағың маған ыстық көрінер
    Қандай көмек күтудесің ұлыңнан .

    Елің болар «қазақ» – деген бауырым ,
    Көтердік қой талай жүктің ауырын.
    Ақша табу мақсат емес , ар керек
    Туған жерім көркейсін де ауылым!

    Тақырланды, жерің қалды тілініп ,
    Ұл-қызың жүр кейбір ісі білініп .
    Қашқын болма өз еліңде жігітім
    Отаныңды қорғасайшы бірігіп .

    Қуанамыз оқығанда жарлықты ,
    Қолдан жасап қымбатшылық нарықты.
    Ұрлықшы мен алып сатар егіз боп
    Зар илетті қарапайым халықты .

    Ауылыма алыс емес атар таң ,
    Шыдамдылық халқымда бар қашаннан.
    Қоқыр – соқыр қоржыныңды асынбай
    Ей , жігітім қала көрме қатардан .

    Еңбек еткін , түсіне біл сөзімді ,
    Есіңе ал, балалық шақ кезіңді
    Кіндік қаның тамған жерге ұялмай
    Білдірместен төге көрме зәріңді !

    Басталады «Нұр-Отаның»- Ауылдан ,
    Көрсетпесін соғыс өртін- ауырған.
    Қастерлейік топырағын бір уыс
    Артық көріп безіп кеткен бауырдан !

    АДАМ СЕНІҢ АТЫҢ .

    «Адам» деген дүниеде зор атақ ,
    Еңбекпенен өз есімін тұр ақтап .
    Өмір сүрер күн көзінен нәр алып
    Тіршілікпен жер бетінде тұрақтап .

    Пендесісің табиғатқа жаратқан ,
    Өсек айтып , безіп кетпе ар- аттан .
    Бірге жүріп келер күнді армандап
    Ас ішеді кейбіреу бір табақтан .

    Өз- өзіңе қонақ болған адамдар ,
    Кінәң болса алатұғын жазаң бар .
    Көре алмай бір- біріне ор қазған
    Қайдан шығар , жағымпаз боп надандар?

    Ақымақ бас әлде кімге жекірді,
    Күнін санап алға қарай секірді .
    Қабылдаса маңдай терді жер анаң
    Жайылған дастарханың секілді .

    Шын көңілмен досқа деген адалдық ,
    Мақсатыңа жеткізеді адам қып .
    Сәл нәрсеге мақтанышпен мастанып
    Алмаңдаршы адамдықты арам – ғып!

    БІЗ ҚАНДАЙМЫЗ ?
    Осы біз кәне қандаймыз ?,
    Әділет іздеп қақсаймыз .
    Алаштан туған ұлт едік
    Неліктен тілді қорлаймыз .

    Орыстың сөзін үйрендік ,
    Қызына оның үйлендік .
    Жағымпаз болып оларға
    Орынсыз жерде үй бердік .

    Қазағым өстің мәз болып ,
    Тоналды тілім тез солып .
    Айналды ұл-қыз мәңгүртке
    Уланған басқа сөз қонып .

    Орыстан «Оры» бөлініп ,
    Қазақтан «Қазы» бірігіп.
    «Орқаз»- деген ұлт туып
    Өмірге енді бүлініп !

    Дініңе таза тіліңе ,
    Ор қазып өттің бұның не?
    Қос тіл деп жұртым сөйлестің
    Ойланбай сеніп «піріңе» ?

    Боласың елім енді кім ?
    Сынайтын бізді келді күн .
    Нарықпен өсіп келеміз
    Қандайсың қазақ сен бүгін ?!

    ҚАШҚЫН БОЛМА ?
    Тәуелсіз ел атандық бұл күндері ,
    Оралып дінімізде түгенделді .
    Ұлтымды ана тілім сақтап қалды
    Қазақтың білесің бе пенделері ?

    Жеріңді кім қорғайды ел болмаса,
    Ер жетіп азамат боп – ұл тұрмаса .
    Өмірдің тыныштығын сақтау үшін
    Отанға әскер қажет күн туғанда.

    Ойланып есіңе ал – Абылайханды ,
    Көрдік қой қасіретті талай заңды.
    Жат нәрсе қашқын болу жеткеншегім
    Не пайда күзетпесең арай таңды ?!

    Достастық өзге елмен қорғанғалы ,
    Үш ғасыр артта қалды торланғаны .
    Әскерсіз қорғаны жоқ ел болмайық
    Сапқа тұр , ер намысын қолданғалы

    Алдыңнан жағаласып жау тұрмасын,
    Ұрпаққа өнегелі ісің қалсын .
    Міндетің сарбаз болу- сауыт киіп
    Ант етіп , бір Аллаға сыйынғасын !

    БОЛАШАҚ САРБАЗДАРҒА .
    Қайранмын кәзіргінің жастарына ,
    Қашқын деп кір келтірген аттарына .
    Ұйқыдан ояныңдар маужыраған
    Сезімді бөлегенде жас жаныңа .

    Сәттілік жол тілеймін сапарыңа ,
    Кіргенде ат ойнатып көкпарыңа .
    Айтулы қыраны бол қазағымның
    Дақ салмай егемен ел заманыңа .

    Ежелгі сарбаз болған бабаларың ,
    Отаннын аялады ұл – қыздарын .
    Қашқын боп өз еліңді сатып кетсең
    Өкінер өздеріңе аналарың !

    Зардабын қан соғыстың көрген едім ,
    Жандарын пида етті өңшең өрім !
    Не себеп екі жылға төзбейсіңдер
    Кім сонда қорғайды бұл қазақ жерін ?
    Ар – ұят , жігеріңде намыс қайда ?
    Бір күндік ойламаңдар табыс пайда !
    Парызың Отан қорғау азаматтық
    Атқарып міндетіңді қайтпайсың ба ?
    ОМОНҒА ӨТІНІШ .

    Ел ішінде атқарылды көп жұмыс ,
    Шеңгел сөзі айтқандары дұп-дұрыс .
    Теңгерілген демократия қайда жүр
    Ерлік жасап , туындады нақұрыс .

    Шағымданып кімге өзім жалынам ,
    Шынын айтсам өнерімнен құр қарам .
    Шеңгелімнің өткір болса тікені
    Бюроңызға қабыл алғын сұранам ?

    Ұшқан едім қанатымды мен сермеп ,
    Елім үшін өн бойымнан ән тербеп .
    Кейбіреуге қотыр сөзім жақпады
    Жазғандарың миды шаққан «езбе» деп ?

    Қуыс кеуде түсінбейді доңғайлар ,
    Ойланбайды елдің қамын ондайлар .
    Тозып кетті ауылдағы мекен – жай
    Білім берген , мектеп деген «ордалар» .

    Жылан шақса уландырар мияны ,
    Елестетші көз алдыңа ұяны .
    Оқымаса «мәңгүрт» болып балаңыз
    Туыстарын өлімге де қияды !

    Құтты болсын Шеңгелдегі отауың
    Достарыңа «ОМОН» болған бастауым .
    Шабытымды шарықтатам сықақпен
    Күншіл болма шыншыл болғын жас қауым .

    ӨЛЕҢ ТУМАС ҚҰР БЕКЕР .

    Құр бекер өлең тумас тектен- текке ,
    Жан- жағың лаулап жанса жалын өртке .
    Жазар ем өлеңімді сөзбен емдеп
    Тәнімді жаралатпай ұшқын дертке .

    Түлетсем арманым не- жыр жүрекпен ?
    Арқалап абыройды ақ тілекпен .
    Ойымды ортаға сап ақылдастым
    Тойымды бастайын деп бір кезекпен .

    Мың шүкір қуат берген жасағанға ,
    Тойлары қуаныш болар жасағанда .
    Бір Алла ар- намысыма жігер бер
    Өзіңе пана еткін шаршағанда .

    Бақ пен бас есізденіп таласады ,
    Кей кезде әділетте адасады
    Баста тұр ынтымағы келген бақтың
    Сол үшін өздеріне жарасады .

    Шаттығын өлеңімнің еркелетпей .
    Тілімді сайратпаймын ермек етпей .
    Жемісін жегіземін ақын болсам
    Жұртыма неғып жүрмін көмектеспей !

  3. бул кісі назарбаева дауыс берейік деп жарнамасына шыгады, сөйтеді де секталардын «секталардын сайран салуына кінәлі көңілшек билік» дейді. қарама-қайшылық қой. осыдан кейін жазушылармен санасу керек пе? осы сұраққа дулат исабеков калай жауап берер екен?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз