ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

d0b6d183d0bcd0b0d293d0b0d0bbd0b8d0b5d0b21

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Байланыс операторларының кеңесі өкілдерімен кезекті мәжілісін өткізді. Мәжіліске қатысқандардың қатарында Қазақстан телекоммуникациялық қауымдастығы, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ, «GSM-Қазақстан «Қазақтелеком» ААҚ», «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС және тағы басқа компаниялар болды. 

Кездесу барысында байланыс операторларының қызметтеріне қатысты проблемалық мәселелері және «Интернет желісіне жаппай, кеңжолақты қол жетімділікті дамыту, сонымен қатар, байланыс операторларының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасын» әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев 3G стандартындағы ұялы байланыстың Қазақстанда дамуына ерекше назар аударды. Министрдің айтуынша, бұл «азаматтардың жиі жүгінетін мәселелерінің бірі болғандықтан, бүгінгі таңдағы өзекті проблемалық мәселе, сол себепті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ерекше назарында».

«3G стандартын енгізу үшін қажетті радиожиілік спектрін қамту проблемалары өткен жылдың соңында шешілген болатын, дегенмен, ұялы байланыс операторлары радиожиілік спектріне Рұқсатты рәсімдеуден бас тартты.Олардың айтуынша, қолданыстағы заңнамада радиожиілік стандартын пайдалану үшін салымдардың мөлшері бөлек қарастырылмаған, сол себепті жылдық төлемақы мөлшері жоғары. Еске сала кетейік, ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен, ұялы байланыс операторлары үшін салық міндеттемелерін төмендету мақсатымен 3G стандартындағы радиожиілікті пайдаланғаны үшін жылдық төлемақыны анықтау мәселесін талқылайтын жұмыс тобы құрылған болатын. Аталған мәселелер жұмыс тобымен қарастырылуда.

Мәжіліс шеңберінде ұялы байланыс операторларының барлығы қоғам алдындағы әлеуметтік жауап­кершіліктерін түсінетіндіктерін және қызметтердің тарифтерін төмендету жөніндегі шешімдері туралы хабарлады. Сондай-ақ, байланыс компаниялары өз қызметтерінің тарифтерін «Интерконнект» есептесу ставкасымен төмендету жөніндегі ұсыныстарын жақын арада беру жөнінде өздеріне міндеттемелер алды.

Сонымен қатар, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан аумағында 3G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда Министрліктің Байланыс және ақпарат комитеті, ҚР Премьер-министрі К.Мәсімовтың тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобының шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен біргелесіп 3G стандартындағы радиожиілікті пайдаланғаны үшін жылдық төлемақыны анықтау мәселесін талқылауда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалуда.

Бірінші қадамды «Кар-Тел» ЖШС жасады, ол, тұтынушылар үшін ұялы байланыс қызметінің  тарифтерді төмендету жөніндегі ұсыныстың бастамашысы болды. «Біз, 3G стандартындағы радиожиілік саланы пайдаланғаны үшін жылдық төлемақыны төмендету жөніндегі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің талпыныстарын қолдаймыз және ұялы байланыс саласындағы және Интернетке мобильді қол жеткізудің қол жетімділігі жоғары, жаңа ұсыныстармен жұмыс жасауға дайынбыз» деп атап көрсетті «КаР-Тел» ЖШС өңірлік және салалық даму дирекциясының директоры Евгений Пепеляев

Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер тарифтерінің қымбатшы­лығы жөніндегі азаматтардың шағым­дарына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңнамасына сәйкес Комитет «Kcell», «Activ», «Vegaline» сауда белгілері бар «GSM-Қазақстан «Қазақтелеком» ААҚ» ЖШС және«Beeline» сауда белгісі бар «КарТел» ЖШС көрсетілетін ұялы байланыс қызметтерінің бағаларына сараптама жүргізе бастады.

Байланыс және ақпарат комитетінің төрағасы Ризат Нұршабековтың мырзаның айтуына қарағанда сараптаманы өткізу, ұялы байланыс қызметтеріне қойылатын тарифтердің негізін анықтауға мүмкіндік береді екен. Қуантарлық жайт - кейбір ұялы байланыс операторлары тарифтерді төмендетудің әлеуметтік маңыздылығын сезінеді және өздері келісім-шарттардың бастамашысы болуда.

Жиын соңында төраға нарықтың басқа да мүшелерінен осындай, жауапты шараларды күтетіндігін айтты.

 

«Жас қазақ үні» - ақпарат