Бейүкіметтік ұйымдар бас қоспақ
2010 ж. 23 шілде
1218
0
Алғаш рет Қазақстанда 2010 жылғы 23-25 шілдеде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған SocialCamp Astana 2010 мемлекетінің үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) үшін ауқымды, формалды емес конференция өткізілетін болады. Іс-шара турасында Тәжікстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның ҮЕҰ хабардар болды. Яғни, Орталық-Азия түгелімен қамтылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында елдің тағдырында ҮЕҰ-ға маңызды рөл бөлінгені туралы айтуға болады. Бұл елдің әрбір өңірінде мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі және индустриалдық жобаларды ерекше қоғамдық бақылау, және әрбір құқық қорғау органының есептілік жүйесі мен қызметін бағалауды жетілдіру. Сондай-ақ саяси реформалардың маңыздылығын халыққа жеткізу маңызды.
Әртүрлі қайырымдылық қорлары, қоғамдық бірлестіктер, жастар және волонтерлық ұйымдар, блогерлер мен белсенді топтар барлық елден Астанаға үш күнге келеді және фандрейзинг мәдениетін оқуға, әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін үйренуге жиналады, тәжірибемен бөліседі және 2012-2015 жж. арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына өз идеялары мен ұсыныстарын енгізеді.
SocialCamp Astana 2010 ең басты мақсаты – елдің қоғамдық секторының жұмысын елеулірек, ашығырақ және тиімдірек ете түсу. SocialCamp Astana 2010 міндеттерінің ішінде: қоғамдық секторды дамытуға жаңа ынта беру және жақын арадағы үш жылға жұмыстардың негізгі трендтерін белгілеу.
Тағы да SocialCamp Astana 2010 шеңберінде Social Ideas Market - әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өткізілетін болады. Берілген өтінімдерден ең жарқын және нәтижеге бағытталған жобалар таңдалып алынады, олар жалпы сомасы 3000 долларға гранттар алады.