Қарағандылық тәртіп сақшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

d0bdd0b0d180d183d187d0bdd0b8d0bad0b83

Қарағанды облысындағы «Рубеж» жол бекетінің тәртіп сақ­шылары қала ішіне арнайы тексеру жүргізу үшін келген әріптестеріне қарсы оқ жаудырды.

Облыстық ІІДД қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жүргізушілер тарапынан болған көптеген арызға байланысты аталған бекетті тексермек болған. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дөп келгендей, дәл сол кезде жол сақшылары көлік жүргізушілерден пара алып жатқан. Жалпы, «Рубеж» бекеті Алматы-Қарағанды бағытындағы көлік көп жүретін тоғыз жолдың торабы. Қауіпсіздік қызметінің мамандары мұнда жүргізушілер жол сақшыларынан көп қысым көріп, арызданатынын айтады. Сондықтан ешқандай күдік болмасын деп, жәй киім киіп алған олар құжаттары толық емес шымкенттік автобуспен келген. Ал көлікті тоқтатқан жол сақшысы әдеттегідей автобус жүргізушісінен 2 мың теңге пара алыпты. Дәл сол мезетте көлік ішіндегі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жол сақшысын құрықтайды. Ал оның жанында болған әріптесі автобус ішіндегі апыр-топырды түсінбей, автоматтан оқ жаудырған. Ұзақ уақыт бойы берілмеген ол облыстық Департаменттен бұйрық келгеннен кейін ғана қаруын тапсырыпты.