Қанат Ислам Қазақстанға келу себебін атады

Қанат Ислам Қазақстанға не үшін келгенін "Алаш айнасына"берген сұхбатында хабарлады.

Қанат Ислам Қазақстанға келу себебін атады

Қанат Исламның бокстағы ендігі кездесулері 12 раундтан болмақ. АҚШ-та жүрген Қанат бұл белес еш қиындық туғызбайтынын айтады.

"Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Сақадай саймын. Мен АҚШ-та ойнап жүргем жоқ. Бар күшімді салып дайындалып жүрмін. Мен үшін 12 раундтың еш қиындығы жоқ", - дейді боксшы.

Сондай-ақ, шетелде күшін сынап жүрген қандасымыздың жекпе-жектерін енді қазақстандықтар да тамашалай алады. Және де спортшы жаттығуын тастап, Қазақстанға екі аптаға неге келгенін айтып өтті.

"Бұйыртса келесі кездесулерімді көрсетіді. Сөздің ашығы, мен елге "Астана" президенттік кәсіпқой спорт клубымен келісім шарт туралы сөйлесуге келдім. Жақын күндері АҚШ-тан Нелсон Лопез де келеді. Екеуміз бірге Астанаға осы мәселе бойынша бармақпыз. Америкада жақсы промоутерлік компаниялар менімен жұмыс жасауға өтініш білдіріп жатыр, бірақ мен өз елімнің клубының атынан шыққанды қалаймын", - дейді Қанат Ислам.

Спортшының жеке сайты да ашылғалы жатыр екен. Кanatislam.com жобасын қолға алып жатқан адамдарға алғыс білдіреді.

"Өте қуаныштымын. Қазақ: "Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер" — дейді ғой. "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр" дейді деген сөз де бар. Өз өзімізді қолдамасақ, бізді кім көтермелейді. Мен тек қазаққа ғана керекпін. Мен америкалықтарға қызық емеспін. Мені сыйлып сайт ашып жатқан жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ", - деді ағынан жарылған спортшы.

Источник: NUR.KZ