Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 50-орында тұр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz.
|
Ерболат Досаев |
Бұл ақпарат қыркүйек айының басында жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы 2014-2015 жылдарға арналған есебінде жазылған.
"Жаһандық бәсекеге қабеліттілік индексінде Қазақстан тиімділік және инновациялық даму факторлары бойынша тиімді дамудың екінші кезеңінен инновациялық дамудың жоғарғы үшінші кезеңіне ауыспалы позициядағы елдер тобында өз орнын сақтай отырып, 4,42 пайыздық орташа балмен 144 елдің ішінде 50-ші орынды иеленіп тұр. Бұл рейтингте елдер он екі фактор бойынша бағаланады. Олардың екеуі бойынша Қазақстан бірінші отыз елдің қатарына енді", - деп мәлім етті министр.