Қостанай облысында ақбөкендер өлтіріліп жатыр
2014 ж. 10 қыркүйек
3380
0
Жыл басынан бері Қостанай облысында браконьерлер 99 ақбөкенді атып алған.
Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасының 1-ші басқармасының прокуроры Дамир Бейсембаев хабарлады.
"Ақбөкендерді заңсыз ату фактісінің жиілеп кетуіне байланысты облыс прокуратурасы Орман және аң шаруашылығы комитетіне "Алтын дала" резерватын әуеден бақылауды және ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын сатып алуды ұсынды. 1 тамыздан бастап Комитет бір тікұшақ бөліп, қазір соның көмегімен аталмыш аумақ көктен күзетілуде. Мұндай мониторинг 15-20 қыркүйекке дейін жалғасады", - деп атап өтті ол.
2014 жылдың 7 айы ішінде аймақта 14 факті анықталып, осы уақыт аралығында 99 ақбөкен өлтірілген. Мемлекетке келген шығын мөлшері 22 млн теңге. Өткен жылы 7 браконьерлік фактісі тіркеліп, 53 ақбөкен атылған болатын.