
Қостанай облысының Қамысты аудан әкімі өзінің орынбасары Дәулетбай Кұлмановты Астанадағы мейрамханаларда бір жарым миллион теңгеге ас ішкені үшін жұмыстан шығарды, деп хабарлайды 31.kz.
Шенеунік пен есімдері құпия сақталып отырған делегацияның өзге де мүшелері дәл осы қомақты қаржыны түстенгендері үшін мейрамханаларға қалдырыпты. Бұл үшін Құлманов тек былғары креслосынан айырылды.
Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Құлмановтың қолына үш миллион теңге берілген. Бұл қомақты қаржы Қостанай облысы бойынша мәдениет күнін атап өтуге және Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу үшін бөлінген. Елордаға аудан әкімімен бірге барған орынбасары жұмсалмай қалған ақшаны қазынаға қайтарып береді. Ал қалған бір миллион теңгенің қайда және қалай жұмсалғанын айта алмаған.
«Бір миллион 22 мың теңгеге берілген құжат жалған болып шықты. Және мейрамхана қызметкерлері 483 мың теңгеге есеп әкеп бергендерін айтады. Яғни сома екі есе төмен бағада берілген. Ал қалған қаржының қайда жұмсалғаны белгісіз», - дейді Қостанай облысы тәртіптік кеңес төрағасы Асқар Шоманов.
www.bnews.kz