Есімовтің шоудан өзге шаруасы жоқ па?!.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Алматы – менің алғашқы махаббатым" жыл сайынғы музыкалық ретро фестивалінде рояльда "Une Vie D’Amour" (Мәңгілік махаббат) композициясын орындады деп хабарлайды BNews.kz.

Ахметжан-Есимов-привечает-только-сильных-мира-сего-610x406

Биылғы фестивальдің тақырыбы бүкіл әлемге танымал "Оскар" рәсімі болды.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Алматы – менің алғашқы махаббатым" жыл сайынғы музыкалық ретро фестивалінде рояльда "Une Vie D’Amour" (Мәңгілік махаббат) композициясын орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Еске сала кетсек, кеше Алматы қаласында "Алматы – менің алғашқы махаббатым" фестивалі өтті. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары фестивальдің қызыл кілемінде жарқыраған әдемі киімдерімен көзге түсті.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева фестивальдің дамуына зор үлес қосқан танымал өнер қайраткерлеріне мерейтойлық сыйлықтар - мүсіншелер табыстады.