Каспий теңізінде балықтар жаппай қырылуда...

Маңғыстау облысында балықтар жаппай қырылып жатыр. Қаспий теңізінде өлген балықтарды вирусология институтына сараптама жасау үшін жөнелтеді, алайда мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бұған аптап ыстық себеп деп отыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне прокурордың көмекшісі Асылан Құжиев айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда балықты Ақтау қаласының ветеринарлық зертханасында тексеруде.

«Зерттеу нәтижесі бойынша қысқа мерзімде қоршаған ортада ластайтын заттардың бар-жоғы туралы қорытынды беріледі. Болжам бойынша, балықтардың жаппай қырылуына аптап ыстық себеп болуы мүмкін», - дейді Асылан Құжиев. Балықтардың нақты неден өліп жатқаны келесі аптаның соңында белгілі болады. www.bnews.kz