Мұхтархан Оразбайдың 15 өтірігі
2009 ж. 27 қараша
3080
0
Әдетте, жалған тарих жазған адам¬ды, жалған ақша жасаған қыл¬мыс¬кер ретінде жазалау керек дегенді жиі айтамыз. Ал, елі¬міз тәуелсіздік алғаннан бер¬гі 20 жылға таяу уақыт ішін¬де қоғамдық ғылымдар салବ¬сын¬да, әсіресе тарих пен әдебиет салବсында жаңбырдан кей¬ін қаулап шыққан саңырау¬құлақ¬¬тай қаптаған том-том кес¬ек кітаптар мен ұзақ сонар мақа¬лବлардың дұрыс-бұрысын са¬раשּׁтап, байлаулы сөз айтар өкі¬лет¬¬¬ті мемлекеттік мекеменің жоқ¬¬тығынан, әрі атағынан ат үркетін академиктер мен док¬то𬬬¬лардың үнсіз бейтарап¬тығы¬¬нан орайшыл оспадарлар тым ер¬¬кінсіп, тарихи санасы енді ға¬на қалыптаса бастаған жас ұрпақ¬ты әбден шатастырып жіберді.
Сондай жүген-ноқтасыз кет¬кен¬дердің бірі — өткен ғасырдың 80-жылдары Қытайдан Түркияға кел¬іп, 90-жылдардың басында Қазақ¬¬станға келген Мұхтархан Ора第бай деген «оқымысты» еді. Бірақ, бүгінгі сөз ол туралы емес. Оқырмандар назарына ұс¬¬ын¬¬¬бағымыз, Мұхтарханның Қы¬тай ақыны Ли Байдан қа¬зақ - Дулат ақыны жасамақ бол¬ып, қадірлі ақсақалдарымыз Өмір¬¬¬бек Байгелді мен Шер¬хан Мұртаза, филология ғылым¬дар¬¬ы¬ның докторы Сауытбек Аб¬драх¬¬манов арқылы бүкіл қа¬зақ халқын, қазақ мемлеке¬тін ұятқа қалдырып отырған алବ¬яқ¬¬¬тығы¬¬¬на қатысты аран¬дବтушы өтіріктері мен жалған аударма¬ларын әшкерелу болмақ.
Біз, осыған дейін үстіміздегі жылдың 1-қазанында «Қазақ¬стан» атты газет бетінде «Тарих¬тың түйінін сізше тарқату күнә, сенатор Өмірбек Байгелдіге аш¬ық хат» жариялап, жаңылыс бас¬¬¬қан қадамдарына сын айтқан едік.
Ал, сол газеттің 15-қазандағы санында «Қытай ақыны Ли Бай шынында қай жерде туған?» деген көлемді зерттеу мақала жарияладық. Ол мақалаларда негізінен Ли Бай, Ли Тай Бай аталған ақынның түп-тұқиянынан қайыратын ата шежіресі мен қытай жазба деректері және қытай либайтанушыларының 1000 жылдан бері жазған-сызғандарынан дәлел келтіре отырып, оның ешбір талассыз шәк-шүбәсіз қытай азаматы екендігін, тек, оның туған жері туралы әр түрлі болжал пікірлер бар екенін айтып, түйінді қорытынды талдауымызды жасаған болатынбыз. Уәжге, қисынды сөзге тоқтаған қазақ екеніміз рас болса, менің қарсы пікірлестерім туралыққа тоқтар, алдамшыға арандап қалғанын кеш те болса түсінер деп үміттенемін. Әйтсе де, ол екі мақаламда Мұхтархан Оразбайдың тарихқа, ғылымға мүлде жат, жымысқы айла тәсілмен, болмағанды болдырып, жазба деректерді қасақана бұрмалап қытай тілін білмейтін қазақстандықтарды қалай адастырып, арандатқан фактілеріне арнайы тоқталмаған едім. Бұл ретте Мұхтарханның аңқау елге арамза молдалық жасап, Тазша балаша ойдан құрастырған «40 өтірігінің» басты-бастыларына арнап, ол шатастырған тарих түйінін тарқатуға септігім тие ме деп қолыма қалам алдым.
1-өтірік Қытай Ли Байдан Елібай, Ли Тай Байдан Елдібай, оның әкесі Ли Кы¬дан Алқа би, арғы атасы Ли Гуй мен, Ли Хаудан Дулат баба жасап шығару үшін ойлап табылған ғылымға, тарихқа жат аран¬¬датудан бастау алады. Сондықтан а묬да сөз болар Мұхтарханның «қырық өтірігінің» арқауына айналған осы өтірік¬тің қыр-сырын аша отырып зерттеуімізді жа묬ғас¬¬¬тырамыз.
Бес мың жылдық жазба тарихы бар Қытайды айтпағанда, дүние жүзінде өмір сүріп жатқан қай ұлт, қай ұлыстың аты-жөні мен ата-анасының ныспысын басқа тілге аударып, тарих, шежіре жазғанын көрген, білген адам бар ма, өзі?.. Өкінішке қалай біздің кеудемсоқ, шала сауатты тарихшы-шежірешісымақтарымыз талайдан бері жер-су атауларынан, ру-ұлыс аттарымен жеке атаулардан өзіне керекті қазақша мағына іздеп, оны өздерінше тапқансып, жаңалық ашқансып еліріп келеді.
Ғылымға, тарихқа қинаттан, шатастыру¬дан басқа берері жоқ осындай теріс ағым¬ға тоқтау салар уақыт жетті, ағайын!
Қытай жазба тарихына ең ертеде түс¬кен, әрі ең көп таралған байырғы фам謬лия¬¬лар¬дың бірі, тіпті Қытай тарихы¬на өш¬пес¬тей із қалдырған әйгілі патшалар мен уәзірлер, әскер басылары мен елшілер, ақын-жазушылар мен өнер адамдарына ат-фамилия болып «Ли әулеті» атанған миллиондаған Лилердің ішінен үш-төрт Лиді бөле-жара қазақшалап алып «жа¬ңବлық» ашпақ болу барып тұрған сра¬қылық, қазақ халқын ақымақ ету¬¬ден басқа еш нәрсе емес екенін баса айтқы¬мыз келеді.
Осы арада Мұхтарханнан мынадай сұ¬рақ¬тарға жауап алғымыз келеді.
1) Ли Бай деген қытайлық адам атының ата¬уының алдыңғы Ли сыңарын қандай тіл¬¬дік заңдылыққа сүйеніп «Ел, Елді, Елі» деген қазақ сөзіне айналдырдың? «Ли» мен «Ел» арасында қандай да бір ¬мବғы¬нବлық немесе үндестік үйлесім бар ма?
2) Ли Байды — Елібай, Ли Тай Байды — Елді¬бай деп қазақшалағанда сүйенген ережең бойынша Ли Байдың әкесі Ли Кыны «Елі Би» болмай, неліктен ол «Алқа би» болып түрленіп кетті? Ли Байдың аузына «Мен Дулат бабаның тоғызыншы ұрпағымын» деп сөз салғанда, Ли Байдың арғы аталары болған Ли Гуаң мен Ли Хаудың «Ли» фамилиясына келгенде «Ел»-дің түсіп қалатыны қалай? Ли Байдың қарындасы «Ли Йо Юан» қалайша «Елі Толғанай «болмай», «Толғанай» болып қазақшаланды екен? Ал, «Ли Бай» дағы Бай сөзінің мағынасында қазақ тіліндегі «бай, манап» сөзіне ұқсастық деген мүлде жоқ нәрсе. «Ақ, жарық, анық» дегендерді білдіретін сын есім. Бірақ Мұхтарханға керегі ол емес, тек қазақтың «бай, манабы» ғана керек болғандықтан «Ел + і +Бай» немесе «Ел-dі-Баі» деп өте шығу керек болған. Ли Байға қатысты «Ли» әулетіне өзі қалаған қосымшалар мен сөз тудырушы жұрнақтарды тіркеп «Алқа би, Толғанай, Дулат баба» т.б. жасай беру Мұхтарханға не тұрады, тәйірі?! Әйт¬кен¬¬мен, қарт тарих, жазба дерек кім көрін¬ген¬¬нің қолындағы ойыншыққа айна¬ла алмବса керек.
Сондай мойны қатаң, діті берік тари¬хи жазба деректің бірі, әрі бірегейі арты¬на миллиондаған ұрпақ қалдырған қытай¬дың Ли атты өскен, өнген, текті әулеті бо¬ла¬тын. Сондықтан да Қытайға кеңінен таны¬мал Жаң Сан Ли Сы — пәленше, түген¬ше, бәрі, жұрттың бәрі, екінің бірі егіз¬¬дің сыңары, ел, жұрт т.б. мағынада қол¬данылатын мәтелдегі «Ли» сөзі ең көп, ең әйгілі дегенді білдіріп тұр. Ендеше, қытайлар мыңдаған жылдық ата шежіресі бар «Ли» әулетін ХХІ ғасырда жолбике Мұх¬тарханға барымталатып қойып қарап оты¬ра қоймас.
Оқырмандарымызға түсінікті болу үшін өт¬кен¬¬де жарияланған мақаламыздағы Ли Бай¬дың ата шежіресі кестесін осы араға бе¬ре кетуді пайдалы болар деп ойладық.
Мен бұл кестені «Елібай. Ли Бай. Ли Бо» ат¬ты алтындаған әйдік кітаптың 99-беті¬нен алып отырмын.
Мұхтархан өтірігінің ең сорақысы, әрі нағыз қылмыспен барабар өрес¬¬кел бұрмалауы осы шежірелік кес¬тенің астыңғы жағында шежірені сыз¬ған қытайлық автордың төрт тар¬¬мақ¬ты «ескертпе» сөзін әдейі ауда¬р¬май тастап кетіп, бұл кестеге мүлде қа¬ты¬¬¬¬сы жоқ, онда айтылмаған мына сөзді жазып қойғандығы: «Ақынның сақталған шежіресі, бесінші атасы түрік қағанатының ханы болған дейді».
«Оқымысты» Мұхтархан сенатор Өмір¬бек Байгелді мен доктор Сауыт¬бек Абдрахманов мырзаның көзін бақырай¬тып қойып осындай жолсыздыққа бару¬дан тайынбапты. Қазақстанда өзінен бас¬қа қытай тілі мен жазуынан хабардар ада쬬дар бар екенін, олар не дер екен деген¬¬ді мүлде есіне алғысы да келмеген.
Егер де «Елібай» кітабын шығару алқବ¬сындағы бір адам болса да, «мына шежі¬ре¬лік кестені қазақшалап берелік, сонда жұрт¬¬тың көзі біздің айтқанымызға анық жетеді» дегенде, Мұхтархан осындай қыл¬мыс¬¬тық жолмен қазақ халқын ақымақ қылу¬¬ға бата алмас еді ғой.
Ли Байдың ата шежіресіне байланысты 4 ес¬кер¬тпені тастап кетуінің мәнісін аудар¬ма¬мен танысқан көзі қарақты оқырман¬дардың өздері-ақ білетін болады.
1) Ли Байдың ата тегі туралы тайуандық ғал¬ым¬дар Го Шияң Лин, Жу Венгу және бас¬қалардың айтуларына қарағанда, Ли Бай Жияң Чың немесе Юан Жидің әулеті көрінеді. Соңғы кезде оны Зұң Лидің әулеті деушілер де шыға бастады.
2) Жаң Шучыңнің (ЛанЖоу университеті) пікірінше Ли Байдің ата тегі Хан дәуіріндегі Ли Лиңнің әулеті болып табылады, Батыс өлкеге кетіп қалған.
3) Ал «Ли Байдың ата тегі шежіресі туралы түрлі пікірлерге талдау» деген еңбегінде Жияң Жы: «Ли Бай Ху саудагерінің ұрпағы да емес, Ли Лиңнің ұрпағы да емес, тіпті ТАҢ дәуіріндегі Лилердің әулеті де емес, ол жарлы-жақыбайдан туған, оның әкесі Тау Юанмйң секілді бір қаңғыбас болған» — деп жазады.
4) Бұл шежірелік кестеде ХАН патшалы¬ғының сардары (генералы) Ли Гуаңнан Ляң У, Жау Ваң Хауға дейін жалғасып ке¬ліп, одан әрі Ли Гуиден бастап, оның әкесі болған Ли Кыге дейінгі аралықта екі үзіліс бар, осындағы шежірелік үзілістер онша нақ¬тыланбаған. Ол мамандардың одан әрі зерттеп-зерделеуін күтіп тұр.» (Елібай. Ли Бай. 99 бет).
Олай болса, Ли Байдың ата шежіресінің немесе оған берілген төрт ескертпенің қай жерінде оның «Бесінші атасы түрік қаға¬натының ханы болған» деп жазылған екен?
Әр кім осылайша жоқты бар деп, тарихи дерек көзін белден баса бұрмалап, ойына келгенін жаза берсе тарих тарих болудан қалмай ма? Әзірдің өзінде Мұхтархан Ора第бай бүкіл қазақ халқын, оның ғы¬лы¬мын, тіпті қазақ мемлекетін ұятқа қал¬дыр¬ып үлгерді.
Қытайлық Ли әулетінен шыққан Ли Байды Шу өзені бойында Дулат баба¬ның 8-ұрпағы (Ли Бай 9-ұрпақ деген сан¬дырақ бойынша) Ли Кы (Алқа бидің)–ның отбасында дүниеге келтіргісі келген ағайы¬¬ндардың көзін тарихи шындыққа жет¬кізе түсу үшін жоғарыдағы төрт ескер¬тпенің ішіндегі кейбір ұғымдарға түсінік бе¬ре кетуді жөн санадық.
1) Ли Бай «Ху саудагерінің ұрпағы емес» дегенде зерттеуші хұндардың ұрпағы да емес деп тұрған жоқ. Мұнда УІ-ІХ ғасыр аралығында көк түріктер мен табғаш (таң патшалығы) ордасына кіріп, орнығып алып, Шығыс пен Батыс арасындағы бүкіл саудамен дипломатиялық барыс-келісті қолдарында ұстап тұрған соғдалық (тәжік-парсы) көпестерді меңзеп тұр. Сол арқылы қытай ғалымы Ли Байдың түрік текті еместігі түгілі, соғдалықтарға да қатысы жоқ екенін айтып тұр.
2) «Тау Янмиң секілді қаңғыбас бір¬еу¬дің ұрпағы болуы мүмкін» дегені — қытай тарихында кезбелік пен тәркідүн¬иялықтың символына айналған Шығыс Жин патшалығы дәуірінде (317-420) өмір сүрген (бүгінгі Жиаң Ши өлкесінің адамы) өршіл, бунтар ақын болатын. Ол, кейде қоғамдағы әділетсіздіктерден жиіркеніп, ығыр болғанда иен далаға, тау-тасқа безіп кетіп қаңғыбас тірлік кешетін.
Ли Байдың әкесі Ли Кы сондай қаң¬ғыбас адам еді демекші. Олай болса, жо¬ға¬ры¬¬дағы қытайша шежіреде де, оған жаз¬ы¬лған ескертпе-түсініктемеде де жоқ «Түрік қағанаты, бесінші атасы, ханы» де¬ген түсінік» қайдан шықты? Әрине, Мұхтар¬¬ханның қалтасынан шықты.
Ендеше, Мұхтарханның жалған ақша жасаған қылмыскерден қандай айырма¬сы болғаны?
2-өтірік Ли Байдың әкесі Ли Кыдан «Алқа би» жасауға ұрынудан туындаған көп өтіріктің ұйытқысы деп біліңіздер.
Мұхтархан ол туралы ешбір тарихи дерек көзі¬не сүйенбейтін әкесі Оразбайдың ар¬ғы аталары туралы шежіре шертіп отыр¬ғандай-ақ былай деп көсіледі: «... он¬ың әкесі Алқа деген адам. Ол қазіргі Та¬раз қаласындағы белгілі ел билеген шон¬жарлар мен шайқыларға жататын оқы¬мысты, аса зиялы адамдардың бірі бол¬ған. («Елімен қауышқан Елдібай ақын». «Әдебиет» баспа үйі. Алматы. 2008. 10-б.)
Мұхтархан осылайша «Алқаны» қолдан туғызғандай етіп баяндай келе оған мы¬на¬дай мінездеме де беріп тастайды: «... ірі шешен, белді ғалым, қылышкер, қамшы¬гер, өнерлі билердің бірі болған. Сол се¬беп¬ті Алқа шақырған басқосуларға бар¬ма鬬тын жан баласы болмаған деседі тари¬хи деректерде». (12-бет).
«Доктор» Мұхтархан мырза, сен тұ¬ман¬дата сілтеме жасайтын «тарихи дерек¬терді» қайдан, қалай табуға болады? Ондай бұлтартпас «жазба деректерден» неге бір рет болса да үзінді келтіріп кет¬пей¬сің?
Мен дәл сол дәуірді, яғни ерте Орта ғас¬ыр¬¬ды жүйелі зерттеген адам едім. Сон¬дықтан қытай жазба деректері мен Ор¬хон-Енисей тас жазбалары мәтіндерін қытай, түрік, ұйғыр, қазақ, орыс түрколог¬тарының зерттеу еңбектерін салыстыра қарастырғандықтан, сен емексіткен «Қы¬тай тарихи жазбаларынан» Ли Кы — «Алқа би» ғана емес, жалпы «Ли» әулетінің біздің жерімізде болғаны жөнінде ешбір жазба дерек жоқ екеніне куәлік ете алатынымды ашық мәлімдеймін.
Доктор мырза, өзің қолыңнан туғызған «Алқа биіңнің» артына қалдырған қан¬дай шешендік сөздері мен ғалымдық еңбектерін атай алар едің?
3-өтірік Ли Кының арғы аталары жөнін¬¬дегі мына сөздерінен өрбиді: «Оның арғы аталары да кезіндегі ғұндардың империялық ірі одағын құрған, тарихтағы бес белгілі елдің бәрі (?) болған Ду Лу (du lu) тайпасынан шыққан. ... Сол тарихи кезеңдегі (?) Дулу руының атақты батырлары, ақылгөй аталары, тарихтағы 16 рулар бірлесіп құрған (?) ғұндардың үлкен империялық одағы «он алты ұлысты» (?) басқарған мәртебелі адамның ішін¬де болған еді делінеді қытай жазба деректерінде» (12-бет).
Мен, 1998-жылы «ҚАНТ» баспасынан басылып шыққан екі томдық «Ұлы хұн импе¬рия¬¬сының тарихы» атты кітапты түрік тілінен аударып едім. Кітапқа енген тарихи деректер Қытай тарихының атасы делінген Сы Машиянның «Тарих-намасы» мен көне және жаңа «Хан-нବмବдан» алынғандықтан тарихқа қаты¬сты кітаптарды, зерттеулерді мүм¬кін¬¬ді¬гінше тауып оқып, екі томдықты зерт¬¬тей аударғанмын. Сол тұста қытай тарих¬шылары Ваң Миң Жы мен Ваң Биң Хуалар жазған «Үйсін туралы зерт¬¬теу» атты еңбекті мұқият оқыған едім. Ол кітапты 1989 жылы Үрімжіде Н.Мұхаметхан¬¬ұлы аударып бастырған болатын.
Мен білетін тарихта, ғұндар құрған «им¬пери¬ялық одақ» дегеннің құрамында «тарих¬тағы бес белгілі елдің бірі болған Дулу¬лар» жөнінде ешқандай жазба де¬рек жоқ. Ал, жаңылтпаштай шатасқан «тар¬их¬тағы 16 рулар бірлестігін құрған, ғұн¬дардың үлкен империялық одағы «он алты ұлысты» басқарған мәртебелі адамның ішінде болған еді делінген» қытай жазба дерегін Мұхтархан тауып бермесе, біз жоқтан бар жасай алмаймыз.
Көзі қарақты оқырмандар Мұхтарханша тарих жазудың қаншалық күлкілі әрі қауіпті екенін парықтай жатар.
4-өтірік «Алқа би» жөнінде ойдан шығарған «Алқалы кеңес құру» дейтін ойжотаға құрылған. «Алқа биді» жеке¬шелендіріп алған Мұхтархан, енді қазақ сөздерінің этно-лингивистикасына қол салып, «қазақтарда әлі күнге дейін «алқа¬лы кеңес құру» деген сөз бар. Бұл арада Алқа бидің ел азаматтарын мақұлдасуға бола керісе отырып келістіретін, өте ертеден қалыптасқан, ұлттық ерекшелікке айналған, озық салтты қазақ даласына орнатқан адам ретінде аталады. ... Ол жөнінде көптеген мәліметтер бар» (12-бет) деп көсіледі.
Әттең, сол көпірген «көптеген мәлімет¬тердің» тым құрыса бірерін доктор Мұх¬тар¬хан жарияға шығара алса жарар еді.
«Алқа, алқалы кеңес құру» — бұл сөздер мен сөз тіркестері УІІ ғасырда өмір сүр¬ген «Он оқ бұдұнның» сөздік қорында болғанына қандай тілдік айғақ келтіре алар екен, Мұхтархан? Әрине, келтіре алмайды. «Алқалы кеңес» — «Күлтөбенің басын¬да күнде кеңес» тіркесімен заман¬дас, мұндағы сөз екені белгілі.
Тарих ғылымында қалыптасқан, бұл¬жы¬мас заңға айналған тарихты зерттеу әдіс-тәсілдері болушы еді. Тарихи оқиға¬лар мен тарихи тұлғалар туралы сөз бол¬ғанд¬а, сол заманда, тіпті болмаса, одан кейінгі дәуірлерде қағазға түскен жазба деректерге арқа сүйей отырып зерттеуші өз тұжырымын айтатын сияқты еді. Біз¬дің Мұхтархан ондайға пысқырып та қарамай, қызыл сөзді қыпығымен са¬пы¬рады екен. «Аңқау елге арамза мол¬далықтың» қазақы үлгісі. «Ол жөнінде көптеген мәліметтер бар. ... Ол жөнінде қытай жазбалары жан-жақты сырлар шертеді»деген сияқты бос сөздермен тарихи жазба деректерді оқып-пайдалана алмайтын оқырмандарының мысын баса қоқиланады. Шын тарихшы, тарихқа адал зерттеуші алдымен сол «жазба дерек¬терді» бұлдамай, бұлдыратпай оқыр¬ман на¬зар¬ына ұсынар болар. Ал, қолында ешқан¬дай тұрлаулы дерек-дәйегі жоқ Мұхтар¬хандар ғана солайша орғып, ора¬ғы¬тып өте шыққысы келеді.
Бұдан түйер түйініміз: Қытай жазба дерек¬терінде Мұхтархан қолдан жасаған «Алқа биге» қатысты ешбір сөз жоқ, бол¬уы да мүмкін емес.
Ендігі сөз Мұхтарханның Ли Кыны (Алқа би) Шу-Суябтан қытай қорғаны іші¬не көшіріп апаруы жөнінде ойдан шы¬ғар¬ған, тарихты шатастырған нағыз аран¬да¬тушылық қылығына арналады.
5-өтірік Мұхтарханның «отаншыл» Ал¬қибиінің Суяб-Шу өңірін тастай қашып, Қытайдың ұлы қорғанына бар¬ып паналауына байланысты тарихқа жасал¬ған кешірілмес қиянатынан өрбиді. Мұхтар¬хан өзі жете білмей шатасумен қой¬май, жұртты да шатастырып Түркештер ту¬ра¬лы мынадай қате ақпар таратады.
«Қазақ даласын бір замандарда биле¬ген Батыс түрік қағанатының Түркеш хан¬дығы, жетінші ғасырдың соңынан бас¬тап, тұс-тұстан жасалып жатқан әр түр¬лі шабуылдар салдарын ел ішіндегі сая¬си, экономикалық жақтарда күрделі жағдайға тап болды» дейді. (13-бет).
Мұндағы «Батыс түрік қағанатының Түр¬кеш хандығы» деген не жаңылтпаш? Дұр¬ысы — Батыс түрік қағанаты ау¬ма¬ғында, ежелгі үйсін жерінде «он оқ бұдұн¬ның» белді тайпасы Түркештер құрған (692-766) қағанат. Хандық пен қағанат мәртебесі жөнінен парықты мемлекеттік құрылымдар.
YІІ ғасырдың соңынан бастап Түрке¬штер Мұхтархан жазғандай азып-тозуға ем¬ес, өз алдына шаңырақ көтерген жас мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту жолын¬да табанды күрес жүргізіп, Орталық Азия¬дағ¬ы ықпалды күшке айнала бастағаны тар¬и¬хи шындық. Мен «Түркеш қағанаты» деген монографиямда оған жан-жақтылы тоқталған болатынмын.
6-өтірік ҮІІ ғасырдың соңғы ширегінде Орталық Азия мен Жетісуда қалыптасқан геосаяси жағдайды білместіктен немесе қасақана бұрмалаудан туындаған.
Сырттай, шола қарағанда УІІ ғасырдың соң¬ында, нақтылап айтқанда 680-жыл¬дар¬дағы геосаяси жағдайдың шиелені¬сіп кеткені рас болатын. Бірақ ол шие¬ле¬ніс Мұхтархан төндіре жазғандай түр¬ік халықтары, оның ішінде «он оқ бұдұн¬ның» елдігі мен мәдениетін ойран қы¬лар апатты жағдайда емес, керісінше тәу¬елсіз¬дік жолындағы ақтық айқасқа кіріс¬кен нағыз жұлдызды жылдарға тура келеді. Иоллұқ тегін Күлтегінге арнап жазған тас жазбада: «... түрік бектері түрік атын жоғалтып, табғаш бектердің табғаш атын тұтынып, табғаш қағанына бағынды. Елу жыл ісін, күшін берді» деп күңірене ес¬ке алған 50 жыл, 630-679-жылдар ара¬лы¬ғы болатын. Ал, 682-жылы Орхон бойында екінші Түрік қағанаты қайта қалпына келіп, Таң империясының әскерін ұлы қорғанның ішінде қуалап жүріп соққылай бастаса, оңтүстіктегі Табандар (Тибет) күшейіп Таң империясы билеп келген Қашқарияны басып алып, ұлы қорғанға қауіп төндірді.
Оңтүстік-батыста араб халифаты қуат¬ты Иран патшалығын бағындырып, Азия¬дағы құдіретті күшке айналған болатын. Бірақ оған дейін Батыс Түрік қағанаты иелі¬гіне қауіп төндірер жағдайда емес еді. Мінеки, қалыптасқан осы геосаяси жағ¬дай «он оқ халқы» үшін барынша қолайлы болғанын баса айтуға тиіспіз.
бірінде, түркештердің Баға тарханы Өжелі, Табғаш қағандар билеп келген Су¬яб бекінісін шабуылмен алып, үлкен Орда¬сын осында әкеліп орнатты да, кіші Орд¬ас¬ын Қойлық бекінісінде қалдырды. Бұ¬ны тәптіштеп отырудағы мақсатымыз, Мұхтар¬хан бұрмалап түсіндірмек болған тари¬хи шындықты көрсету.
Мұхтархан мадақ сөзін жаудырған «Ал¬қа биін» Суяб, Талас қалаларын тастап кетуге мәжбүрлеген» қара түнек заман дегені, оның керісінше, Өжелі Баға тархан бастаған «он оқ халқы» Батыс түрік қағанаты аумағынан Таң империясының отарлаушы армиясына арқа сүйеген «Табғаш қағандарды» қуып тастап, ел іргесін бекітіп алған 705-706-жылдарға сәйкес келеді. Тарихи шындық осылай!
Осы арада Елдібай, Алқабишіл Мұхтар¬ханға мынадай сұрақ қойсақ, қалай жауап берер екен?
Бірінші сұрақ: Жетісу мен Орталық Азияда қалыптасқан түрік халықтарына, он¬ың ішінде Мұхтарханша айтқанда «мың¬¬даған жылдық бай мәдениетке ие қа¬зақ-дулаттар оның ғұлама ғалымы, айт¬қа¬ны екі болмайтын Алқабилеріне туған қолай¬лы тарихи жағдайда, «Алқа би» неге туған жерін тәрк етіп үрім-бұтағын арқа¬лап мыңдаған шақырым шалғайға қа¬ша көшеді?
Екінші сұрақ: Дулаттардың ақылгөй қам¬қоры, асқан патриот «Алқа би» Жетісуды тастай қашуға мәжбүр болғанның өзінде ол неге қандас, тағдырлас көк түріктерге, олар құрған Түрік қағанатына кетпей, түрік халықтарының ата жауы болған Таң империясы иелігіндегі Шу-Сычуан жері¬нен пана іздейді?
Халқымызда «өтіріктің өзіне сенбе, қисы¬нына сен» дейтін мысқыл сөз бар. Мұх¬¬тар¬ханның «қырық өтірігінен» сол құр¬ғыр қисынды таппай дал болады екен¬сің...
7-өтірік оның мына бір абзац сөзінде айтылған 4 бірдей шылғи өтірігінен туын¬дай¬ды. Доктор мырза былай көсі¬леді: «...аласапыранды өзгерісті, жаны тө¬зіп қабылдай алмаған Алқа би б.з. 713-жылы тұтас туыстарын бастап, Шы¬ғы¬с¬тағы түріктер басқарып отырған қы¬¬тай¬мен шектесетін Дөң-хана жеріне көше¬ді. Ондағы ертедегі рулас, аталас, қан¬¬¬дастарын паналайды. Осы кезде Елі¬бай он екі жасқа келген еді» (13-бет)
1) Алқа би тұтас туыстарын алып 713-жылы көшті деген мүлдем сандырақ. Ли Байды Суябта туған деп есептейтін са¬нау¬лы қытай авторларының өзі де, энцикло¬педиялық сөздіктерде де оны 705-жылы СыЧуанның Жияңю өңіріне көшіп келген еді деп жазып келеді. 713-жыл деп жазған «оқымысты» Мұхтарханнан басқа бір пен¬де жоқ.
2) «Шығыстағы түріктер басқарып отыр¬ған Қытаймен шектесетін жер» деп емексіткеніне қарап, Шығыс түр¬ік қа¬ға¬нат¬ын айтқан шығар деп қалмаң¬ы¬здар. «Дөң-хана» деген Алқа бидің «қан¬дас, аталас, руластары» тұрып жатқан бүгінгі Ган¬су өлкесінің батыс қақпасын айтып отыр. 705 немесе 713-жылдары Таң импе¬риясы билеп тұрған Гансу (Кеңсу) өлке¬сінде қайдағы түріктер басқарып тұрған жеке хандық, иелік? «Алқа бимен рулас, аталас» қандай адамдар билік басында отырған екен?
3) «Дөң-хана» дегені қандай «хана» бол¬ды екен? Қытайлар «Дүн хуаң» деп жаза¬тын жағрафиялық атаудан ешқандай қа¬зақ¬ша «Дөң» мен парсыша «хана» мағы¬насы шықпайды. «Дүн хуаң»ның қытай жазба деректеріне ілінгеніне кемін¬де 2000 жыл болды. Ал, түрік халық¬тары тіліне араб, парсы сөздерінің ене баст¬ағаны, сол қатарда сөз тудырушы «хана» қосымшасы жалғана бастағаны ІХ-Х ғасырлардан бері қарай десек қателе¬спеспіз. Мұхтарханша белден басу, жоқтан бар жасаудың үлгісі бұл,,,
4) «Осы кезде Елібай 12 жасқа келген еді» деп жаза салу да «оқымысты» Мұх¬тар¬ханға не тұрады, тәйірі?! Тарихи де¬рек-дәйек дегендер оның қалтасында тұр емес пе? Егер де мың жерден алғыр, ерек¬ше дарынды бала болғанның өзін¬де Мұхтархан көпірте мақтағандай «... қазақ даласын туа сала сүйе білген дарынды ұл, бес жасында тарихи қа¬зақ дастандарымен сусындаған жан» бол¬уы ақылға қонбайды-ақ. Сол үшін Ли Байды бес жасында қазақтың тари¬хи дастандарымен сусындату күмән тудыра¬рын білгендіктен Елдібайын кәмелетке толтырып барып ішкі Қытайға апарғанды жөн көрсе керек.
Бұл өтіріктің жай-жапсарын ашу үшін оған арнайы тоқталамыз. Өйткені ол Мұхтар¬хан ойлап тауып, сенатор Өмірбек Байгелді мен доктор Сауытбек Абдрах¬мано¬втың басын шыр айналдырған сыйқырлы дұғаның өзі болатын.
8-өтірік Сасанилер жөнінде айтылған. «...Батыс және оңтүстік өңір¬лер¬¬де Сасанилер құрған мемлекет күшей¬іп, Самархан, Бұхара, Үргеніш, Отырар, Сауран т.б. Амудария бойындағы (?) көп қалалар солардың қолына өтіп кетеді. Ел іші екіұдай күй кешіп, қазақ ұлты ауыр сарсаңға түседі» (13-бет) деп соғады тарих докторы. Тарихи шындықтан мүлде алшақтап кеткен Мұхтарханға «Отырар¬¬ды» Амудария бойына апара салу да түкке тұрмайды. Қоғамдық ғылымдарда қалыптасқан ру, тайпа ұлыс, халық, ұлт категориялары жөніндегі ұғым-түсініктер дегенің де ол үшін қарақұрық бір нәрсе ғана.
Сасан әулеті құрған мемлекет 3-7 ғасыр¬ларда Таяу және Орта Шығыста билік жүргізді. 558-568-жылдар шамасында ғана Естеми қаған батысқа жорық жаса¬ған¬¬ға дейін Амударияның оңтүстік-баты¬сын¬дағы кейбір жерлерге қожалық ете алғанымен 652-жылға келгенде бұл мемлекетті арабтар басып алды да, бай¬тал түгіл бас қайғы дейтін мүшкіл хал¬ге түседі. Ендеше, Мұхтархан «қазақ ұлт¬ын ауыр сарсаңға түсірген» қайдағы сасаниларды айтып отыр? Қытай Ли Кыны (Алқабиді) Қытайға үдере көшіру үшін тарихты осылайша бұрмалап, аузына келге¬нін көйіте беру керек пе?
Егер де шартты түрде болса да Мұх¬¬¬тар¬¬ханның Алқа биінің Суяб-Шу өңір¬і¬нен Қытай жеріне көшуінің себе¬бін анықтау керек болса, Қытай Ли Байтан¬ушыларының кейбір пікірлеріне жүгінуге болады:
«Қазақстан» газетінің 15-қазандағы (№37) санында және Аbаi.kz сайтында жар¬ия¬ланған «Ақиқат пен аңыз» атты мақаламда, 2008 жылы Қытайдың Нан¬жин қаласында басылған «Ли Бай Жуан» деген кітаптан Ли Байдың әкесі Ли Кының «Батыс өңірге» қалай келгені, одан 705-жылы Қытайға неге қашу себебі қысқаша баяндалып еді. Сонда айтылған кейбір мәселеге осы арада анықтама бере кетуді пайдалы көріп тұрмыз.
Біріншісі — Ли Байдың арғы атасы, Бес Ху-16 хандық тұсында Батыс Лиаң хан¬дығын құрған Ли Хау (351-417) жөнінде жазылған «жаңа эраның 400-жылы Ханзу (Қытай - Ә.Д.) Ли Хау Дүн Хуаңда (бүгінгі Гансуда) құрған билік. Тарихта Батыс Лиаң деп аталған. 421-жылы Солтүстік Лияң хандығы жойған» («Цы Хай» Шаңхай. 1989. 2063-бет) деген дерекке назар аударалық.
Мұнда бадырайта «Ханзу Ли Хэу» деп және ол құрған хандық 421-жылы Солтүстік Лияң хан¬дығы жағынан жойылғаны анық жазылған. Содан былай қарай Ли әулетінің бағы таяды.
Ли Бай сол Ли Хаудың 9-ұрпа¬ғы бола¬тын. Ал, Ли Байдың 5-атасы болған Ли Гун (?-619) Сун патшалығының (581-618) соңғы кезінде ірі әскер ба¬сы бол¬ып жүріп, 617-жылы әске¬ри төңкеріс жасап, өзін Хы Ши өңірі¬нің Да Лиаңваңы деп жар¬и¬я¬ла¬ды да Жаң Йе, Дүн Хуаң қатарлас бес аймақты басып алған соң, өзін патша деп жариялады. Таң патшасы Гау Зу астыртын әрекет ұйымдастырып оны ұстап әкетеді де Чаңанде басын кеседі» (Бұл да сонда. 1422-бет)
Ли Байдың ата шежіресін қуа¬лай зерт¬теген қытайлық ғал¬ым¬дар Жу Шыншу мен Тұң Шяң¬дар¬дың «Сүй патшалығының соңғы кезең¬інде үлкен аласапыран па鬬¬да болады да, Ли Байдың арғы ата¬лары Батысқа ауып бар¬ып Сүйеге бар¬ып тұрақтайды. Сүйе дегеніміз Қыр¬ғыз¬стандағы Тоқ¬мақ қаласына жақ¬ын орна¬ласқан ежелгі Жібек жолы бой¬ы¬н¬¬да¬ғы маңызды қала. Сол уақытта Таң пат¬шବлығына қа¬ра¬сты болған» деп жазуына негіз болған тарихи оқиға, сол бүлік¬шіл Ли Гуй жазаланғаннан кейін, оның үрім-бұтағының бас сауғалап шалғайға бос¬¬ып кетуі немесе Таң патшасы жер ауда¬р¬ып жіберуіне байланысты болса керек. Олай болғанда Ли Байдың 701-жылы Сүйе бекінісінде, Ли Кы отбасында дүниеге келгені шын болады. Бірақ, біздің елді¬байшылар жалаулатып жүр¬ген¬¬дей Дулаттың Алқабиі деген¬нің отбасында дүниеге келмегені айдай анық нәрсе.
Ал, Ли Кының Суябты тастай қашуының тарихи артқы көріні¬сі туралы жоғарыда біршама тоқ¬¬¬¬тал¬ғанбыз.Түп-тұқиянын Қы¬¬¬¬¬та鬬дың әйгілі Ли әулетінен та¬рବтуды мақтан көретін Ли Бай және оның әкесі Ли Кының Суяб¬ты астана етіп, салта¬нат құ¬ра бастаған Түркеш қағанаты¬ның айбынды қағаны Өжелі Ба¬ға тархан жүргізген жеңісті жо¬р¬ық¬¬тардан зәресі қалмай, ұлы қор¬¬ған¬ға қарай қашқан Қытай көшіне ілесіп Сы Чуан өлкесіне кетуі табиғи нәрсе. Қытай дерек көздерінің барлығы дерлік «Ли Бай бес жасында отбасымен бірге Шу жеріне келеді. Ли отбасы ұзақ уақыт (бір ғасырдай уақыт - Ә.Д.) Батыс өңірде тұрғанымен, ол ешқашанда Батыс өңірлік адам болған емес. Ли әулетінің арғы аталары әуелде Лұң Шиде өмір сүргендіктен бұл отбасында негізінен Ханзу мәдениеті — Жұң Го (Қытай - Ә.Д) мәде¬ние¬тінің ерекшеліктері жақсы сақ¬тал¬ған. Ли Бай кейінгі кездері кішкентай күнінде әкесі ылғи да дәстүрлі өлеңдерді жатқа айтқызатынын еске алушы еді. Өлең-жыр жаттау Орта жазық мәдениет¬імен тәр¬бие¬леудің бір тәсілі болатын. Бұ¬дан біз, Ли Кының Қытайдың дәстүрлі мәдениетін меңгерген адам екенін біле аламыз», — (12-13-б. «Ли Байдың өмірбаяны») деп жазғанына сәйкеседі.
Елдібайшыл Мұхтарханның өт¬і¬р¬ік¬¬¬тері¬нде не айтылғанын ос¬ы¬¬лବрмен салыс¬ты¬рып, ой қоры¬ту¬ла¬рыңызды өтіне¬мін, қа¬дір¬¬¬лі оқыр¬¬мандар.
9-өтірік тағы да қазақ ұлты¬ның тарихи ұлы мәдениеті¬нің щай¬қалуын көзімен кө𬬬ген, өз елі¬нің сан мың жыл¬дық тарихи мә¬де¬ниеті мен әде¬бие¬ті¬нің құр¬ып-жоға¬луына куә болуды қала¬маған,... ала¬сапыранды өзге¬рісті жа¬ны төзіп қабыл¬дай алма¬ған Алқа бидің Қытай¬ға көшуден бас¬¬қа амалы қалмаған¬дай, қы¬тай¬ды қазақ мәдениеті мен әд嬬биетін қорғап, сақтап қалар өр¬ке¬ниет қорғаны етіп дәріп¬те鬬тіндей сандыраққа бү¬гін¬гі қа¬зақ¬¬ты сендірмек бола¬ды.
10-өтірік «Ұмай ана» жөніндегі қи¬сы¬н¬¬сыз ұқсастыруларынан ту¬ы¬н¬¬дବ¬¬¬ған. Мұхтархан Ли Байдың Ши Ваңму «Батыстағы хан ана» д嬬¬¬ген өлеңін:
Ұмай еккен жемісім.
Үш мың жылда көктейді.
Күллі елге дәру шаттығы
Қуанышқа ерек бөлейді», — деп аудара отырып: «Осы тектес жыр жолдары, ақынның қазақ¬тың тарихи тұлғасы, ескі киесі, қорықса аузына алар «Ойбай!» анасы, өте ертедегі түрік тектілер¬дің ортақ нанымына айналған Ұмай ананы еске алып, әсерлене тербеген сағыныш қаламынан туған жыр жолдары екені анық», — дейді. (18-бет).
Бұл арада оқырмандар назар¬ын аудара айтар екі мәселе бар:
Біріншісі, әрі негізгісі — Қытай жазба тарихына тым ерте ілінген әфсаналық, мифо¬ло¬гиялық кей¬іп¬кер¬дің атын Қытай¬дағы қазақ, ұйғырлар «Батыс «Хан ана» не¬ме¬се «Хан ана» деп аударып жүр. Қытай иероглипiнің сөзбе-сөз аудар¬масы дәл солай. Ол туралы қытай энцикло¬педия¬лық сөздіктерінде: «Батыс Хан ана — алтын ана, Батыстағы кін¬дік шеше; қытайдың ертедегі аңыздарында айтылатын пери¬зат». («Цы Хай», Шаң¬хай сөздік баспасы, 1989. 2063-бет) деп түсініктеме бере келе, ол әр дә¬уір¬¬де әр түрлі символдық сый¬пат¬та дәріп¬теліп, «Хан-нама¬ның» «Ферғана» тарауы¬нда, «Мутия¬нзы баянында» Хан ана Батыс¬тағы қиян-қиырда өмір сүрген, Хан патшалығының пат¬ша¬сы У Диге (б.з.б. 140-74) үш мың жылда бір рет жем¬іс беретін шабдал жемісін сыйлаған» деген аңыз бар. Олай болса, Мұхтархан көпір¬те жазып отырған қытай¬дың «Хан ана¬сының» қазақтың «Ұмай анасына» қандай қатысы болмақ? Әрине, ешқандай!
Түрік халықтарына ортақ кие¬лі «Ұмай ана» туралы анық сөз, тол¬ық сипаттама былай бол¬са керек:
«Ертедегі ұлы даланы мекен¬деген түрік тектес халықтардың ұрпақ жалғастыру¬шысы, бере¬ке-молшылық тәңірісі Ұмай анаға қазақтан басқа хахастар, қырғы第дар, алтайлықтар, шор¬лар, тыбалықтар және түріктер табынған... Қазақ даласына ис¬лам діні дендеп енгеннен кейін, бө¬бектер мен аналардың жебеуші пірі¬не айналды. («Қазақстан тарихы», энциклопедиялық ан¬ық¬та¬малық, «Аруана». Алматы, 2006. 725-б).
Бұл анықтаманы одан әрі толықтыра түсу үшін белгілі этнограф-археолог, про¬фес¬сор А.Т. Төлеубаевтың «Реликт до исламских верований в семе¬й¬ной обря¬дности казахов» (Алматы, 1991. 43-бет) деген ең¬бегін¬дегі «Ертеде қазақ әйел¬дері¬нің қолдаушысы Ұмай-ана бол¬ған. Қазақ түсінігінде Ұмай аты «Май» ана түрінде сақтал¬ған. Қазақ келін түскенде жин¬ал¬ған әйелдер оған отқа май салғызып, «от ана», «май ана» жарыл¬қа деп айтқан. Екіқабат әйелдің толғағы қатты болғанда отқа май құйып, «От ана», «Май ана» жарылқа, күнәм болса кеше гөр, түйіншегім шеше көр» деген. Мұндағы Май деп отырғанымыз «Ұмай» деген көне түркілердің әйел мен баланың жебеуші пірі. Ұмай ананың культі Сібірдің түркі халықтарында әлі күнге сақталып келген» деген сөз жол¬дарын келтіре кеткіміз келеді.
Ал, «Мифологический сло¬ва¬рь» (под ред. Е.М.Мелетинс¬кого. Москва. Совет¬ская энцикло¬педия. 1990. 548-бет) ең¬бегі¬нде «Умай, в мифологии древних тю¬рок богиня, олитцетворяющая жен¬¬¬ское, земное начало и плдо¬родие. Пок¬рвитель¬¬ст¬вует во謬нам и супруге кага¬на, ко¬торая обликом подобна У. Види¬мо, считалась супругой Тенгри (неба). Упоминается в рунических тек¬с¬тах 7-8 вв. Некоторые ис¬следователи пре¬дполагают, что образ У. генетически связан с иранской мифологической птиц¬ей Хумай, которая бросая свою тень на человека, делает его счастливым. Пере¬жи¬тки веры в У. сохранялись у ря¬да тюркоязычных народов. Напри¬мер, у огузов У. считалась духом – покровителем младенца во чре¬ве матери. У шорцев У. (Май) – дух – хранитель младенцев, принимающий также души умер¬ших. У телеутов У. (Май-энеси, Май-энези) и казахов (Умайене) – дух-хранитель де¬тей. Киргизы считали, что У. дарует богатый урожай и умно¬жает скот, является покро¬вительницей домашнего очага и охранительницей детей. С утверждением Ислама У. у кирги¬зов отождествлялась с Фатимой (Батма Зуурой). У турок У. трансформировалась в Омаджи, духа, которым пугали детей.» - деп айтылған.
Қадірлі оқырман, қытай Ли Бай жырына қосқан «Батыс Хан ана» мен ол еккен үш мың жылда бір жеміс беретін шабдалыны сыйлаған У Ди патша Баба түрік-хұндармен 60 жыл соғысып, қан қақсатқан ата жауымыз болатын. Қыйыспасты қыйыстырғыш, болмағанды болдырғыш Мұхтар¬хан көтен зарлыққа басып, қанша күшеніп тілін безесе де біздің қасиетті Ұмай анамызды қы¬тай¬дың «Хан анасына» жы¬ғып бере алмайды. Тарихқа, халық¬¬тың киелі жадына қиянат жасауға жол жоқ!
11-өтірік «Оның (Ли Байдың - Ә.Д.) асқақ Алатау, Тияшан-Тәңіртау, Қастау (?) деп тамсана өлең жазып, ерекше тебірен¬ген тұстары да баршылық. Ғұн, Ұлы жүз, Кіші жүз, Алшын жөнінде жазған жыр жолдарын оқығанда, оның нағыз қазақ даласының ақыны екені, ел деп еңіреген таудай талантты азамат тұлға екені есіңді тандырып, ойыңды оқыған сайын аспандатып, алаулатып отырады» (18-бет) деген көпірмесіне негізделген.
Ли Бай өлеңдерін Мұхтархан¬ша он жасымызда жаттап өс¬пе¬с¬ек те қытай ақы¬ны¬ның шығар¬маларында «Алатау, Қас¬тау не¬ме¬се Ұлы жүз, Кіші жүз, алшын рулар¬ына» арналған сағыныш сазы мүлде жоқ екенін кесіп айта аламыз. Ал, әлемге әйгілі Тәңіртау, Памир, Гималай туралы Ли Бай ғана емес, сол дәуірде өмір сүрген қытай ақындарының бәрі де жазғаны белгілі.
Ал, Ли Байдың ғұндар туралы жазған өлең¬дерінің бәрінде дер¬лік, әсіресе «Елі¬бай. Ли Бай, Ли Бо» атты кітапқа енген «Ғұн¬дар» деген өлеңде (324-б) қытай ақынының ғұндарға деген шексіз қарғысы, жек көрушілігі, дұшпандығы сон¬ша анық, айқын айтылған. Ол өлеңнің қытайша мағына¬сы — «ғұн¬дардан тұқым қа¬л¬¬ма¬ды, ғұн¬дарды тып-ти¬пыл қылдық» дегенді біл¬діреді. Қазақ¬¬шасы дұрыс аударылмаған, мағынасы бұр¬малан¬ған. Ли Бай¬дың бұл өлеңі нағыз қытайлық жауын¬герлік жыр, ерлік жыры болатын. Одан «қазақ дала¬сы¬ның ақынын іздеу, «Ел деп, қазақ деп, еңіреген тау¬дай азамат тұлға» жасау бар¬ып тұрған арандату, жұртты шата¬стырудан басқа ешнәрсе емес.
12-өтірікті қытай тілінің «білгірі», Мұхтарханның қытай Ли Байды қазақ-дулат Елібайға айналдырмақшы болған, «бес жаста жатқа айттым дастандар¬ды, он жасымда дос еттім ас¬қан¬дарды» дей¬тін дүмше аудар¬ма¬сынан іздеуге ту¬ра келеді. Өйткені Мұхтархан осы өлең жо묬дарындағы бір ғана «Дастан» сөзін қаса¬қана тықпалау арқылы сенатор Өмірбек Байгелді баста¬ған елдібайшыл бір қауым қа¬зақ¬¬ты әлем алдында ұятқа қалдырып отыр.
Ли Байдың бұл өлеңінің қытай¬шасында: «у сүй сұң лю жиа» - яғни «бес жаста «алты жияны» жаттап алдым» деп тұр.Қазақ оқырмандарына түсінікті болу үшін «Ли Байдың өмірбаяны» монографиясының авторы Жу Шиншудың бұл жөніндегі тал¬дауын аударып бергенді жөн көрдік.
«Ли Бай бес жасымда алты жианы жаттадым» дейді. Ол жаттаған «лю жиа» қытайдың ескіше жыл, ай қайыру есебінде қолданылады. «Лю жиа» «люшы жиазы» деген тіркестің қысқар¬ған түрі. Мұндағы «люшы» – 60 дегенді білдіреді, ал сонда «жиазы» деген не нәрсе?
Сөз мәнісі мынада: қытайлар ерте заманда реттік сан орнында қолданатын екі топ иероглиф болған Оның бірінші тобына, «жиа, й, биң, диң» қатарлы оң таңба жатады. Оны «тян ган» - ондық таң¬ба дейді. Ал екі¬н¬¬¬ші топқа «з, чоу, иң, мао» қата¬рлы он екі иероглиф жатады, оны «ди жы» деп атаған. Біздің сан орнына а, ә, б, в, г әріптерін қолданатынымыз сия¬қ¬¬ты, қытайлар осы күні де оларды реттік сан орнына қолданады. Мұндағы «тян» - аспан, «ди» - жер дегенді білдіреді. Сөйтіп осы екі топ иероглифті ықшамдап «жоғарғы ондық» және «төменгі он екі¬лік» деп атауға да болады.
Ертеде балалар 7-8 жасында хат танып, кітап оқи бастайтын. Ли Бай болса «бес жаста алты жияны жаттап алдым» деп өзінің зеректігін әйгілеп тұр. Әсілі, «Алты жиа» деген қытайдың «Дау жиау» іліміндегі өзгеше бір кітапты «Лю жиа – алты жиа» деп атаушы еді. Бірақ Ли Бай қаншалықты алғыр болса да ондай кітапты оқи алмасы анық. Оның қажеті де жоқ болатын.
Либайтанушы қытай ғалымы Шиншияу «Алты жианы жат¬тату» үрдісі Таң дәуірінен (618-907) көп бұрын, Хан (Б.з.д 206-б.з. 220), Вый (б.з. 220-265) патшалықтары кезінде бастал¬ған еді. Ли әулеті біраз жыл Орта жазықтан (ішкі Қытайдан - Ә.Д.) шалғайдағы Батыс өңірде тұрып қалғандықтан ішкі Қытай¬дағы мәдениет, ағарту жағы¬ндағы өзгерістерден хабар¬сыз қал¬ғаны, Ли Кы сондықтан ескі¬шіл дәстүрді ұстанып, баяғы Хан, Вый хандықтары кезіндегі оқу-оқыту әдіс-тәсілі бойынша кіш¬кен¬¬тай Ли Байды оқытқан» деп қараған «Ли Бай жуан» атты монографиясында (14-б).
Мұхтарханның сиқырлы қала¬мымен «Дастанға» айналған «Ал¬ты жиа» нақтылы қолданыста «жоға¬ры ондық пен төменгі он екі¬лік» таңбаларды басынан бастап екіден қосарлап жылға телінген болады.
Мәселен, бірінші жыл басы (жиазы), екінші жыл, үшінші жыл, т.б. есеппен 60 жыл бір мү¬шел делініп, 61 жылдан бастап басы¬нан қайта саналатын бол¬ған. Бұндай есептеу тәсілі ай, күн¬дерге де қолданылып келген.
Бұларды өзіміздің қарапайым қазақша ұғым-түсінікке жақын¬дата таратып айтқанда, 7-8 жасар балаға төрт амалды үйрет¬кен¬і¬міз, әліппені танытқанымыз сия¬қты алғашқы сауат аштыруға ұқ¬¬са鬬ды. Одан айырмасы, қы¬тай¬лар балаға ай, күн есебі мен жыл қайыруды үйрететіні.
Ендеше Мұхтархан Оразбай қасақана бұрмалап, мағынасы да, қолданысы да мүлде жанас¬пай¬тын «жианы» «дастан» деп ауда¬рып, сенатор Өмірбек ақсақалды дуакештей сиқыр¬лап қытайлар алдында күлкіге қалдырғанын, қазақ парламентінің абы¬ро鬬ын түсіргенін қалай ке¬ші¬¬р¬уге болады? Белгілі қытайтану¬шы профессор Клара Хафизо¬ва «Алаш айнасы» га¬з嬬ті тілшісінің «Ли Бай тура¬лы мәселені осыншама көтеру¬дің қажеті не, оған қытайлар қалай қарайды?» деген сұра¬ғына: «Қытайлар мұны кім, неге жасап жатқанын жақсы білетін сияқты... Олар бұған күледі де қояды» деп қысқа жауап қайырады.
Шындығына келгенде, біз білетін қытайлар, сенатор қа¬зақ¬¬тың – «қытай халқының поэ¬з謬ясында дастан деген жанр бар ма?» – деген сұрағына «қа¬з¬і¬р¬¬гі Қытайға кіретін бірен-са¬ран халықтарда бар шығар, бі¬рақ қытайдың өз халқында мұн¬дай жанр жоқ және бұрында да болмаған» деп жауап беруі мүм¬кін емес, екі жақты бірдей аран¬датып отырған Мұхтархан бұл сұрақ-жауаптарды қалай ауда¬рып бергенін де біліп отырмыз. Ол ол ма? Масқараның көкесі сена¬тор Өмірбек Бәйгел¬ді¬нің еш ойланбастан: «Онда ол кісі¬нің (Ли Байдың демекші - Ә.Д.) өзі¬нің балалық шағы тура¬лы жаз¬ған мынадай бір өлеңін тыңдаңыздар деп ақыл бердік:
«Бес жаста жатқа айттым дас¬тан¬дар¬ды,
Он жасымда дос еттім асқан¬дар¬ды.
Қатталып хатта жатқан сырды ақ¬тардым,
Таныдым тарих нәрін татқан¬дарды».
Мұндай дастандарды әуенде¬рі¬мен жатқа айту кең тараған ел – біздің қазақ елі. Екіншіден, бұл кісі өз елінде болмаса 10 жасында басқа елдің азамат¬тарымен араласа алар ма еді» деген¬і¬¬мізде, ол кісілер: «Бұл өлеңіне біз шын мәнінде жөнді назар аудармаған екенбіз. Ал, сіздер тура тапқан екенсіздер. (Өйдейт деген-ау! - Ә.Д.) Дәл осы өлеңі ол кісінің өмірбаянын бұрынғыдан да анықтай түседі екен,- деп келісті» деген («Елібай, Ли Бай, Ли Бо», 55-56 б.)
Өмірбек ақсақал жолыққан қытайлар әлде «Алты жиа» де¬ген¬нің не екенін мүлде білмей¬тін көшеде арба сүйреп жүрген біреулер, немесе әріп кемірген көп надан чиновниктер, немесе күліп тұрып жан алатын іш мерез қытайлардың бірі шығар. Қалай болғанда да сенатор Өмірбек Байгелді осы сөздері арқылы өзін де, қазақ елін де үлкен ұятқа қалдырғаны анық. Бұл «болды, қоя ғой» дейтін нәрсе емес, ағайын!
Қазақта «бір түйенің сиген жеріне мың түйе тайып жығылып¬ты» дейтін ащы мысқыл бар. Мұхтархандай сигек қоспақтар бір ғана «Дастан» жанрын шବта¬с¬¬тыру арқылы бүкіл қазақ елін, қазақ сенатын осылайша батпаққа аунатып қойып рахат¬танып жүрсе керек.
Ал, қытайлардың қай жерлерін ашып, қалай рахаттана күліп жатқанын білу онша қиынға түспес...
«Оқымысты» Мұхтарханның ги¬пно¬зы Өмекеңнің ғана емес, фи¬лио¬логия ғылымдарының доꬬ¬¬¬¬¬торы (аударма шеберлігінен док¬тор¬¬лық диссертация қорға¬ған) Сауытбек мырзаның басын да шыр айналдырып алса керек. Әйтпесе «Дастан» деген сөздің этимо¬логиясын, оның қай ұлт¬тың тілінен, қашаннан бері біздің тілдік қорымызға енгенін білмей қалуы тіпті өкінішті жайт. «Дастан» парсы сөзі емес пе еді? Ли Бай өмір сүрген дәуірде, әсіресе оның бес жас кезінде парсының «дастан» сөзі түгілі, иран-ирак әскерінің аяғының Жетісу, Қаратау, Сыр жеріне жете қоймағанын неге естен шығарып аламыз?
Ал, тарихтан, қытай филиоло¬гиясынан аздап сауаты бар, ниеті дұрыс бір қытайдың «Алты жианың» поэма, дастан, баллада жан¬ры түгілі, тұтас поэзияға, тіп¬ті қоғамдық ғылымдардың ешқай¬сысына қатысы жоқ еке¬нін, арифметика мен аспан ілімі¬не, табиғатқа байланысып жат¬қан әліппелік сауат ашар екенін білмей қалуы, сөйтіп, «лю жиа» - «алты жианың» мәнін «сіздер тура тапқан екенсіздер» деуі ақылға мүлде қонбайды. Апырай, өз шамамызға қарамай, қытайларға «мынадай ақыл бердік» деп ақылгөйсігеніміз тіп¬ті ұят болды-ау!
13-өтірік – Ли Байдың «Бес жас¬та жаттап алдым алты жиବ¬ны» өлеңінің екінші жол¬ын тағы да бұрмалап, өті¬рік аударғаны¬нан байқа¬ла¬ды. Түп нұсқада осы екін¬ші жол «Шы суи гуан бей жиа – он жасы¬¬мда ал¬уан түрлі кітап¬тарды жүз¬дестір¬дім, парақтадым, оқы¬дым» деп жазылған болатын. Оны «қытай тілінің білгірі» – «Он жасымда дос еттім асқандарды» деп, кітапты адамдастырып «ас¬қан¬дарға» айналдырып, Ли Бай ақынның ойын мүлдем бұр¬ма¬лап аударады. Мұхтархан бұл арада өзі ойдан шығарған «Дас¬тан¬дарды» дегеніне ұйқастыру үшін қайдағы бір «асқандарды» зорлап «дос еткісі» келеді. Қазақ тілінде қолданыстағы «асқан-асқан¬дар» көбінше ұнамсыз «асып-тасқан, тәкаппар, құдай¬ын ұмытқандар» дегенді білдірмей¬тін бе еді? «Асқандарды дос ету» сонша мақтанға жатпас, әрі бұл арада «асқандар» емес «кітаптар» туралы сөз болып тұрған жоқ па?
Мұхтархан Ли Байдың бұл өлең жолдарында айтылған не¬гі¬згі ойды білместіктен е쬬ес, қаса¬қа¬на бұрмалап «дас¬¬тан» үшін құрбандыққа шал¬ып отыр¬ға¬нын ашып ай¬ту керек. Ли Бай өлеңінің ұй¬қа¬сы «Лю жиа – Бай жиаға» құрылған. Екеуі де сол дәуір¬дегі оқу-оқыту талаптары тұр¬ғысынан бала білуге тиісті білім негіздеріне қаратыла ай¬тыл¬ған.
Мұхтарханның әрі сауатсыз, әрі өрескел бұрмалауларына ұшы¬¬¬рап шатастырылған тарихи ұғым¬дар мен атаулар жөнінде қайталай түсінік бере отырмасақ, оның жаңылпаштарында жа¬сы¬рын¬ған қараңғы ойларды түсіну қиын болар.
Таң патшалығына дейінгі дә¬у¬¬¬¬¬і¬р¬¬¬¬лерде қалыптасқан оқу бағ¬¬¬дар¬ламалары мен емтихан тәр¬¬тібі бойынша балалардың жас ерекшелігіне қарай білуге тиі¬¬с¬ті пәндердің мазмұндары айқындалып қойылған. Біз сөз етіп отырған «Алты жианың» әу бастағы мағынасы – «Жиа» - қы¬тай¬ша есептегі ондық санның біріншісі, қазақша «А» әрпімен таңбаланып жүрген белгі дегенді білдіреді. «Жианың» ауыспалы мағынасы «ең озық, ең әдемі, ең бірінші дәрежелі» дегенді де білдіреді. Ал, «Алты жиа» 7-8 жасар бала білуге тиісті есептік сауаттар жиынтығы, бізше балବның хат тануымен бірге төрт амалды, әбжаттық есепті меңге¬рді қамтамасыз ететін бастауыш білімге ие болу дегенді білдіреді. Оның «дастан» дегенге үш ем¬ес, үш жүз рет қайнатсаң да сорпа¬сы қосылмайды.
Ли Бай оқуға барған тұста болବшақ мемлекеттік қызметтен үміт¬кер жас бала «У жиң - Бес кітапты» (бал кітабы, тар¬¬их кітабы, жыр кітабы, жо¬ра¬лғы кітабы, жылнама кіта¬бы) оқып білуге міндетті еді. Басқа кітаптарды оқуға рұқ¬сат етілмейтін болған. Аса зер¬ек, талапшыл бала Ли Бай он¬дай шектемеге қарамай «он жасын¬да алуан кітаптарды оқып шық¬қанына да қанағаттанбай «Он бес жасымда алуан түрлі ғажайып кітаптарды ( Шы у Сүйгуан ши шу) оқуға құмартқанын айтып отыр. Басқаша сөзбен айтқанда өзі жастай сусындаған білім-ғылым қайнарларының аса мол әрі алуан түрлі екенін мақтаныш етіп тұр.
Осы айтылғандардан түйер түйін – Ли Байдың он бес жасқа дейін алған білім-білігінің тұтас¬тай Таң дәуіріндегі қытай оқу-оқы¬ту бағдарламасы аясын¬да қал¬ып қоймай, өз заманында кең таралған ғажайып, алуан маз¬мұндағы кітаптарды еркін оқу арқылы аса мол білім-ілімге қол жеткізгенін, бірақ оның қа¬зақ даласына, қазақ түгілі исі түр¬ік халықтарының мәдениеті мен әдебиетіне мүлде қатысы бол¬маған, нақ қытай білімдары, дарынды қытай ақыны болып қалы¬птасқанына көз жеткіземіз.
14-өтірік Мұхтархан жолма-жол аударған және өзі тікелей аударған бірнеше өлеңдегі қа¬са¬қана бұрмалаулардан ту¬ын¬¬дайды, енді соған тоқ¬талайық.
Бұл өлеңдердегі негізгі ойды бұрмалауда Мұхтархан екі түрлі қулыққа басқаны біріншіден, Ли Байдың қазақ даласында туғандығына дәлел болар жеке сөздер мен жер-су атауларын қазақыландыруға ұрынысынан, екіншіден Ли Бай туған жерін, қазақ елін сағынып, қамығып, зарығып өткен мұңлық ақын ретінде дәріптеуінен көрінеді. Мәселен, 1) біз жоғарыда арнайы талдаған «Ұмай ана» жөніндегі шалықтауға ұқсап кететін адам нанғысыз әфсанасын еске түсір¬іп көріңіздер. 2) Қазақ үшін «жусан» деген жұпар иісті өсім¬діктің қадір-қасиетінің ерек¬ше екенін мөлшерлеген Мұхтархан Елібайының аузына «Жусанды теріп көп жүрдім. Асылым қа¬шан табады» (17 жыр, 95 б) өл¬ең мәтінінде жоқ сөзді салып жібере¬ді. Демек Елібай жусанды жыр¬ға қосса ол қазақ даласын еске алып аһ ұрмағанда қай¬тушы еді?- деп емексітеді. Бірақ қытайша мәтінде «жусан» де¬ген сөз атымен жоқ, онда «Кун шан сай Шиюң руй» де¬ген өл¬ең жолында Кун тауы, осы ат¬тас тау да, елді мекен аты да бар, әр дәуірде әртүрлі атал¬ған. Қалай бол¬ғанда да ары кеткенде Кун Лун – Гималай тауы меңзелген, ас¬¬ыл тас немесе әсем гүлдер жина¬дым деп тұр.
Мұхтарханның басқа өті¬рік¬¬те¬р¬і¬¬нен де сорақысы, әрі ел¬ді¬¬ба鬬шы¬лардың алды-ар¬ты¬на қବра¬у¬ы¬на мұрсат бер¬гізбегеін, айғақ¬ты сөз ретінде «Үйсін тау» де¬ген¬ді ойдан шығарғандығы еді. Ли Байдың «У суң шан етегіндегі Шү¬нау кейуананың үйіне түн¬еу» деген өлеңінің бірінші жол¬ын жолма-жол аударма жаса¬ған Мұхтархан: «Үйсін тау ете¬гін¬де түнедім» деп соғып жібереді. Мұндағы «У суң шан» қазақшаласақ «Бес қарағай тауы» дегенді білдіреді.
Ли Бай қытайды қазақ, дулат, Елібайға айналдыруға жанық¬қан келешек елібайшылар «Үйсін тауы етегінде түнеген» аталары жөн¬інде еңіреп тұрып толғанбай ма? Халықтың тарихи жадын ша¬та¬стыратын, жалған тарих жазу деген бұдан артық қандай бол¬мақ, ағайын!
Мұхтарханның жалған тарих жасау жолында ашқан екінші «жаңалығы» немесе екінші қулы¬ғы – Ли Бай ақынның ту¬ған елі мен жерін зарыға, қамы¬ға еске алатынын қытайша мәтіндегі «Гу шиаң –туған жер, туған село» деген сөзді оңды-солды қолданып біресе, «отан, біресе, туған жер, біресе туған ел» деп, оларды Шу бойын қазақ даласын, туған еліне жете алмай қам¬ығуы¬на апарып телуінен көрінеді.
Қытайдың либайтану¬шылар¬ы¬ның жазуына қарағанда қайда туға¬ны әлі толық нақтылана қой¬ма¬ған Ли Бай (қайда туса да қытай отбасында туылғаны) 25 жасы¬на дейін ғана ата қонысы Сы Чуан (Шу) өлкесінің Шиңлиан қалашығында тұрған, 25 жасы¬нан өмірінің соңына дейін Қытай Орта жазығын оңды-сол¬ды шарлап қаңғыбастықпен күн өткізген, арақ-шарапқа әб¬ден құныққан, сөйтіп ақыры мас күйінде суға кетіп өлген бір траге¬диялық тағдыр иесі еді. Оның ел кезіп қаңғыбастықпен өткізген 37 жылында талай жұлдызды сәт¬тері де болғаны белгілі. Алай¬да, туып-өскен қыстағына қай¬та орала алмай тентіреп жүріп, ол туралы қамырық өл¬ең¬дер жаз¬ба¬уы мүмкін бе? Он¬дай өлеңдер неліктен тек қа¬зақ даласын сағ¬ыну¬дан ту¬уы керек? Қазақ даласы, Шу өңірі, Суяб қаласын мең¬¬зе鬬тін жарты сөз жоқ еке¬ніне қара¬май өңештей бере¬тіндерің қалай?
15-өтірік Мұхтарханның қବзақ халқын, оның маң¬да¬й¬¬ына бас¬қан, ұлттық мақ¬таныш¬¬тар¬ына ай¬нал¬ған ұлы ақын¬дарын қорлап, қытай Ли Байды олардың төбе¬сі¬¬не шы¬¬ғар¬ғысы келген опасыз¬дығынан туындайды.
Мейманасы тасыған Мұхтар¬хан айылын жимастан «Елдібай жырын түпнұсқадан түсініп оқу көп қазақтың қолынан келе бер¬мейтін шаруа ғой. Болмаса тарихтағы ірі тұл¬ға¬ны оқығаннан кейін заң¬ғар тұрғанда, төбені мақ¬тап жатпас та еді» («Елімен қау¬ыш¬¬¬қан Елдібай ақын», 19-б.) деп қазақ халқы бүгінге дейін Ли Байдай заңғардың орнына қай¬дағы бір төбе-төбешікті мақ¬тап, ақы¬мақ болып келгенін бет¬ке басқандай болады.
Алаш баласы, ұлы Абайдың елі – қазақ елі мынадай бассыз-тек¬теусіз кеткен жолбикелерге не айтасыздар?!
Мұхтарханның Елібайды қазақ даласына сүйреп әкеліп, оны се¬на¬торларымыз бен мемлекет ба¬с¬¬¬шы¬ларына мадақтаудағы түשּׁ¬кі мақсаты, оның мына сөз¬де¬р¬і¬нен айқын білінсе керек:
«Он үш ғасырдан бері... тұтас Қытайды таңғал¬дыру¬мен келе жат¬қан атақты қан¬дасымыз, тарихи екі көршілес елдің аса қадір тұтқан ірі тұлғасы болып табылады.. Әрі бұдан былай да екі елдің мәңгі қа¬дір¬лейтін, екі елді бірдей баурап, өз құдіретімен тұтас¬тыратын рухани күш ретінде жасай береді». (7-б)
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Мұхтархан ой¬дан шығарған 15 өтіріктің ай¬та¬ры - қытай мен қазақты бір¬дей баурап, өз құдіретімен тұ¬тастан¬дыратын немесе ек¬еу¬ін бір тұтас «жұң хуа» ұрпағына айналдырар заңғар тұлға Ли Байға бас ұрғызу – сайып келгенде қытайға бас ұрғы¬зу жолындағы зымиян, жым¬ыс¬қы жоспардың алғаш¬қы жү¬рі¬сі болмақ.
Мұхтархан сияқты жалған та¬рих¬шыларға айтар сөзді ұлы Абайдың:
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға
Бір ғы¬л¬ым¬нан басқаның,
Бә¬рі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар,
Ке¬ш¬ік¬пей-ақ тосқанға ,
- деген өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді.
Ал, Мұхтарханның жалған, жа¬ла¬лы мақаласымағын жалаулата жариялап, бүкіл ақпарат құрал¬дарын дүрліктірген «Қазақ әд嬬¬¬¬¬б謬еті» газеті (2007. 13-19, 20-26 сәуір) «Қытайды қай¬ран қал¬дырған қандасымыз «Ел¬ді¬¬бай ақын» деген мақала жар¬ия¬лаған¬нан ¬кейін, он ай¬дан соң «Егемен Қазақстан» газ¬еті Сауыт¬бек мырзаның жүрек¬жବрды сүй¬ін¬шісі мен Шерхан аға¬мыз¬дың «Құдай тілекті бер¬гені емес пе?! Білсін әлем қа¬зақ тегінің ұлыла¬ры қайда жат¬қанын», - деп ала¬қай¬лағаны есімі¬зде.
Алақайлайтын-ақ реті бар болатын. Бірақ, ол іргесі ізгілікке негізделмеген қуаныш болып шықты. Мұхтархан Оразбай деген дүмше ғалым биліктегі ел ағаларын да, ақсақалдарын да әлем алдында үлкен ұятқа қалдырды. “Білмеген у ішеді”, ал біліп тұрып, бәрін қасақана істеген жандардың ішкі оябын ашу бәріміздің парызымыз болса керек.
Біз сөз еткен 15 өтіріктің өтірік-рас¬тығына тө¬ре¬лік айтуды патша көңіл қазақ оқырман¬да¬р¬ының, қазақ зиялыларының ар-ұятына тапсыра¬мыз.
Біз өз тарапымыздан айтылар сөз әрқашан табыларын, бұл арандатушы «өтірік өлең¬ді» түп-тұқиянына дейін індет¬пей тоқ¬тамайтынымызды мәлімдегі¬міз келеді.
Әлімғазы Дәулетхан, тарих ғылымдарының кандидаты. №45 27.11-04.11.2009 ж.