«Мой мир» әлеуметтік желісі қазақ тіліне аударылды
2014 ж. 27 тамыз
1595
0
«Мой мир» әлеуметтік желісі өзінің интерфейсін қазақ тіліне аударды. Себебі, оның Қазақстандағы ай сайынғы үш миллион қолданушыларының басым бөлігінің ана тілі - қазақ тілі болып табылады.
Енді аталмыш әлеуеметтік желінің қазақстандық пайдаланушылары «Мой мир» парақшасын өз туған тілінде жүргізе алады. Яғни ол «Менің әлемім» деп аталады. Қазақ тіліне ауысу үшін жеке парақшаңыздағы баптаулардан қазақ тілін таңдап алсаңыз болғаны, деп хабарлайды forbes.kz. Сондай-ақ жақын болашақта компания танымал мобильді платформалар үшін қазақ тіліндегі қосымшасын шығаруды жсопарлап отыр. «Соңғы жылдарда Қазақстанда қазақ тілді аудиториямыздың өсіп келе жатқаны байқалды. Қазақ тілін іскерлік те, тұрмыстық та деңгейлерде, оның ішінде әлеуметтік желілерде жиі қолданатындардың саны артты. «Мой мир» Қазақстандағы №1 әлеуметтік желі болғандықтан, біз осылайша пайдаланушыларымыздың туған тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қарастырдық», дейді «Мой мир» әлеуметтік желісінің басшысы Дени Алаев. Сондай-ақ ол қазақстандық пайдаланушылардың желіге қатысты ұсыныс-пікірлерін қуана қабылдайтындықтарын жеткізді.