Қазақстанның басым бөлігінде циклонның әсерінен күн райы өзгереді. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жауын жауып, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.
Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік және орталық облыстарында циклонның әсерінен жәәне атмосфералық ағындардың өтуінен күн суытады, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысына циклонның әсері 26-27 тамыз күндері жетеді. Бұл облыстарда өткінші жауын жауып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін және 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігі мен батысында күн ашық болады, күндіз ауа температурасы 30...+38 градусты көрсетеді.
www.bnews.kz