Қылмыстық кодекстен ымыраласу нормасы алынып тасталмақ

Бұдан былай қылмыстық іс қозғалған жағдайда тараптар өзара келісіп, ымыраға келе алмайды. Бұл норма қылмыстық кодекстен алынып тасталмақ.

Қылмыстық кодекстен ымыраласу нормасы алынып тасталмақ
Сот
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалушы сот алқасы төрағасының айтуынша, заңға бұл өзгерістерді енгізуге соңғы кезде жиілеп кеткен жол апаттары себеп болған. Естеріңізде болса, ішімдік ішіп көлік басқарып, соңы адам өліміне әкеп соққан жағдайлар қоғамда біраз дау туғызған болатын. Ең сорақысы мойнына адам қанын жүктегендер заңның ұтымды тұсын пайдаланып, өзара ымыраға келу арқылы жазадан құтылып келген еді. "Абайсызда жасалған қылмыстың бәрін ымыраласу арқылы қысқарта беруге болмайды. Менің ойымша мәселені осылай, өзара шешу деген әлдеқашан уақыты біткен норма", - дейді Жоғарғы сот өкілдері.

Источник: 7 арна