Ресей әскері мен техникасы ЛУГАНСКІГЕ кіргізілді!!!
2014 ж. 20 тамыз
2325
0
Украиналық ақпарат құралдары 19 тамыз күні Луганскіге ресейлік әскери көліктер кіргізілгенін хабарлап жатыр.

Дмитрий Тымчук Facebook-тегі парақшасында Луганск украин әскерінің блокпосттарымен және бекіністерімен қоршалғандықтан әскери техникалардың қалаға қалай кіргені белгісіз екенін жазады.
Луганск облысындағы арнайы операцияның қолбасшысы Игорь Воронченко телеарнаға үш күн бұрын ресей әскерилерінің Украина шекарасын кесіп өткенін растаған. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі әзірге Луганскіге әскер мен техника кіргізілуіне қатысты түсінік бермеді.