Аляска штатының полярлы белдеуінде орналасқан Анкоридж қаласында мешіт құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды BNews.kz muslim.kz сайтына сілтеме жасап.
Қысы қатал аймақтың мұсылмандары үшін салынып жатқан мешіттің сыйы көп. Соның бірі – ақ қар, көк мұз жастанған Алясканың аязды күндерінде де қалыпты температураны ұстап тұратын жылы едені болмақ.
Анкоридж қаласында қазіргі кезде 300 мыңға жуық жан тұрғанымен, әлі күнге дейін бірде-бір құлшылық ордасының жоқтығы мұсылмандарға жайсыздық туғызып келген.
www.bnews.kz