ҒАНИ ҚАСЫМОВ МАЛЬДИВ АРАЛДАРЫН "ПАНАЛАП" ЖҮР...
2014 ж. 18 тамыз
3149
1
Экс-сенатор Ғани Қасымов танымал Instagram әлеуметтік желісінде өзінің аккаунтын тіркеп, үлкен белсенділік танытып жүр.
Бір айға жетер-жетпес уақытта халық қалаулысы 350-ден астам жазба қалдырып, 4500-нан астам жазылушыны жинап үлгеріпті.


Соған қарағанда, генерал-майор ақшаны шетелде қалдырып, сыртқа шашудан аулақ болыңдар деген халық қалаулыларының қатарына жатпайтын болуы керек. Мәселен, Мальдив аралдарында түскен суретінің астында жазылушылардың бірі онда демалу қаншаға түсті деген сауал қойыпты. Сенатор оған: "Қапшағайдан қымбат" деп жауап беріпті.

