Алматыда қуатты жер сілкінісі болды
2014 ж. 16 тамыз
4000
1
Бүгін таңғы сағат 3:43-те Алматы облысында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісі 16 тамыз күні Алматы қаласынан 40 км шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта жергілікті уақыт бойынша 03:42:30-да орын алған.
Бұған дейін дәл осындай қуатты жер асты дүмпуі 2011 жылы 1 мамырда болған еді. Ол жолы жер сілкінісінің қуаты 5,5 балға жеткен.

