
18 қыркүйек күні өтетін жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша егер Шотландия тәуелсіздігін жариялайтын болса, ондағы ядролық қаруын алып кету үшін Англия үкіметі 2,5 млрд.-тан 3,5 млрд.фунт (4,2 млрд.-5,9 млрд.доллар) қаржы жұмсау керек болады. Бұл туралы Қорғаныс салаларының корольдік біріккен институты мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Англияның бүкіл ядролық әлеуеті сүңгуір қайықтарда. Олардың негізгісі Шотландияның батыс жағалауындағы Глазгодан 40 шақырым қашықта орналасқан Клайд базасында. Ол жерде Британияның 4 атом сүңгуір қайығы бар. Егер Шотландия тәуелсіздігін алатын болса, ядролық қарусыз ел атануды жоспарлап отыр.