Бұдан былай шахмат мектеп бағдарламасындағы міндетті пәндердің қатарында оқытылатын болады
2014 ж. 11 тамыз
1648
0
2014-2015 оқу жылынан бастап Испанияның Коста Бланка қаласындағы CEIP L'Olla орта мектебінің әкімшілігі шахматты міндетті пәндердің қатарына қосты, деп жазады "Испания по-русски".
Алғаш бұндай бастаманы осыдан 18 жыл бұрын Аликанте провинциясындағы Эльче қаласының CEIP Luis Vives мектебі көтерген. Онда математика, физика секілді міндетті пәндер қатарына шахмат пәні де қосылып оқытылыпты.
2007 жылы осы мектепті өз көзімен көріп қату үшін шахматтан әлемнің экс-чемпионы Анатолий Карпов барып қайтқан екен.
Бұл елде мемлекеттік білім беру жүйесіне шахматты жеке пән ретінде қосу туралы өтініштер соңғы уақытта жиі білдіріліп жүр. Ал, 2012 жылы Еуроодақ Парламенті шахматты елдегі білім беру жүйесінде пән ретінде тіркеу туралы ұсыныс жасапты. Бірақ білім беру саласындағы шенеуніктер бұған әлі мардымды жауап қатпаған.
Қазақпарат
