Украина қарулы күштері мен еріктілер батальоны Донецк шетіндегі Марьинка елді мекенін сепаратистерден азат етті. Бұл туралы "Донбасс" еріктілер жасағы Facebook арқылы хабарлады деп жазады Азаттық.

Хабарламада "қала маңында әлі де аздаған сепаратистер тобы бар екені" айтылған. Арнайы операция кезінде "Дондасс" батальоны олардың бекінген жерлерін байқап, атқылаған. Сепаратистер позициясынан Украина жауынгерлеріне снайпер оқ атқан.
Сепаратистер штабы Марьинканың бірнеше рет "қолдан қолға" өткенін хабарлады.
"Интерфакс" ақпараты бойынша, Марьинка Донецк қаласына жатады. Облыс орталығының батысында орналасқан.
Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" штабы "сенбіге ауған түні Донецкінің Текстильщик ықшам ауданын Украина армиясының артиллериямен атқылағанын" хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бомбалар "Колизей" түнгі клубы маңына түсіп, жарылған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.