Мемлекет меншігіндегі пәтерлерді өз атына аударып отырған шенеунік
2014 ж. 08 тамыз
1328
0
Балқашта мемлекет меншігіндегі пәтерлерді заңсыз иемденіп жүрген пысықайлардың ісі ашылды.
Прокурорлардың мәліметінше, қалалық тұрғын үй коммуналдық қызмет бөлімі бастығының орынбасары тұрғын үйлердің жалдау келісімдерін қолдан жасаған. Бастапқы тексерулер кезінде айлакерлік әрекеттердің 2 фактісі тіркелген.
Белгілі болғандай "пысықай әйелдің" көмекшілері бос пәтерлерді иемденіп, кейіннен тіпті мүлікті жекешелендіріп отырған көрінеді. Соңынан қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті келіншек ізін суытып үлгерді.
Қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Балқаш қаласының прокурорлары жекеменшікке өткен өзге де пәтерлерді тексеріп жатыр.
"Балқаш қаласының тұрғын үй коммуналдық қызмет бөлімі бастығының орынбасары жалдамалы тұрғын үйлердің құжаттарын қолдан жасап, мүдделі тұлғаларға берген. Олар өз кезегінде бос баспаналарға кіріп алып, кейіннен жекешелендіріп отырған", - дейді прокуратура өкілдері.
