Қостанайда демалыс лагерінде 45 бала уланды

Қостанайдағы "Мерей" демалыс лагерінен ауруханаға өткір гастроэнтероколит диагнозымен 4 бала жеткізілді. Бұл ақпаратты Қостанай қаласы Балалар ауруханасының бас дәрігері Әсия Бәйменова растады.

Қостанайда демалыс лагерінде 45 бала уланды

Әсия Бәйменова таяу күндері талдау нәтижелері дайын болғанда, нақты диагноз қойылатынын айтты.

"Қазір стационарға түскен балалардың жағдайы орташа ауыр деңгейінде. Лагерьдің медпунктінде тағы 41 баланың асқазанын жуу рәсімі жүргізілді", - деп атап өтті Әсия Бәйменова.

Өңірдегі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Азамат Қамшымбаев "Улану туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап, департамент мамандары бірден "Мерей" лагеріне жіберілгенін" мәлімдеді.

Қамшымбаевтың айтуынша, оқиғаны тергеуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылды. Уланудың алғашқы жағдайы 4 тамызда тіркелді. Жүргізіліп жатқан тергеу барысында асханада балаларға берілген тағамдардан сынама алып зерделенуде.

Ол қазіргі уақытта Бас прокуратурадан "Мерей" лагеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуге рұқсат күтіп отырғанын айтты. Лагерьдің директоры Ғабит Құсайыновтың пікірінше, болған жағдайды жаппай улануға жатқызуға болмайды.

"Балалар ауруханаға әр жасақтан жеткізілді. Лагерьде қазір бәрі қалпы жағдайда, балалардың дені сау, шағым жоқ. Лагерьде барлығы 440 бала демалуда", - деді лагерь директоры.

Источник: ИА "Казинформ"