Назарбаев барлық базарларды жабуды тапсырды!..
2014 ж. 06 тамыз
1769
2
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбідегі үкімет отырысында елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуды тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
"Қазақстанда жүз мыңдаған базарлар ұйымдастырылмаған. Ол жерлерде түрлі бассыздықтар орын алады. Біздің кәсіпкерлердің осы пайдалы істі өз қолдарына ала алмағандары ма? Жақсы, жабық, ұйымдастырылған сауда орталықтарын салу қажет", - деді Назарбаев.Оның пікірінше, әкімдер, "дереу жер беріп, оларды еркін сауда аймағына кіргізіп, салықтан босатып, елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуға тиіс".