iPhone 6-ның таныстырылымы қыркүйекте өтеді

Америкалық Apple компаниясының жаңа iPhone 6 смартфонын таныстыру баспасөз конференциясы 9 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы "алма" өнімдері жайлы сенімді ақпаратты дәстүрлі түрде жеткізуші Recode сайты хабарлады.

iPhone 6-ның таныстырылымы қыркүйекте өтеді

Осыған дейін сайт смартфонның 16 қыркүйек күні таныстырылатынын және сатылымға 14 қазанда шығатынын мәлімдеген болатын.

Дерек көздері әзірге Apple-дың қыркүйек айында аппараттың бірден екі нұсқасын - 4,7 және 5,5 дюйм экранды нұсқаларын таныстырады деген ақпаратты таратпай отыр.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа iPhone-ның 13 мегапиксельді камерасы, екі ядролы А8 процессоры болады және iPhone 6-ның сынбайтын шынымен жабдықталған. Ол жақұт кристаллдарын қодану арқылы жасаған.

Apple компаниясының өкілдері дәстүрлі түрде дайындалып жатқан шараның егжей-тегжейін соңғы секундтарға дейін құпия сақтамақ. Әзірге ешкім корпорацияның нені көрсететінін нақты айта алмайды.

Источник: ИА "Казинформ"