Назарбаев үкіметті қайта ұйымдастырды!..
2014 ж. 06 тамыз
2575
0
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті қайта ұйымдастырды. Еске сала кетсек, бүгін Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Ұлттық экономика министрлігі құрылды. Жаңа министрлікті Ерболат Досаев басқарады. Бұл туралы Ақорданың твиттерінде жарияланды деп жазады NUR.KZ.
Қаржы полициясының өкілеттілігі Мемлекеттік істері агенттігіне беріліп, жаңа агенттік ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі болып құрылды. Оны Қайрат Қожамжаров басқарады.
Сондай-ақ екі министрлік бірігіп, Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыреті Ішкі істер министрлігіне берілді.
Владимир Школьник жаңадан құрылған Энергетика министрлігін басқаратын болды.
Жаңадан құрылған Инвестиция және даму министрлігін Әсет Исекешов басқарады.
Спорт және туризм агенттігінің құзыретінен спорт саласы бөлініп шығып, Мәдениет министрлігіне қосылды. Мәдениет және спорт министрлігін Арыстан Мұхамедиұлы басқаратын болды.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бірігіп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрылды. Жаңа ведомствоны Тамара Дүйсенова басқаратын болды.