Украинаның бұрынғы бас прокуроры Қазақстан азаматтығын алды!
2014 ж. 04 тамыз
1241
2
Украинаның бас прокуратурасы осы елдің бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстан азаматтығын алған-алмағанын тексереді.
![]() |
|
Виктор Пшонка |
Бұл туралы 2 тамыз күні Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема Киевте өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі ақпаратына қарағанда, Пшонканың өзінен бөлек, оның ұлы Артемнің және Украина кәсіпкерлері мен саясаткерлері - Сергей Арбузов, Александр Клименко, Сергей Курченконың Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны тексеріледі.
Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонкаға "бюджет қаражатын жымқырды", "пара алды", "билігін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.
