Сайлаушылардың Сабиляновқа өкпесі жоқ

 d181d0b0d0b1d0b8d0bbd18cd18fd0bdd0bed0b24    

 «Жас қазақ үні» газетінде «Елдің ең көп іздейтін депутаты – Сабилиянов екен... Өйткені, ол бір ауылға бір-екі рет бармай қалса, сайлаушылыры сотқа береді...» (№18 07.05.2010.) атты мақала жарық көрген болатын. Оған оқырмандар көп хабарласып, өз пікірлерін білдірген еді. Тіпті, кейбір өзге өңірдің өкілдері «Сабилянов керек болмаса, бізге беріңдер, біз өз депутатымыздың кім екенін де білмейміз...» деп жазып, хабарласып жатты. Жақында осы іске нүкте қойылды.

        Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотында халық қалаулысы, талапкер-жауапкер Н.С.Сабилянов және қарсы талап арыз бойынша жауапкер-талапкерлер Т.К.Ахметов, С.Б.Файзуллин, Е.К. Калибеков, Ж.Б.Жаканов, К.Булановалар дауды бейбіт түрде реттеу мақсатында келісімге келе­тіндіктерін жеткізді.

Талапкер-жауапкер Н.С.Сабилянов өз өтінішінде Т.К.Ахметов, С.Б.Файзуллин, Е.К.Калибеков, Ж.Б.Жаканов, К.Булано­валар менің депу­таттық қызметіме ешқан­дай өкпе наразылығы жоқ болса және бұқаралық ақпарат құрал­дарында, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестік­терде іске қатысты, мен және менің депутаттық қызметім туралы шындыққа сай келмейтін, беделімді түсіретін мәліметтер көтерілмесе, жалпы осы азаматтық іс туралы ары қарай ақпараттар таратылмаса осы істі бітімгершілік келісіммен бітіретіндігін көрсеткен.

Ал, жауапкер-талапкерлер Т.К.Ахметов, С.Б.Файзуллин, Е.К.Калибеков, Ж.Б.Жака­нов, К.Буланова өздерінің талап арыздары бойынша және Н.С.Сабиляновтың тала­бы бойынша шартын қабылдап, Н.С.Сабиляновтың депутаттық қызметіне еш­қандай өкпе-наразылы­ғымыз жоқ дей келе, олар да бұқаралық ақпараттық құрал­дарда, қоғамдық бірлес­­тіктерде, мемлекеттік орган­дарда іске қатысты Н.С.Сабилянов және оның депутаттық қызметі туралы шындыққа сай келмейтін, беделін түсіретін мәліметтер көтерілмегенін, жалпы осы азаматтық іс туралы ары қарай ақпараттар таратылмағанын қалайтындықтарын білдіріпті.

Екі тараптың өтініші бойынша ҚР АІЖК-нің 248 бабына сәйкес бітімгершілік келісім бекітілді. Сонымен, енді сайлаушылар­дың Сабиляновқа, оның депу­таттық қызметіне өкпесі жоқ екені белгілі болды...

Сонда сайлаушыларды Ал­ма­тыға шабылтып, баспасөз мәслихатын өткіздіріп, бастарымен қайғы ету кімдерге керек болды екен?.. Неде болса, бұл біреулердің қолшоқпары болуға құмарларға үлкен сабақ болса керек...

 

Гүлмира САДЫҚОВА