Ресейде блогерлер журналистке теңестірілді!..

 

Ресейде блогерлерді тіркеп, оларды журналистерге теңейтін заң бүгіннен, яғни 1 тамыздан бастап күшіне енді, деп жазады Лента.ру.
Бұл заң тәулігіне 3000-нан аса оқырманы бар блогерлерге қатысты. Олар өз блогтарын қылмыс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды жариялау, порнографияны, зорлық-зомбылық пен қаталдықты насихаттау мақсатында пайдаланбауға міндеттелді. Сонымен қатар аса танымал блогерлер үшін жеке парақтарында жаман сөз жазуға да тыйым салынды. Заң мәтініне сәйкес, блогерлер сайтта өз аты-жөнін, сондай-ақ заңдық маңызы бар хабарламалар жолдап отыру үшін кері электронды мекен жайын жазып көрсетуі тиіс. Дәл осы мәліметтерді ол немесе оның провайдері талап етуі бойынша Роскомқадағалауға (РФ Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникация саласын қадағалаушы федералдық қызметі – агенттік) жолдауға міндетті. Бұл талапқа бағынбаған блогер немесе оның провайдерлеріне айыппұл салынады. Бейсенбі, 31 шілдеде Роскомқадағалау баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сайттың танымалдылығы жеке пайдаланушыларының саны бойынша анықталатын болады. Сонымен қатар сұрау салынған парақшаны пайдаланушы 15 секундтан кешіктірмей жүктеуі тиіс.   http://bnews.kz/kk/news/post/220355/