ЕЛБАСЫ АРУ АЛМАТЫДА БОЛДЫ

d184d0bed182d0be-d0bdd0b0d0b7d0b0d180d0b1d0b0d0b5d0b2

Таяуда Елбасы Алатаудың баурайындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақты аралап көрді. Осы кешенді аралау барысында Алматы қаласынан жақында ғана ашылған ең ірі субұрқақты тамашалады.

 

 Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысындағы ең көркем дендросаябаққа Тұңғыш Президенттің есімі берілгеніне де көп уақыт болған жоқ.

Алматы қаласының бас сәулетшісі Сайран Фазылов Мемлекет басшысын саябақтың макетімен таныстырды. 73 гектардан астам жерді алып жатқан алқаптағы ағаштар туралы кеңірек мәлімет берді. Ел Президенті саябақтың аумағындағы алдағы уақытта атқарылатын жұмыс барысымен де танысты. Демалыс орнын одан әрі сәулеттендіруді тапсырды.

Болашақта дендробақтың орталық бөлігінде танымдық сипаттағы нысандар орналастырылады деп күтілуде.

Ертеңіне Елбасы 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды. Онда спорт сарайының директоры Юрий Захарин атқарылып жатқан істермен жете таныстырып өтті.

Елбасы ондағы күрделі жұмыстарының барысына өз ризашылығын білдірді. Онда алдағы уақытта жабық кешендегі Азия ойындары өтетінінен хабардар болды. Сонымен қатар жуырда өткен «ҚР Президенті кубогі» XVII Халықаралық турнирінде биыл қатарынан екінші рет бірінші орын алған волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншыларымен кездесті.

Жалпы Елбасы Алматыға жасаған сапарында қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын айтты.

«Жас қазақ үні» - ақпарат