Обама Ораза айтпен құттықтауында былтыр айтқан сөзін қайта қайталады!
2014 ж. 31 шілде
1676
0
АҚШ президенті Барак Обама жылдағы дәстүр бойынша әлем және өз еліндегі мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды muslim.kz.
"Әлем және Америка мұсылмандарының айт мерекесіне орай, біз Мишель екеуміз оларға және олардың отбасыларына өзіміздің ыстық лебіздерімізді арнаймыз. Бұл ай рухани өрлеу мен адамгершіліктің, мұқтаждарға қол ұшын созған қайырымдылық айы болды", – делінген Ақ үй ресми сайтында.
"Америка Құрама Штаттары әкімшілігі атынан мұсылмандарға тыныштық пен игілік тілейміз. Айт құтты болсын!", - деп қорытындыланған президент құттықтауы. Дегенмен, үтір-нүктесі өзгерместен былтырғы мәтінді қайта жариялаған Обаманың құттықтауы АҚШ мұсылмандары тарапынан ыстық ықыласқа бөлене қоймады.
Сондай-ақ, президент атынан ұйымдастырылыған ауызашар дастарханында қалай қорланғандарын әлі ұмытар емес.
Естеріңізге сала кетейік, ауызашар дастарханында Обама Израиль басқыншыларының Палестинаға жасаған шабуыл дұрыс деп танып, қолдау білдірген болатын.