ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
820

Жақында Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры қазақ тілін кең насихаттағандары үшін бірқатар журналистерге сыйлықтар тапсырды.

Бұл марапаттың мақсаты    баспасөз бен электронды БАҚ-тың Қазақстандағы тіл үрдістерін жан-жақты және шыншыл көрсететін, қазақ тілінің құндылығы мен маңызы туралы тартымды материалдар жазатын, өз кәсіби қызметінде қазақ тілін жетік меңгерген қызметкерлерін ынталандыру.

Қордың әрқайсысы 50 мың теңге көлеміндегі алғашқы үш ақшалай сыйлығына «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Ержан Байтілес, «Казахстансая правда» газеті бас редакторының орынбасары Сәбит Малдыбаев, Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Қабдылқайыр Құдайбергеновтер лайық деп танылды.

Қор директоры Азат Шәуеевтің айтуынша, Президенттік қордың жаңа журналистік сыйлығы қазақ және орыс тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының, аймақтық басылымдар мен интернет-БАҚ-тың барлық түрлеріне мониторинг жасау арқылы жыл сайын тапсырылады екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз