Есірткінің «олжаланған» ең ірі партиясы

Жаз ортасы Шу алқабында есірткі науқа­нының қызатын кезі. Кендіршөп кемеліне келмесе де, оны жинауға асығатындар жетерлік. Жақында осы алқапта 16 жастағы үш оқушы ұсталды. Олар үш күннің ішінде 400 келі марихуана жинап үлгеріпті.

 Алайда 41 жастағы алма­тылықтан тәркіленген олжа талайды көр­ген жедел топ қызметкерлерінің өзін таң қалдырды.  Қуат Жапабаев, Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:

 

- Шу ауданының Тасөткел ауылына қарасты Қарақанды деген учаскесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталып, сол азаматтан есірткі заты тәркіленді. Салмағы ірі көлемде-1 тонна 40 килограмм, - дейді.

Ұсталған азамат Шу алқабында бірнеше күн бойы жертөледе тұрған. Есірткі салынған бірнеше қаптан бөлек, марихуана жинайтын құрал-сайман мен азық-түлік қоры табылды. Соған қарағанда бұрын сотты болған азамат есірткіні барынша көп қамдауға бел буған.

Оразғали Шошаңбаев, күдікті:

- Анаша жинап, көміп кетейін деп едім. Со­сын аз-аздан Алматыға алып кетпек болдым, - дейді.

Есірткіге қарсы «Кендір-2010» операциясы енді ғана басталғанына қарамастан, Шу алқабында 3,5 тонна марихуана тәркіленді.