Ақтөбеде мал шығыны азаяр емес

Ақтөбе облысында дала жайлымда­рының жаппай өртенуі салдарынан мал жаппай қырылып жатыр. Қызыл жалын екі күнде алты мың гектар аумақты шарпыған. Хромтау ауданындағы бір шаруа қожалығының 215 бас ұсақ малы қырылып қалған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау бір отар қойды құтқаруға еш мүмкіндік бермеген. Себебі, түтінге уланған малды орнынан тұрғызу қиын болыпты. Ақтөбе облысында көктем шыққалы бері жауын жауған жоқ. Қазіргі күні қураған шөп пен 35 градус аптап ыстық дала алқаптарындағы өртті ауыздықтауға мүмкіндік бермей жатыр.