Оқу ақысын төлеу үшін Президенттің хатын сатқан!..

Американдық студент Джесси Грейнджер оқуына төлеу үшін АҚШ президенті Барак Обаманың хатын саудаға қойды. 2011 жылы Грейнджер Обамаға өзінің өмірі туралы хат жазған.

Американдық студент оқуына төлеу үшін Обаманың хатын саудаға қойды
Фото: lenta.ru

Жасөспірімнің сөзіне қарағанда, өгей анасы қаза тапқаннан кейін 13 жасында жетім қалған.

"17-ге толғанда бірнеше оқулық пен анамның інжілі, киімім бар сөмкені алып сапарға шықтым. Бұл менің өмірімді өзгертті", - деп жазған Грейнджер Обамаға.

Жасөспірімді Оңтүстік Каролинадағы отбасы қамқорлығына алған. Соның арқасында ол колледжді тәмамдапты. Алайда Грейнджерді университетке қабылдағанда оған оқуын төлеу үшін 10 мың доллар қажет болды.

Өз хатында ол президенттен арманын жүзеге асыруға көмектесуін сұраған, деп хабарлады Lenta.ru.

Президент Грейнджерге бұл хаты үшін алғысын айтқан.

"Менің саған берер басты кеңесім – оқуыңды тәмамда. Сені мақтан тұтамын!" – деп жазды Обама. Енді, арада үш жыл өткен соң Грейнджер оқуына кететін шығынды жабу үшін хатты 9,5 мың долларға сатпақ. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/324125.html

ҚазАқпарат