«Шығыс шынары» шақырады!

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, 2010 жылы 28-30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 165 жылдығы және Шығыс Қазақстан облысы орталығы - Өскемен қаласының 290 жылдығына арналған «Шығыс шынары» атты халықаралық мүшәйра өткізетінін хабарлайды.

 

Мүшәйра тақырыптары:

1. Тәуелсіздік тірегі – Атазаңға 15 жыл!

2.  Шығыс шынары немесе Өлең-сөздің патшасы (Ұлы Абай рухын ұлықтаған, Шығыс Қазақстан өлкесін өрнектеген жырлар). 

3. Еркін тақырып

Мүшәйра жүлделері:

Бас бәйге – 1000 000 теңге,

Бірінші орын біреу - 700 000 теңге,

Екінші орын екеу -  500 000 теңгеден,

Үшінші орын үшеу – 300 000 теңгеден,

Ынталандыру сыйлығы төртеу – 150 000 теңгеден,

Арнаулы жүлделер төртеу - 100 000 теңгеден.

Мүшайраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2010 жылдың 20 тамызына дейін «Мүшәйраға» деп, бүркеншек атпен жіберуі тиіс. Онда қосымша конвертте автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мекені, телефондары, фотосы, т.б.) толық  жазылуы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберіледі.

Бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады.

Мүшәйраға түскен өлеңдер іріктеліп,  жеке жинақ болып шығады.

Өлеңдерді  мына  мекен-жайға жіберу керек:  Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105, 3-қабат. «Жұлдыз» журналының редакциясы.

Электронды пошта – juldyz_kz@mail.ru   Хабарласу үшін – 8-727-272-59-44, Зүбайда, Маржан, факс – 8-727-261-62-13.