Жиырмаға жетпей белсіздікке ұшыраған жігіттер көбейді...
2014 ж. 29 шілде
3348
2
Дәрігерлер өңірдегі әрбір төртінші ерлі-зайыптының перзент сүйе алмай отырғанын айтуда. Бұрын қыз-келіншектер жасанды жолмен түсік жасатып, артынан опық жейтіні жиі айтылса, енді жиырмаға жетпей белсіздікке ұшыраған жігіттердің қарасы көбейген деп хабарлайды КТК арнасы.
![]() |
|
Фото: tengrinews.kz. Бедеулік |
Себебі, жұқпалы дертті болғандары ұялғаннан ауруын жасырып асқандырып алады екен. Бала сүю бақытынан айрылғандардың көптігінен еліміз бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Бұл өңірдгені ерлі зайыптылардың 20 пайызы бедеулік пен белсіздікке шалдыққан. Бұл қауіптің алдын алмасақ келешегіміз бұлыңғыр дейді дәрігерлер. Еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз жасанды ұрықтандыру орталығының өзінде жүзден астам жұп кезекте тұр. Соңғы екі жылда 20 отбасының сәби сүюіне көмектесіпті. Десе де, дәрігердің бедеулікке қатысты дигнозын естігенде көбі әулие-емшілерді жағалап кететін көрінеді. "Шетелдік әріптестеріміз неге сіздерде әйелдер бала көтере алмай жүргендерін кеш айтады деп таңданады. Себебі Еуропаның өзінде жарты жылда жүкті болмаса дабыл қағады. Ал бізге науқастар балгерлерді аралап болған соң келеді. Сондықтан бұл мәселені тездетіп қолға алу керек. Ерлі-зайыптыларды бедеулікке байланысты тексеруге ары кеткенде бір айдай уақыт қана кетеді", - дейді медицина ғылымдарының кандидаты Людмила Покотило.
Шетелдік әріптестеріміз неге сіздерде әйелдер бала көтере алмай жүргендерін кеш айтады деп таңданады. Себебі Еуропаның өзінде жарты жылда жүкті болмаса дабыл қағады.
Қазір бедеу келіншектерге қарағанда белсіз еркектердің артып бара жатқанын айтады дәрігерлер. Әсіресе 25-ке толмаған жігіттердің жарамай жатқаны оларды алаңдатып отыр. Көбі жұқпалы дертке шалдығып, дер кезінде емделмеген.
"Ер адамдарда простатит, жұқпалы дерттерден туған белсіздік көбейіп барады. Жыныс қабілетінің нашарлауы мен әлсіздігі де осыдан туып жатыр. Бедеулікке қатысты диагнозды көбі үкім секілді қабылдайды. Бірақ оны емдеп, құрсақ көтеруге әбден болады", - дейді Ақтөбе облысының бас генекологы Әлия Шаңғараева. Әйелдерге қарағанда белсіздігін білгенде еркектер қатты күйзеліске түседі екен. Тіпті диагнозды естіген бойда өмірден баз кешіп кететіндері де бар.
Сондықтан ауруы асқынғандар керісінше, дер кезінде дәрігерге қаралып, балалы болуға ұмтылу керек. Қандай сырқаттың болмасын сырын анықтап, құлан-таза айықтырып жіберуге болады дейді мамандар.
