Меккеге жаяу шыққан азаматтың ақшасы таусылып Атырауда қалып қойды...
2014 ж. 29 шілде
1853
0
Астанадан Меккеге жаяу шыққан Дулат Иманқажының жолда түнейтін түрі бар. Ол 25 шілде күні Атырауға жеткен еді. Сол күні сапарын ары қарай жалғастыруы тиіс болғанымен, 3 күннен бері ақшасы бітіп, қаладан шыға алмай жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
15 қыркүйекте Сауд Арабиясында болуды жоспарлаған 47 жастағы Дулат Иманқажы енді кері қайтып кетуі де мүмкін.
Өйткені Меккеге дейін жетуге қаржылай көмек көрсетеміз деген азаматтар үнсіз. Жиханкез осы бастамаға ұйытқы болған Елордадағы "Нұр Астана" мешітінің басшыларымен де сөйлесіпті.
Көмектесуге уәде бергенімен, әлі күнге дейін олардан хабар ала алмай отыр екен.
"Енді ештеңе болмай жатса, қайтам енді, не істеймін? Өйткені, ертеңгі күні мен анау жолда, Иранда болмаса, Әзірбайжан жерінде қалып қойсам, танымайтын жерде, елден ұят енді. Онда кімнен көмек сұраймын?", - дейді Дулат Иманқажы.