Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғалды!..
2014 ж. 29 шілде
1512
0
Грузия прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Baq.kz.
![]() |
|
Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили |
Оны өз қызметін асыра пайдаланып, жәбірленушінің ар-намысын аяққа таптады деп айыптап отыр. Егер айыбы дәлелденсе экс-президент 8 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Саакашвили 2007 жылдың 7 қарашасында шеруге шыққандарды күшпен басып, "Имеди" телекомпаниясы ғимаратының бүлінуіне және кәсіпкер Бадри Патаркацишвилидің мүлкін тартып алды деп те айыпталған.
Қылмыстық іс сондай-ақ Саакашвилидің кезінде Ішкі істер министрі болған Мерабившили, экс-прокурор Давид Кезарашвили, бұрынғы қорғаныс министрі Гиги Укулаваның үстінен де қозғалуда.
Михаил Саакашвили бүгін прокуратураға шақырылған. Алайда, ол бұл шақыртуға жауап қатқан жоқ.
