Кремль өзін Boeing апатына кінәлаған Ақ үйге жауап қайырды!..
2014 ж. 28 шілде
1612
0
Ресей сыртқы істер министрлігі Украина әуесінен атып түсірілген малайзиялық Boeing апатына Ресей және оның президенті Владимир Путинді тікелей айыптаған Ақ үйге қаратып қатаң мәлімдеме жасап, жауап қайырды.
Өз мәлімдемесін ведомство сенбі күні өз сайтында жариялаған. Ресейлік сыртқы саясат ведомствосы АҚШ әкімшілігі "өз сыртқы саясатын жүргізуде ашықтан ашық өтірікке көп жүгінеді" деп санайды.
Министрлік сонымен қатар Вашингтон дәлел келтірмек түгілі, қарап және пікір білдіру үшін жәй фактілерді де ұсына алмайды деп атап өтеді.
"Ақ үйдегілердің барлығы қандай да бір алға тарту мүмкін емес "барлау мәліметін" сөз етумен ғана шектеледі. Басқаша айтқанда, Вашингтон режимі өз құрылымында интернеттен теріліп алынған еш шындыққа сай келмейтін алып-қашпа әңгімелерге сүйенеді. Қазір желіні қоқыстаумен айналысатын кім екендігі түсінікті: баяғы сол Вашингтон, мүмкін арасында Киев те бар", - делінеді мәлімдемеде.
Ресейлік СІМ пікірі бойынша, америкалық тарап өз пайымдары мен жобаларынан басқа ақылға қонымды дүниелерден өзін оқшау ұстайды.
Еске сала кетелік, сенбі күні Құрама Штаттары Мәскеудің шымбайына бататын мәлімдеме жасады.
"Бізге Malaysia Airlines компаниясының ұшағы "жер-ауа" сыныбындағы зымыранмен атып түсірілгендігі белгілі. Ол сепаратистер бақылайтын аймақтан атылған, ал бұл мезетте украин әскері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қолданбаған. Міне, осы себепті біз Владимир Путин және Ресей аталған трагедияға кінәлі деп санаймыз. Орыстар өздері атты, олар кімдерді жаттықтырған, бұл осымен бірдей нәрсе. Барлық із-таңба Владимир Путинге әкеледі" деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест.