Қазақ қызының қолынан шыққан сәукеле рекордтар кітабына енгізілді!

Биіктігі 2 метрлік бұл сәукеле Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арнайы тігілген. Ұлттық бас киімнің әр бөлшегі қазақ елінің тұтастығы мен бірлігін сипаттайды, деп хабарлайды Хабар арнасы.

Қазақ қызының қолынан шыққан 2 метрлік сәукеле рекордтар кітабына енгізілді

Маңдай тұсы Қазақстандағы ынтымағы жарасқан 100-ден аса ұлт өкілінің береке-бірлігін суреттейтін 140 маржан моншақтармен безендіріліп, Астана қаласының 16 жылдығына сәйкес, 16 түрлі ұлттық нақыштармен, көзмоншақтармен айшықталған.

"Бұл бас киімді жасау үшін көп еңбек еттік. Университеттің жанында алаң бар. Сол жерде күні-түні отырып, тігетінбіз. Сәукелеге қажетті барлық затты өз қаражаттарымызға алдық", - дейді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенті Айнұр Айман.

Көлемі жағынан ғаламат үлкен ғажайып бас киімді дайындауға 20 күн уақыт кетіпті. Сәукеле бастан-аяқ қолдан тігілген.

NUR.KZ  Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323697.html