ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН МӘСЕЛЕЛЕРІ

(Жалғасы. Басы өткен санда)

d188d18bd293d18bd181-d182d2afd180d0bad196d181d182d0b0d0bd2

 

Ең алдымен, шетелдерден Исламшылдық және түрікшілдік идеясының келуіне тиым салуды ортаға қойды. Өлкелік үкімет бұйрық түсіріп Түркия қатарлы мемлекеттердің адамдарының дін уағыздау деген атпен немесе басқа атпен дінни топтар құруына қатаң тим салды. Мысалы, жергілікті жерлерде дұңғандарды көтеріліс жасауға ұйымдастырғандарды жергілікті мәнсаптылар тексеріп анықтаған заман шекарадан қуып шықты. Сонымен бірге жер-жердегі мұсылмандпр мешітін басқаруды күшейтіп, Түркия қатарлы мемлекеттердің адамдарын оқтушы немесе ахұн етуге қатаң тим салды.Тиым салу бұйрығына қарсы шығып, шетелдіктерді діни ұстаз еткендер қатаң жазаланды.

 

Екіншіден, қажыға баруға шек қойылды. Тарихта Шынжаңдағы мұсылмандар негізінен жақын маңдағы қастерлі адамның қабіріне барып табынатын діни әдеті бар еді. Исламшылдық және түрікшілдік идеясының таралуына байланысты қажыға баратындар күн сайын көбейе түсті. 1917 жылдың алды-артына дейін, Шынжаң мұсылмандарынан қажыға барғандардың саны бірнеше он мыңнан асты. Осынша мол адамның шетелге баруы шетелдегі Исламшылдық және түрікшілдік идеясын Шынжаңға молынан әкеле бастаған еді. Исламшылдық және түрікшілдік идеясының Шынжаңда таралуына тиым салу үшін өлкелік үкімет жыл сайын қажыға баратындардың санына шектеме қойды. 1917 жылы наурызда қауіпсіздікке кепілдік ету деген атпен қажыға баратын шекараны жапты. Өлкелік үкімет: «Бұдан былай Қытайдан қажыға баратын дұңғандар мен ұйғырларға төлқұжат беру бір тұтас тоқтатылды. Қауіптің алдын алу үшін олар қажыға жіберілмейді» деген бұйрық шығарды. Осы тиым салу бұйрығы он жыл атқарылды. 1927 жылы күшінен қалдырылып, қажыға баруға рұқсат етілгенде де көптеген шектемеге ұшырап отырды.

 Қытайдағы мұсылманшылықты шектеу шаралары сөз болғанда 1939 жылы 15 тамызда Мысырда өткен ислам бауырластық кеңесінде оқылған «Түркістан туралы» лекциясында Абдулазиз Шыңғысхан: «Қытай үкіметі бұл түрік мұсылмандары арасында ұлттық дәстүр, исламдық салтты жою үшін әр түрлі шаралар іздестірді. Түрік исламдарына қатысты көне ескерткіштерді қоймады. Халықтардың отбасылық тұрмысына да араласты. Оларды қытайландыру, мәжусилендіру жоспарын құрды. Ешқандай бастауыш не болмаса орта мектеп секілді мектеп орындарын ашуға тиым салынып, оған батылдары барғандары түрлі азаптарға ұшырады. Түркістан Қытай қолына өткеннен бері Түркістанның еш жерінде мектеп ашуға, не басылымдар шығаруға, тіпті діни кітаптар басуға мүмкіндік бермеді. Түркістанда саяси, не әдеби, я болмаса басшылық ететін протекторат орыны ашуға қатаң тиым салынды. Түркістандықтар үкіметте кішкентай да бір қамқорлық көріп, қызметке тұра алмас еді. Қытайларда адамды ұру, соғу, қамау, аяқ-қолын кесу, көзін шығару, отқа күйдіру, денесіне ыстық май шашу секілді қинаулар ең кішкене жазалар қатарында саналар еді. Мәжусилендірмек мақсатымен жас балаларды қытай мектептеріне жіберіп, Кунфуци бейнесіне шоқынуға, табынуға мәжбүр етті... Түрік қыздарын кәпір қытайлармен үйлендірмек үшін қарар қылынды...»-дегендерді айтқан еді.(«Қазақ ұлт азаттық қозғалысы» 8 том, 47 бет. «Астана полиграфия» АҚ, Астана 2008).

Шынжаң жақтың қытай билеушілері Исламшылдық және түрікшілдік идеясының таралуын түрлі шаралармен барынша тосуға тырысса да, ол ішкі қайшылықты басу түгілі мұсылман халықтардың қытайларға деген ыза-кегін өршіте түсті. Исламшылдық және түрікшілдік идеясы кеңінен таралып, «Ұлтты қорғау, қытай отаршылдарына қарсы тұру» деген ұрандар мен ұлт тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Ислам Республикасын құру қуаттамасы жоғары өреге көтерілді. Шығыс Түркістан идеяысының қалыптасуына негіз қаланды. Жиырма жылға созылған уақыт шамасында Мәсхұт Сабыр, Мұхамет Емен, Сабит Дамолда қатарлыларды басшылыққа алған исламшылдық пен түрікшілдік туын көтерген мұсылман топтарының саяси және қарулы күштерін қалыптастырды. Олар Шынжаңдық өкімет пен жергілікті әкімшілдікті шеңгеліне ұстап отырған қытай отаршылдарына қарсы тұрып, ұлт тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Шынжаңды азат ету көзқарасында болды. Осы арқылы түркі ұлттарын тұлға еткен ислам мемлекетін құруды көздеді.

 

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ

 

ХХ ғасырдың 30 жылдарының бас шенінде, Шынжаңда түрлі қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп, жер-жерде милитарист Жин Шуріннің үстемдігіне қарсы күрес басталды. Әсіресе билік тізгінін қолына алған қытайлық басқару жүйесі мұсылман ұлттары қоныстанған байтақ жерге сұғынып кіріп қана қоймай, олардың салт-сана, тұрмыс-тіршілігіне жат келетін өрескелдіктер өрши түсті. Салық ауырлап, халықтың күн көрісі қиынға соқты. Қарсы келгендерге аяусыз өлім жазасы бұйырылды. Гансудағы милитарист Ма Жұңчиң осы орайдан пайдаланып Шынжаңға жорық жасады. Соғыс аласапырандығы Шынжаңның қоғамдық шаруашылығын шайқалтты.

1933 жылы қаңтарда Янжи дұңғандарының басшысы Ма Жиянсың Күшәрдің шабарман басы Темірмен бірілесіп Күшәрда көтеріліс жасап, ақпанның соңында Ақсуды басып алып, оңтүстік Шынжаңның астанасы Қашқарға төнді. Сонымен егіншілер мен Қарақаш алтын рудасы жұмысшылары арт-артынан көтеріліс жасап, Есмархан қожаның басшылығында аудан қаласын басып алып, маңызды қалашық Яаркенді қоршауға алды. Қытай билігіндегі өлкелік үкіметтің оңтүстік Шынжаңдағы үстемдігін ырықсыз күйге түсірді.

Оңтүстік Шынжаңның жер-жеріндегі көтерілістер қытай әкім­шілігін шайқалтып, қарулы күреске ұласты. Көтерілісшілер “ дін исламның жолында өлсек шайтпіз, тірі қалсақ қазымыз” деген ұрандар көтеріп, “Соғыста өліп кетсек, дін жолында шайт болғанымыз, егер жанымыз тірі қалатын болса бағындырушы қаһарман болғанымыз” деп жаназаларын оқытып, жаппай соғысқа аттанды.

Дербес Ислам әкимиятын құрғанда ғана көне түзімді жойып, кәпірлердің үстемдігі мен езгісінен құтылып, өзімізді азат ету тағдырымызды дербес Ислам Республикасын құрумен ғана шеше аламыз деп есептеді.

Сол жылдар Хотанда құрылған Ұлттық төңкерістік комитет пен Қашқарда құрылған Жас Қашқар партиясы бұл күрестерге жетекшілік етті.

Мақсаты: Компартияға, қытай­ларға қарсы тұру, Шынжаңда Ислам діні билігіндегі мемлекет құру еді. Сонымен олар Мұхамет Емен мен Сәбит Дамолданың басшылығында Исламшылдық және түрікшілдік уағызын кеңінен жүргізіп, Ислам дінінің бөгде дін үмбеттеріне “Қазауат” жүргізуін нәсиқаттады. Қытайлық үкіметтің халықтың діни еркіндігіне қысым жасуы халықтың кегін қозғаған еді. Мұсылман жұртшылығы көтеріліске жаппай үн қосты. Көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін олар бұрынғы ұйым негізінде әкімшілік орган құрып, дербес мемлекет құруға белсене кірісті.

Сөйтіп, 1933 жылы 12 қараша күні Шығыс Түркістан Ислам Республикасы Қашқарда ресми құрылды.

Сонан кейін үкіметің Ұйымдық программасын, Билік жүргізу програмасын және Негізгі заңын, Үкімет құрамындағылардың есімін жарялады. Ұйымдық программа жиыны отыз тармақ болып, оның екінші тармағында былай деп жарияланды: «Шығыс Түркістан мәңгілік демократиялық Республика, Нанжиң үкіметінің және Халқаралық одақтың оған қолайлылық жасауын өтініш етеміз, халыққа қолбасы етіп, ортақ күш салып, ең соңғы мақсатқа жету жолында мәңгі тәуелсіз болуын тілейміз». Орталық үкімет, ел басы, мемлекет кеңесі және минстрлерден құрам тапты. Қожанияз ел басы болуға, Сәбит Дамолда үкіметті басқаруға ұсыныс етілді. Қалған министрлер мен ұлттық паламенттің бас хатшысы қатарлы маңызды міндеттерге көбінесе Хотан ұлттық төңкерістік комитетінің басшылық құрамындағылар немесе жоғары жіктегілер тағайындалды. Мұқамет Емен ұлттық төңкерістік комитеттің басшылық құқын әлі де мықты игерді әрі екі інісімен бірге Хотан, Яркен, Иңсар қатарлы үш жерді бөлек-бөлек өз уысына ұстады.

Сол кездегі адамдар оны ең бай, ең ықпалды адам деп атады. Оның негізгі заңында былай деп белгіленген: Ислам діні заңы Қытайдың ұлттық мемлекетінің заң-түзімінің орнын басады. Ақшулан астары бар ақ жұлдызды ту мемлекет туы болады. Үкімет Англия, Үндістан, Ауғанстан, Иран қатарлы мемлекеттерге адам жіберіп дипломатиялық байланыс орната бастады. Дипломатиялық жақта мойындауды талап етті. Әрі Англияның Қашқарда тұратын консулы мен Түркиядан келген әскери әкімшілік қайраткерлері арқылы осы екі елден көмек сұрады. Қашқар мен Хотанда Шығыс Түркістан Ислам Республикасының банк ақшасын таратты, «Шығыс Түркістан апталығы», «Дербестік журналы», «Бостандық журналы», «Тіршілік жетілігі» қатарлы газет- журналдарды баспадан шығарды(«Жұңго Шынжаңның тарихы және қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 254-255 бет).

 

Шет елдердің Шығыс Түркістан Ислам Республикасына араласуы

 

Шығыс Түркістан Ислам Республикасы шетелдегі күштердің қолдауы мен көмегіне ие болғанда ғана өздерінің өміршең күшке ие бала алатындығын әбден білді. Республика құрылғаннан кейін ең алдымен Англиядан көмек сұрады. Бір жағынан Англияның Қашқарда тұратын консулындағы енді ғана тағайындалған Тамос Гелоф полковникпен тілдесті. Осы кісінің жолдаған баяндамасында: “Жаңа құрылған әрі күрес жүргізіп отырған респубыликаға іс жүзіндік тілектестік білдіруді және көмек беруді” ұсыныс етті. Енді бір жағынан еріктілер үйір­месін жіберіп көмек беруді талап етті. 1934 жылы ақпанда өкілдер үйірмесі Делиге келіп, Англия жақтың Қашқарда тұратын бас консуының баяндамасын мұқият талқылады.

Сол кезде Жапония Қытайдың шығыс солтүстігіндегі үш өлкесін жаулап алып, «Манжурия мемлекеті» аталған дербес ел құрғандығын жарилап жатқан еді. Америка, Англия қатарлы мемлекеттер өзінің Қытайдағы мүддесін қорғау үшін “Манжурия оқиғасын” мойындамау сынды саясат жүргізді. Қытай үкіметімен болған байланыс қатынасты қорғау және күшейту, Англияның осы кездегі қир шығыс саясатының құрамдас бөлігіне айналды. Тәуелсіздікті мойындап Шығыс Түркістан Ислам Республикасын қолдау, Қытай үкіметімен болған қатынасына зиян салатынын жақсы білді. Мұнан тыс Англия Үндістан үкіметтері таяу заманнан бергі Англия мен Ресейдің орта Азия мен Шынжаңға таласу саясатын ескеріп, Қожанияздың Кеңес одағының қызметкерлерімен астыртын араласқан ісіне сақтықпен қарады. Сондықтан Англия, Үндістан үкіметтері: «Қазіргі кезеңде Қытай Нанжиң үкіметінің Шынжаңға иелік ұқық жүрізуін ғана мойындаймыз»-деген позицияда болды. Бұл саясат Англияның Қашқарда тұратын бас консулына дереу жеткізілді. Сонымен бірге Англия, Үндістан үкіметтері Шығыс Түркістан Ислам Республикасы үйірмесінің ол елдерге сапарлай баруына қосылмады. Бұл жаңа Республиканы басқа мемлекеттер ашық моиындауға батылдық ете алмай, астыртын көмек беріп, «әліптің» артын бақты. Тек Ауғанстан мемлекетінің енді ғана таққа шыққан үкімет бастығы Сабыр.С. Шығыс Түркістан Ислам Республикасына ашық тілектестік білдірді және оны қолдады. Бірінші болып Шығыс Түркістан Ислам Республикасының тәуелсіз ел ретінде мойындағанын білдіріп, жаңа өкіметке арнайы құттықтау телеграммасын жолдады. Онан соң Шығыс Түркістан Ислам Республикасының елшілер үйірмесін қабылдаған кезде, ақы алып қару-жарақ беруге мақұл болды әрі Қашқарға саяси өкіл жіберді.

 Жаңа респубыликаның шетелден көмек сұрау ісі көп жағдайда тұйыққа тірелсе де, шетелдегі исламшыл және түрікшіл топтар мен қытай мемлекетінің мүддесіне қарсы күштер астыртын араласып тұрды. Шығыс Түркістан Ислам Республикасының елшілер үйірмесі Германияның Ауғанстанда тұратын елшіханасының қабылдауында болып, олармен құпия келіссөз өткізді. Қытайдың шығыс солтүстігін жаулап алған Жапония өзінің «Манжурия мемлекетін» құруына сәйкесіп, мұсылман ұлттарының Шынжаңды бөліп алуына барынша тілектестік білдірді. Сөйтіп әтеш бейнесіндегі қытай картасының басы мен құйрығын қырқып алуды өз ұпайының жеңісі есептеді.

Шығыс Түркістан Ислам Респуб­ликасының дербестік жариялауымен оны халықарадағы күштердің қолдап-қуаттауы, Германия, Жапония, Англия, Ауғанстан елдерінің оларға жақтас бола бастауы Кеңес одағының назарын аударды. Әсіресе өзімен көршілес отырған Қытайдың шығысы мен батыс солтүстігінен айрылуы, оның Германия мен Жапонияның ықпалына өтуі өзінің батыстағы және шығыстағы териториясына қатер төндіреді деп қарады. Қасқырдың қой шетіне келгеніндей ішкі үрей тудырды. Екінші жағынан қытай мемлекетінің тағдыры таласқа түсіп, Қытайдағы коммунистік топтар мен мемлекетке иелік еткен гоминдаңдықтардың ішкі алауыздығы асқынып, олардың жеріне сырт күштер қызығушылық танытып отырған жағдайда, жанындағы «май шелпектен» айрылып қалу кеңестіктердің әлсіздігі де саналар еді. Кеңес Одағы Шығыс Түркістан Ислам Республикасы мен Қытай мемлекетінің ішкі жағдайын ескеріп, Қытай жағына: «Егер Қытай Шынжаңды өз уысына ұстаса біз оны тектемейміз. Егер оның Манжурияға ұқсас бөлініп кететініне жол берсе қарап тұра алмаймыз, өзімізді қорғау мақсатымызда қару көтеруімізге тура келеді» дегенді ескертті. Осы кезде Кеңес Одағының кейбір газеттері: «Егер Жапония Шынжаңды отарлау мақсатына жететін болса уаккулан байлығы Жапония аэропландарының бомбылауына ұшырайды» деп ашық жазды(«Жұңго Шынжаңның тарихы және қазіргі жағдайы», Шынжаң халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 259 бет).

 (Жалғасы келесі санда)

 

Жәди Шәкен