666 миллион теңге жымқырған бухгалтер!!!
2014 ж. 25 шілде
1991
2
Шахмардан Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің 3 бухгалтері және олардың жетекшісі оқу орнына тиесілі 666 млн 920 мың теңгені жымқырғаны үшін сотталды деп жазады Қазақпарат.
"Топ жетекшісі Земфира Қаратаева қылмыстық кодекстің 176 бабы 4 тармағы "Б" тармақшасы бойынша, сонымен бірге аталған кодекстің 193 бабы 3 тармағы "В" тармақшасы және 325 бабы 2 тармағы бойынша айыпты деп танылды. Қаратаева 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, қаржы және бухгалтерлік қызметтен 3 жылға шеттетілді. Ол сот залында қамауға алынды", - деді №1 Ақтау қалалық сотының судьясы Галина Айжарықова.
Бухгалтер Күнсұлу Тілепова да осы баптар бойынша айыпты деп танылды. Ол да жазасын жетекшісі сияқты өтейтін болды. Балсұлу Сүлейменова және Маржан Юсупова да сол баптар бойынша айыпты деп танылды. Олар 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленіп, қаржы және бухгалтерлік қызметтен 3 жылға шеттетілді. Олар да сот залында қамауға алынды.
4 бухгалтердің де кінәсі дәлелденді. Олар ЖОО ақшасын өзге шоттарға аударып, кейін өзге тұлғалар оны шоттан алып заңдастырған. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.