Жарты миллиард теңге өзен маңайын абаттандыруға жетпей қалды...
2014 ж. 24 шілде
1329
0
Осыдан төрт жыл бұрын жергілікті билік шахар ортасындағы өзен маңайын абаттандыру жобасын таныстырған болатын. 600 млн теңге жұмсалады деп жоспарланған болатын. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
![]() |
|
Фото: megapolis.kz |
Бірақ, бұл жоба сол күйі аяқсыз қалған. Cебебі ақшаны ұқсата алмаған шенеуніктер енді тағы қазынаға қарап, алақан жайып отыр. Батпақтың қолқаны қабатын иісінен жұрт өзенді аты Поганка деп атап кеткен. Бірнеше жыл бұрын шенеуніктер өзенді абаттандыруды қолға алған болатын. Астына бетон төгіп, жағалауын қамыстан тазартты. Бірақ, бастаған істерін аяғына жеткізген жоқ. Бір кездері бұл жерде мөп-мөлдір су ағып, қаланың ең көрікті жеріне айналады деп уәде берген шенеуніктер бөлінген 600 млн теңгені жұмсап қойып, енді тағы да қаржы керек деп ауыз ашып отыр. Қазір бұл жерде шалшық судан шыққан иістен қыдыру түгілі, тыныстау мүмкін емес. Дәл осы өзеннің үстінен өтетін көпірдің асты егеуқұйрықтардың мекені болып кетті қазір. Үлкендігі кішігірім қояндай болатын кеміргіштер енді өткен-кеткеннің жүрегін ұшыратын болған. Олармен бірге Поганканың маңайы қаңғыбастардың сүйікті орнына айналып барады.
Жобаны бастап, аяқтай алмай отырған жергілікті биліктегілер Үкіметтен тағы 300 млн теңге сұрап отыр.
