Тайваньда ұшақ апатынан 51 адам қаза тапты!..

Тайваньның оңтүстігінде жергілікті TransAsia Airways компаниясының ATR-72 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонып, 51 адам қаза тапты, 7 адам жараланды.

1017237204

Тайвань көлік және коммуникация министрі Йе Куан-шидің хабарлауынша, ұшақта 54 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған.

Каосюн қаласынан Пэнхуге ұшып келген ұшақ қонарда өртеніп кеткен. Апат себебі анықталып жатыр.

Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынған мәліметтерге қарағанда, ұшақ Transasia Airways компаниясына тиесілі болған.