Boeing жолаушыларының мүрдесі тиелген пойыз Донецкке келді...

"Тореза қаласынан шыққан пойыз Донецк қаласына келіп жетті", - деп хабарлайды өздерін "Донецк халық республикасы" ретінде жариялаған елдің баспасөз қызметі деп жазады Baq.kz.

Boeing жолаушыларының мүрдесі тиелген пойыз Донецкке келді
Фото: Getty Images/Fotobank.ru

Boeing 777 ұшағы құлаған маңға жақын жерде орналасқан Тореза қаласынан шыққан жолаушылардың денелері тиелген пойыз Донецк қаласына келіп жетті.

Бұл жерде оларды малайзиялық сарапшылар қарап, қабылдап, одан әрі Харьковте зерттейтін болады.

"Өйткені, қазаға ұшыраған жандардың туыстары осы Харьков қаласына келуі мүмкін" - делінген хабарламада.