Денеден тыс ұрықтандыру тәсілі арқылы дүниеге келген сәбилер
2014 ж. 21 шілде
5270
0
Маусымның 18-і күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков «Нұрай» ЭКО клиника медицина орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Алматы қаласындағы «Нұрай» денеден тысұрықтандыру клиникасы ашылған сәттен бастап, көптеген ерлі-зайыпты жұптардың бала сүю бақытына себепші болып келеді. "Нұрай" медициналық орталығы 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жоғары сапада қызмет етіп келе жатқан заманауи технологиялармен жабдықталған лабораториясы бар медицина орталығы болып есептеледі. Аталмыш медицина орталығында бедеулікті емдеудің түрлі жолдары қарастырылған.
Бұл кездесудің мақсаты - медицина орталығының жұмыс істеу сапасымен танысып, қолжеткізген табыстарына көзжеткізу еді.
Кездесу барысында орталықтың материалдық базаменжабдықталуы, ерлі-зайыптылар арасындағы бедеулік мәселесі, денеден тыс ұрықтандыру (ЭКО) арқылы дүниеге келген балалардың жағдайы кеңінен сөз болды. Бұл әдіс арқылы (халықта мұны «шыныда өсіру» деп те атайды) жүкті болу жағдайлары және басқа да көптеген жайлар жөнінде клиниканың басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Қырғызбайқызы әңгімелеп берді.
Жазылбековтің айтуынша, халық арасында, әсіресе, жастарда бедеулік мәселесі көптеп кездесуде. «Мұны емдейтін медициналық аппараттардың көбісі шетелден әкелінеді. Сонымен қоса, қазіргі күні медициналық қызметтердiң сапасының төмендігі, медицина кадрларын даярлау сапасының жеткiлiксiздiгi мен халыққа дәрiлiк заттардың қолжетiмсіздiгi, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту, т.б. медицина саласында проблемаға айналып отыр. Күзде заң жобасы қайта қаралады. Сол кезде осы проблемалардың бәрі жан-жақты талқыланатын болады» - деді депутат.
"Жалпы дүниежүзінде денеден тыс ұрықтандыру тәсілімен миллионнан астам бала дүниеге келді. Ал «Нұрай» денеден тыс ұрықтандыру клиникасында балалар қараша-желтоқсан айларында дүниеге келеді, себебі , біздің денеден тыс ұрықтандыру бағдарламаларымыз наурыз-сәуір айларын қамтиды. Бүгінгі күні бізге келген әрбір үшінші жұп жүкті болып отыр, яғни пайыздық көрсеткіші - 34%, бұл дегеніміз - халықаралық көрсеткіштен төмен емес. Денеден тыс ұрықтандыру (жатырға ұрық салу) әдісі арқылы еркек пен әйелдерді бедеуліктен құтқарып, нәресте сүйдіріп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Алдымызға келген әр адамды жан-жақты қарап, тексеріп, емдеп, өзі босанатындай жағдай жасауға тырысамыз. Тек өзінің бала сүю мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана денеден тыс ұрықтандыру (ЭКО) әдісіне көшеміз - дейді орталық директоры, медицина ғылымдырының кандидаты Нұржан Қырғызбайқызы Айсабаева.